Құрметті әріптестер!
«Kazakhstan Bar Association» Палатасының бұл шешімі біраздан бері пісіп жетілді. 9 айдан астам уақыт болды. Аса маңызды сәт те келді – 2022 жылғы 1 қазанда «Kazakhstan Law Review» (http://kazlawreview.kz/) цифрлық журналы жарыққа шыға бастады. Оның негізін қалаған баршамыз жобаның мақсаты аса маңызды екенін түсінеміз – өсіп жетіле отырып ол құқықтық Қазақстанды нығайтуда барған сайын зор рөл атқаратын болады. Аздаған уақыт өткеннен кейін «Kazakhstan Law Review» үлкен заңгерлер қауымының толыққанды мүшесіне айналады. Ол осы нарыққа қатысып отырған біздерге Қазақстанның құқықтық ортасын жақсарту, халықтың заң сауаттылығын арттыру, корпоративтік сектордың заңды мүдделерін қорғау бойынша маңызды жүйе құраушы мәселелерді шешуімізге көмектеседі.
Біздің редакция алқасы заңгерлермен, құқық қорғаушылармен, салалық ведомстволармен, заң компанияларымен және ҮЕҰ-мен ынтымақтастық құруға дайын.
Біз: 1. Журналдың миссиясына сәйкес келетін тақырыптар бойынша ұсыныстарыңызды.
2. Коммерциялық сипаты жоқ дайын жарияланымдарды.
3. Құқықтық ортадағы белгілі бір өзгерістерге орай жазылған және одан кейін жариялауға арналған
пікірлеріңізді.
4. Журналдың жұмысын жақсарту бойынша тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды.
5. «Kazakhstan Law Review» журналымен ынтымақтастық жасау жөніндегі идеялар мен ұсыныстарыңызды қуана қарастырамыз.
Оларды Info-kazlawreview@mail.ru поштасына жолдаңыздар. Біз әрбір хатты мұқият қарастырамыз. Өздеріңіз түсінетіндей, журналдың қызметі белгілі бір жұмсалым мен ресурстарды қажет етеді. «Kazakhstan Law Review» журналы жарнама орналастыру жолымен жобаға қолдау көрсеткендеріңізге риза болады. Коммерциялық жарияланым шарттарын сайттағы «Серіктестер» бөлімінен (http://kazlawreview.kz/partners) оқи аласыздар.
Ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық құрамын деген тілекпен, Kazakhstan Law Review редакторы Олег Хе (+7 7011118293).