KazBar Гонконгтың заң қоғамдастығымен ынтымақтастықты нығайтуда
26.08.2026
26 тамызда Палата өкілдері Алматы қаласында Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Әділет департаменті мен Hong Kong Trade Development Council (HKTDC) бірлесіп ұйымдастырған Collaborate2Win халықаралық семинарына қатысты.
Біз үшін бұл іс-шараға қатысу Қазақстан мен Гонконг арасындағы қарқынды дамып келе жатқан инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық аясында Гонконгпен тікелей кәсіби байланыстарды одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
Соңғы айларда бұл бағыт мемлекеттік деңгейде айтарлықтай серпін алды. 2026 жылғы маусымда Астана қаласында Қазақстан басшылығы Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен, сондай-ақ Гонконг пен Қытайдың құрлықтық бөлігінің іскерлік қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Сапар аясында қаржы, сауда, инвестициялар, технологиялар және инновациялар салаларын қамтитын 4 үкіметаралық меморандум және 42 коммерциялық келісім мен меморандумға қол қойылды.
Осы кең ауқымды ынтымақтастық аясында біз Collaborate2Win іс-шарасына қатысуды болашақ трансшекаралық инвестициялар мен іскерлік жобаларды құқықтық сүйемелдеуге қажетті кәсіби инфрақұрылымды дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.
Іс-шара барысында біз Гонконгтың Әділет министрімен бастаған Гонконг делегациясымен, сондай-ақ заң фирмалары мен кәсіби ұйымдардың өкілдерімен кездестік.
Біз Гонконгтың халықаралық бизнеске ұсынатын мүмкіндіктерімен — инвестициялық және қаржылық құралдардан бастап трансшекаралық дауларды шешу тетіктері мен халықаралық арбитражға дейін, соның ішінде Hong Kong International Arbitration Centre (HKIAC) ұсынатын мүмкіндіктермен таныстық.
Іс-шараның біз үшін ерекше құнды нәтижелерінің бірі — Гонконгта қызмет атқаратын заң фирмаларының әріптестерімен тікелей байланыс орнату болды. Біз трансшекаралық мәмілелер мен халықаралық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді қоса алғанда, одан әрі кәсіби ынтымақтастық туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткіздік.
KazBar үшін кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі — Law Society of Hong Kong ұйымымен ынтымақтастық туралы Меморандумға жақын арада қол қою жөніндегі уағдаластық болды.
Меморандум екі юрисдикцияның заң қоғамдастықтары арасындағы жүйелі ынтымақтастықтың негізіне айналады деп күтеміз. Ынтымақтастық заңгерлерге өзара қолдау көрсету, кәсіби тәжірибе мен білім алмасу, бірлескен білім беру бастамаларын дамыту, сондай-ақ трансшекаралық мәмілелер мен халықаралық істерді сүйемелдеу бағыттарын қамтиды.
Біз үшін мемлекетаралық және экономикалық байланыстардың кәсіби қоғамдастықтар деңгейінде де одан әрі жалғасын табуы аса маңызды.
KazBar Қазақстан, Гонконг және Азия нарықтары арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың кеңеюі жағдайында халықаралық серіктестікті нығайтуды және қазақстандық заңгерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды жалғастырады.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Сұрағыңызды тікелей қойыңыз — біз қуана жауап береміз.
1. Палатаға мүшелікке өту үшін қандай құжаттар қажет?
Мүшелікке қабылдануға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» батырмасында қолжетімді.
2. KazBar мүшесі кім бола алады?
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлға KazBar Палатасына мүше бола алады. Негізгі талаптарға жоғары заңгерлік білімнің болуы, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілі және аттестаттаудан сәтті өту жатады. Талаптардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» бөлімінде орналастырылған
3. Өтініш қанша уақытта қаралады?
Құжаттар толық көлемде ұсынылған және кандидат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 14 күнтізбелік күннен аспайды.
4. Мүшелік жарнаның мөлшері қандай?
Мүшелік жарналардың өзекті мөлшерімен «Мүшелік» → «Мүшелік жарналар» бөлімінде таныса аласыз.
5. Палата мүшесі болмай-ақ оқыту іс-шараларына қатыса аламын ба?
Палатаның білім беру іс-шаралары тек KazBar мүшелеріне арналған. Палатаға мүше болғаннан кейін Сіз семинарларға және өзге де білім беру іс-шараларына қатыса аласыз, сондай-ақ серіктестеріміздің арнайы ұсыныстарын, оның ішінде шетелдегі оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларды пайдалана аласыз. Жаңалықтарымызды қадағалаңыз!