«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары палатасы (бұдан әрі – KazBar Палатасы) Төрағасының Ү Н Д Е У І
26.12.2023
2023 жылғы 26 желтоқсан
Құрметті KazBar Палатасының мүшелері!
Осы Үндеу арқылы бейінді нормативтік құқықтық акт – «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – «Заң») нормаларының, Палата Жарғысының, Кәсіби әдеп кодексінің және KazBar Палатасының басқа да ішкі актілерінің талаптарын сақтау қажет екенін естеріңізге салғымыз келеді.
Сондықтан 2024 жылғы 20 ақпанға дейін келесі ақпаратты ұсынуларыңызды өтінеміз.
Заңның 76-бабы 4-тармағының 13-тармақшасы бойынша заң консультанты тұрақты негізде өзінің біліктілігін арттырып отыруға міндетті.
2023 жыл бойынша әдеп және кәсіпқойлық, дағдылар, заң қызметі менеджменті, сондай-ақ кәсіби тәжірибе салаларындағы заң білімі курстарынан немесе бағдарламалардан өту туралы қолда бар бүкіл ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Осы курстар мен бағдарламаларға қойылатын толығырақ талаптарды KazBar Палатасының Біліктілікті арттыру стандартының 5.3.4. – п.5.3.8 тармақтарынан қараңыз.
Бұл ақпаратты беру үшін 2023 жыл бойынша БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БЕРУ НЫСАНЫН толтырып, тиісті материалдарды бізге chamber@kazbar.org.kz e-mail бойынша жіберуді сұраймыз.
Егер Сіз Біліктілікті арттыру стандартының 4.4.2-тармақшасы бойынша KazBar Палатасының үздіксіз заң білімін беру бағдарламасының талаптарынан және ол туралы ақпарат беруден босатылған заңгерлер санатына жатсаңыз, бұл өтінішті елемеуді сұраймыз.
Заңның 77-бабының 1-тармағы бойынша: «Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес».Сондай-ақ, Заңның 92-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы бойынша Палатаның Тізілімінде заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер болуға тиіс.
Осыған орай бұл ақпаратты Сақтандыру бойынша бірыңғай тізілімге енгізу үшін сақтандыру шартын ұсынуды сұраймыз.
Сақтандыру компаниясын таңдау, сөзсіз, Сіздің құқығыңыз. Дегенмен мына төмендегі сақтандыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды сұраймыз.
| Nomad Insurance |
|---|
| Есетов Тимур ЕМС ТМС және ҚЖС бөлімінің бастығы ҚР, Алматы қаласы, 050012 Төле би көшесі, 101, «Төле Би» БО тел.: +7 (727) 3 212 000, ішкі 1113 mob.: +7 (775) 26 111 55 e-mail: e.timur@icn.kz |
| Centras Insurance |
| Серіктестік қатынастарды дамыту департаменті «VERUM» БО, Мыңбаев көшесі 151, Алматы қаласы A15M3X5, Қазақстан Республикасы Тел.: (727) 330 76 99 (ішкі 2320) Моб. (WhatsApp): ++7 701 991 0957 (Жания, Анастасия), +7 777 511 1593 (Вероника) CENTRAS INSURANCE ЖАҢАЛЫҒЫ! Құрметті заң консультанттары! Осы жылдан бастап Сіздерде заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарттарын онлайн режимінде https://kupipolis.kz/ru/prof-responsibility?ref=drpo сілтемесі арқылы жасауға мүмкіндік бар. Сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттар: 1. жеке куәлік 2. ЭЦҚ кілті (қол қою үшін) 3. кез келген банктің банк картасы (интернетте төлеуге ашық рұқсаты бар). Сақтандыру шартын жасау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1. Заң консультанты: интернет-ресурс беттеріндегі қажетті жолдарға қажетті деректерді енгізеді → ЭЦҚ қол қояды → сақтандыру сыйлықақысын төлейді. 2. Сақтандыру компаниясы: ЭЦҚ пайдаланып шартқа қол қояды (жұмыс уақытында) → тараптар қол қойған шартты заң консультанты көрсеткен электрондық пошта адресіне жібереді. Сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс деректері арқылы хабарласа аласыздар: Тел.: (727) 330 76 99 (ішкі 2316, 2320) Моб., WhatsApp: + 7 708 234 4650 (қазақша, орысша), +7 777 5111593 (орысша) |
*Бұл біздің ұсынысымыз ғана екенін назарға алуыңызды сұраймыз. Заң консультанты сақтандыру компаниясын өзі таңдауға құқылы.
Осыған байланысты, Сізден жаңа Шарт жасалғаннан кейін chamber@kazbar.org.kz e-mail адресіне оның келесі деректермелерін дереу хабарлауыңызды өтінеміз:
1. Сақтандырушы (сақтандыру компаниясының атауы);
2. Палата мүшесінің аты-жөні / заңды тұлғаның атауы (Палата мүшесінің жұмыс берушісі сақтандырушымен шарт жасасқан кезде көрсетілген);
3. Шарттың № мен күні;
4. Шарттың қолданылу мерзімі.
Шарт жасасуды және жоғарыда аталған деректемелерді бізге жіберуді кешеуілдетпеуді сұраймыз!
Түсіністік болатынына үміттенеміз және шарттың деректемелерін күтеміз!
Сақтандыру шартын жасасудың құны 10 000 теңгеден аспайды.
Заңның 76-бабы 3-тармағының 9-тармақшасы бойынша заң консультанты кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге құқылы, сондай-ақ KazBar Палатасының «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібі туралы» ережесінің 1.2-тармағы бойынша, Палатаға кіретін заң консультанттарының кешенді әлеуметтік заң көмегін (бұдан әрі – «КӘЗК») көрсетуі әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және оны заң консультанттары осы Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
КӘЗК көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты KazBar Палатасының «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібі туралы» ережесінен көре аласыз.
Осыған байланысты КӘЗК КӨРСЕТІЛУІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫН толтыруыңызды және оны бізге chamber@kazbar.org.kz e-mail адресіне жолдауыңызды сұраймыз.
Мүшелік жарнаны уақтылы төлеу Палатаға жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындауға, сондай-ақ Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы бекіткен бюджетте көзделген әкімшілік шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, Палата мүшелерінің мүшелік жарна төлеуіне байланысты мәселелер немен реттеледі.
Біріншіден, бұл бейіндік заңның талаптары. Айталық, Заңның 76-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес заң консультанты осы заңда белгіленген «жарналарды төлеуге» міндетті. Осылайша, мүшелік жарна төлеу Палатаның мүшесі үшін заңнамалық міндет болып табылады.
Бейіндік заңның 88-бабына сәйкес «жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс». Сондай-ақ бұл нормада «заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді» деп көрсетілген. Яғни, бейіндік заңда көзделген мүшелік жарналардың мөлшерін (15-75 АЕК), оларды төлеу шарттары мен тәртібін Палатаның өзі анықтайды.
Мүшелік жарнаның мөлшерін, оны төлеудің мерзімі мен тәртібін белгілеу Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының құзыретіне жатады (Палата Жарғысының 8-бабы 8.2-тармағының 8.2.16-тармақшасын қараңыз). 2022 жылғы 25 ақпанда Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімімен мүшелік жарнаның мөлшері 60,000 теңге болып белгіленді (2024 жылы – бұл 16,2 АЕК). Әрқайсымыз биылғы жылы мүшелік жарнаны дәл осы мөлшерде төлеуге тиіспіз.
Палата Жарғысының 6-бабының 6.4-тармағы бойынша «мүшелік жарналар жыл сайынғы негізде ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін біржолғы төлеммен төленеді». Жарғының бұл ережесі палатаның барлық мүшелері 2024 жылғы 20 ақпанға дейін мүшелік жарналарды бір төлеммен төлеуге міндетті деген тәртіпті белгілейді.
Сонымен қатар, Жарғыда белгілі бір қаржылық қиындыққа тап болған мүшелердің жарнаны траншпен төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін Палатаның мүшесі Палата Төрағасының атына мүшелік жарнаны траншпен төлеу мүмкіндігін беру туралы жазбаша өтініш беруі керек. Қазіргі уақытта Палатада мүшелік жарналарды тоқсан сайын, яғни төрт траншпен төлеу мүмкіндігін беру тәжірибесі қалыптасты, бірақ басқа нұсқалар да қарастырылуы мүмкін.
Осы жерде айта кететініні, бейіндік заңда және Палатаның Жарғысында мынадай ережелер қарастырылған, атап айтқанда: заң консультанттары жүктілігіне және бала тууына немесе үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңге; еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт кәсіби қызметті жүзеге асырмайтын заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Ауылдық жердегі елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын немесе кәсіптік жұмыс өтілі бір жылдан аз заң консультанттары белгіленген мөлшерлеменің 50% мөлшерінде мүшелік жарна төлейді.
Сонымен қатар, Жарғыға сәйкес, Палатадағы мүшелігін тоқтата тұрған заң консультанттары жылдық мүшелік жарнаның 1/10, яғни 6,000 теңге мөлшеріне мүшелік жарна төлейді.
Палатаның қауымдастырылған мүшелері белгіленген мөлшерлеменің 50% мөлшерінде жыл сайынғы мүшелік жарна төлеуге міндетті (Палата Жарғысының 6-бабының 6.3-тармағын қараңыз).
Жоғарыда айтылғанның негізінде Палатаның барлық мүшелерін бейіндік заңда және Палатаның Жарғысында көзделген жыл сайынғы мүшелік жарна төлеу бойынша міндетін орындауға шақырамын, яғни:
Бейіндік заңның және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес мүшелігін тоқтата тұрған Палатаның мүшелері 6,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2024 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс.
Кәсiптiк қызметін ауылдық елді мекенде жүзеге асыратын немесе кәсiптiк қызмет өтiлi бiр жылдан аз Палата мүшелерi белгiленген мөлшерлеменің 50%-ына тең 30,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2024 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс. Ол үшін олардың аталған жағдайды растайтын құжаттарды Палатаның Атқарушы органына ұсынуы қажет.
Мүшелік жарна төлеуден толық босатылуы мүмкін Палата мүшелері мүшелік жарна төлеуден босатуға негіз болуы мүмкін жағдайды растайтын құжаттарды 2024 жылғы 20 ақпанға дейін ұсынуға тиіс.
Палатаның қауымдастырылған мүшелері 30,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2024 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс.
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ, ЖҰМЫС ОРНЫ, ЖЕКЕ КУӘЛІГІ, ЭЛ. ПОШТА АДРЕСІ, ТЕЛЕФОН НӨМІРІ ЖӘНЕ Т.Б. ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ӨЗГЕРГЕНІ ТУРАЛЫ ДҰРЫС АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ.
Заңның 80-бабының 13-тармағына сәйкес, Палата «заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді». Палатаның осы функциясын іске асыру үшін Палата Жарғысының 4.22.16-тармағы заң консультантын Тізілімді жүргізу үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы үш күн ішінде Палатаның Төрағасын хабардар етуге міндеттейді. Тізілімге енгізілетін мәліметтер тізбесі Палата Жарғысының 5.4-тармағында келтірілген.
Алайда, іс жүзінде анық болып отырғандай, KazBar Палатасының мүшелері тұрғылықты жері мен жұмыс орнының, электрондық пошта адресінің, телефон нөмірінің өзгергені туралы мәлімет бермейді, бұл Атқарушы органның Палата мүшелерімен байланыс жасау жұмысын айтарлықтай қиындатады.
Жоғарыда айтылғандарға орай, біз сұралған бүкіл ақпаратты берулеріңізді өтінеміз және KazBar Палатасының барлық мүшелерін тиісті талаптарды уақтылы және сапалы орындау мақсатында Заңның, Палата Жарғысының және Палата мүшелерінің нақты міндеттерін белгілейтін басқа да ішкі актілердің талаптарын мұқият зерделеуге шақырамыз.
Құрметпен,
Елюбаев Жумагельды Сакенович
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттары палатасының Төрағасы
Сұрақтарыңыз қалды ма? Сұрағыңызды тікелей қойыңыз — біз қуана жауап береміз.
1. Палатаға мүшелікке өту үшін қандай құжаттар қажет?
Мүшелікке қабылдануға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» батырмасында қолжетімді.
2. KazBar мүшесі кім бола алады?
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлға KazBar Палатасына мүше бола алады. Негізгі талаптарға жоғары заңгерлік білімнің болуы, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілі және аттестаттаудан сәтті өту жатады. Талаптардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» бөлімінде орналастырылған
3. Өтініш қанша уақытта қаралады?
Құжаттар толық көлемде ұсынылған және кандидат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 14 күнтізбелік күннен аспайды.
4. Мүшелік жарнаның мөлшері қандай?
Мүшелік жарналардың өзекті мөлшерімен «Мүшелік» → «Мүшелік жарналар» бөлімінде таныса аласыз.
5. Палата мүшесі болмай-ақ оқыту іс-шараларына қатыса аламын ба?
Палатаның білім беру іс-шаралары тек KazBar мүшелеріне арналған. Палатаға мүше болғаннан кейін Сіз семинарларға және өзге де білім беру іс-шараларына қатыса аласыз, сондай-ақ серіктестеріміздің арнайы ұсыныстарын, оның ішінде шетелдегі оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларды пайдалана аласыз. Жаңалықтарымызды қадағалаңыз!