Заңгерлік біліктіліктен босату (SQE2) – қазақстандық заңгерлердің практикалық заңгерлік дағдыларын бағалау
27.07.2023
Құрметті KazBar мүшелері,
Сіздерге жағымды жаңалығымыз бар!
Өздеріңіз білетін шығарсыздар, бұрын біздің қазақстандық заңгерлер, KazBar мүшелері Англия мен Уэльстің солиситоры мәртесебін алу үшін Солиситорларға арналған біліктілік трансферт сынағынан (QLTS) өтуі керек болатын. KazBar, SIGNUM заң фирмасы мен SRA арасындағы осы келісім туралы жаңалықпен танысып шығыңыздар: Қазақстандық практик-заңгерлердің енді Англия мен Уэльстің солиситоры болу үшін Солиситорларға арналған біліктілік трансферт сынағынан (QLTS) өтуге құқығы болады.
Алайда біз 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Англия мен Уэльстегі заңгерлерге арналған біліктілік ережелері солиситордың біліктілік емтиханымен (SQE) ауыстырылғанын білдік. Өкінішке орай, Қазақстан заңгерлерге арналған мойындалған шетелдік біліктілік сынақтарының тізіміне енгізілмеген: https://www.sra.org.uk/become-solicitor/qualified-lawyers/sqe-exemptions/.
Сондықтан біз Солиситорлардың қызметін реттеу басқармасы (SRA) Қазақстанды осы тізімге қайтадан қосқанын қалаймыз, сонда ағылшынның жалпы құқығы бойынша шетел білімін және Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына сәйкес заң консультанттары мәртебесін алған біздің мүшелеріміз сонымен қатар Англия мен Уэльстің солиситоры мәртебесін алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ біз солиситорлардың біліктілік емтиханынан (SQE2) – Қазақстан заңгерлеріне арналған практикалық заңгерлік дағдыларды бағалаудан босатудыға өтініш бере алатымызды білдік.
Аталған екі мақсатқа жету үшін біз бір жыл бойы KazBar Палатасының мүшелері Елена Ли, Гауһар Құдайбергенова, Еркін Буденовпен және Айгерім Қойшыбаевамен ынтымақтастық жасадық және біз табысқа жеттік!
Біз Солиситорлардың қызметін реттеу басқармасының ресми растауын алдық (ол төменде келтірілген):
«Осымен Kazakhstan Bar Association атынан бірнеше ай бұрын берген ақпаратыңыз үшін тағы да алғыс айтамыз және біздің комитеттің келісіміне сәйкес Солиситорлардың біліктілік емтиханынан (SQE2) — практикалық заңгерлік дағдыны бағалаудан – Қазақстанның барлық Заң консультанттарын босату туралы ақпарат енді біздің: https://www.sra.org.uk/become-solicitor/qualified-lawyers/sqe-exemptions/ сайтымызда орналастырылғанын хабарлаймыз.
Юрисдикциялар мен кәсіби атауларға арналған SQE2 емтиханынан босату тізімімен танысу үшін «Yes» батырмасын басып, юрисдикциялар тізімінің соңында қайтадан «Yes» басыңыз.
(Мүмкін, сіз бұл босатудың тек Қазақстандағы Заң консультанты ретінде біліктілік алу үшін бүкіл жолды өткен Қазақстанның Заң консультанттарына ғана қатысты қолданылатынын атап өткіңіз келетін шығар. Басқа юрисдикцияда біліктілік алған, содан кейін қосымша Қазақстанның Заң консультанты ретінде біліктілік алған заңгерлер SQE2 біліктілік емтиханынан жеке босатылу үшін бұрынғысынша біздің https://www.sra.org.uk/become-solicitor/qualified-lawyers/individual-sqe-assessment-exemption/ сайтымызға өтініш беруге тиіс).
Қазақстан Заң консультанттарының SQE2 емтиханынан келісім бойынша босату туралы өтініштері енді біздің автоматтандырылған босату жүйесінде қарастырылады, мұның өзі жылдамырақ босату процедурасын қамтамасыз етеді.
Бұл екі елде де заң қызметтерін қолдайтын Англия мен Уэльстің солиситорлары мәртебесін алғысы келетін Қазақстанның Заң консультанттарына көмектеседі деп үміттенемін».
Жұмыстарыңыз бен кәсіби тұрғыда өсулеріңіз үшін осы тамаша мүмкіндікті пайдаланасыздар деген үміттемін!
Сұрақтарыңыз қалды ма? Сұрағыңызды тікелей қойыңыз — біз қуана жауап береміз.
1. Палатаға мүшелікке өту үшін қандай құжаттар қажет?
Мүшелікке қабылдануға қойылатын талаптар мен қажетті құжаттардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» батырмасында қолжетімді.
2. KazBar мүшесі кім бола алады?
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлға KazBar Палатасына мүше бола алады. Негізгі талаптарға жоғары заңгерлік білімнің болуы, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілі және аттестаттаудан сәтті өту жатады. Талаптардың толық тізімі «KazBar-ға қосылу» бөлімінде орналастырылған
3. Өтініш қанша уақытта қаралады?
Құжаттар толық көлемде ұсынылған және кандидат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 14 күнтізбелік күннен аспайды.
4. Мүшелік жарнаның мөлшері қандай?
Мүшелік жарналардың өзекті мөлшерімен «Мүшелік» → «Мүшелік жарналар» бөлімінде таныса аласыз.
5. Палата мүшесі болмай-ақ оқыту іс-шараларына қатыса аламын ба?
Палатаның білім беру іс-шаралары тек KazBar мүшелеріне арналған. Палатаға мүше болғаннан кейін Сіз семинарларға және өзге де білім беру іс-шараларына қатыса аласыз, сондай-ақ серіктестеріміздің арнайы ұсыныстарын, оның ішінде шетелдегі оқу бағдарламалары мен тағылымдамаларды пайдалана аласыз. Жаңалықтарымызды қадағалаңыз!