«Заңгерлік кәсіптің өзін-өзі реттеуі: қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері» атты халықаралық онлайн-конференцияға шақыру 2023 жылғы 28 сәуір (Zoom)

18.04.2023

2018 жылғы 5 шілдеде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР жаңа заңы қабылданып, ол бойынша елімізде адвокаттар алқасына мүше емес заң консультанттарын Палаталарға біріктіретін жаңа заң институты енгізілді. Осы ҚР Заңында заң көмегі мен заң қызметтерін көрсететін екі институт – адвокаттардың және заң консультанттарының қатар жұмыс істеуі қарастырылған. Өзін-өзі реттейтін осы кәсіби ұйымдарға заңгерлердің міндетті мүшелігіне негізделген көптеген Заң консультанттары палаталары енгізілді.
Заң консультанттарының қызметін реттеу аса маңызды және керек екенін атап өткеніміз жөн.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы адвокаттардың саны шамамен 6 мың адам болса, заң фирмаларының, жеке машықтанатын және корпоративтік заңгерлердің саны 10 мың адамнан асады, ал еліміздегі жоғары заң білімін алған және заңгер дипломы бар азаматтардың саны 400,000 адамнан асады.
Бұл статистика мәліметі заң қызметтері нарығына жаңа құқық институты – заң консультанттары палаталары қызметінің іргелі қағидаттары мен тәртібін бекіткен бейінді заңның негізінде тиімді өзін-өзі реттеудің қажет екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, заңгерлер қоғамдастығы тап болған проблемалардың бірі – осы кәсіп өкілдеріне мемлекет тарапынан ықпал етудің реттеушілік және әкімшілік тетіктері барған сайын күшейіп келеді және бұл кәсіби қоғамдастықтың өзін-өзі реттеу негізінде дамуына септеспейді. Заң консультанттары палаталарының өзінің қызметінде де зерделеу мен талдауды қажет ететін проблема көп.
Қазіргі өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу мақсатында «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары палатасы 2023 жылғы 28 сәуірде LAWASIA қауымдастығы мен Chendgu Bar Association ұйымымен бірлесе отырып ZOOM платформасында: «Заң мамандығының өзін-өзі басқаруы: қазіргі заманның жаңа сын-қатері» халықаралық онлайн конференциясын ұйымдастырып отыр.
Заңгерлер қоғамдастығының өкілдерін осы конференцияға қатысуға шақырамыз!
Конференцияның жұмыс тілдері орыс, ағылшын тілдері.
Синхронды аударма қарастырылған.
Конференцияға ТІРКЕЛУГЕ сілтемеhttps://forms.office.com/r/qvW758kkdb (Тіркеу Астана уақытымен 27.04.2023 жылғы сағат 18:00 дейін күшінде болады).
Тіркеуден өткеннен кейін Сіз конференцияның Zoom егжей-тегжейіне сілтеме аласыз!!!
Конференция БАҒДАРЛАМАСЫНА сілтеме: https://kazbar-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/a_koishibayeva_kazbar_org_kz/EvssTjX9oxJImFKWSMWBU6oBg81pxhnFtUPkVA_4g_QjuQ?e=RLWwEp
Конференцияға қатысуыңызды күтеміз!
Құрметпен,
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттары палатасы

Сұрақтарға жауаптар

Сұрақтарыңыз қалды ма? Сұрағыңызды тікелей қойыңыз — біз қуана жауап береміз.

1. Палатаға мүшелікке өту үшін қандай құжаттар қажет?

Мүшелікке қабылдануға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» батырмасында қолжетімді.

2. KazBar мүшесі кім бола алады?

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлға KazBar Палатасына мүше бола алады. Негізгі талаптарға жоғары заңгерлік білімнің болуы, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілі және аттестаттаудан сәтті өту жатады. Талаптардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» бөлімінде орналастырылған

3. Өтініш қанша уақытта қаралады?

Құжаттар толық көлемде ұсынылған және кандидат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 14 күнтізбелік күннен аспайды.

4. Мүшелік жарнаның мөлшері қандай?

Мүшелік жарналардың өзекті мөлшерімен «Мүшелік» → «Мүшелік жарналар» бөлімінде таныса аласыз.

5. Палата мүшесі болмай-ақ оқыту іс-шараларына қатыса аламын ба?

Палатаның білім беру іс-шаралары тек KazBar мүшелеріне арналған. Палатаға мүше болғаннан кейін Сіз семинарларға және өзге де білім беру іс-шараларына қатыса аласыз, сондай-ақ серіктестеріміздің арнайы ұсыныстарын, оның ішінде шетелдегі оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларды пайдалана аласыз. Жаңалықтарымызды қадағалаңыз!

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.