Құрметті үміткер,
«Kazakhstan Bar Association» заң консультанттар палатасына (бұдан әрі – «KazBar Палатасы») қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!
KazBar Палатасына мүше болып ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңында және KazBar Палатасының Жарғысында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кез келген заң консультанты кіре алады.
KazBar Палатасы Жарғысының 4.2-тармақшасы бойынша, KazBar Палатасына мүше болып мынадай барлық біліктілік талаптарына сәйкес келетін:
- жоғары заң білімі бар;
- заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар;
- аттестаттаудан өткен** (Палатаның аттестаттау кезеңдері туралы толық ақпаратты төменде қараңыз);
- заң көмегін көрсететін;
- Палатаның талаптарына сай келетін;
- KazBar Палатасының Жарғысын мойындайтын;
- KazBar Палатасының идеялары мен жұмысының қағидаттарын қабылдайтын,
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдік азамат кіре алады.
Егер Сіз жоғарыда атап көрсетілген талаптарға сай болсаңыз, онда Сіз KazBar палатасына мүше бола аласыз.
KazBar Палатасына мүше болып кіру үшін Сіздің:
- келесі құжаттар тізімін ұсынуыңыз қажет:
- белгіленген үлгідегі өз қолыңызбен толтырылған өтініш (KazBar Палатасына кіру туралы өініш. 22.11.24ж. үлгі);
- жеке куәлік немесе төлқұжат;
- жоғары заң білімі туралы құжат (бакалавр дәрежесін алу фактісін растайтын ЖОО дипломы);
- өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
- заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің бар екендігін растайтын құжаттар.
Заңгер мамандығындағы жұмыс өтілін растау үшін еңбек кітапшасының сканерленген көшірмесін ұсыну қажет. Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда негізгі еңбек құжаттарының сканерленген көшірмелері ұсынылады, атап айтқанда, бұл:
- Еңбек шарты (қажет болған жағдайда құпия деректерді жасыруға болады);
- Заңгер мамандығы бойынша лауазымға тағайындау, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату және т.б. туралы бұйрықтар;
- Лауазымдық нұсқаулық — егер лауазым атауы заңгерлік бейінін тікелей көрсетпесе.
Назар аударыңыз:
Жұмыс берушінің анықтамалары немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (БЖЗҚ) берген үзінді көшірмелер сияқты құжаттар қосалқы құжаттар ретінде ғана қарастырылады және негізгі еңбек құжаттарын алмастырмайды.
Сондай-ақ заңгер мамандығындағы өтілінің бар екенін анық растайтын басқа да ресми құжаттарды ұсынуға жол беріледі.
- психиатриялық, наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамалар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі бойынша тестілеуден өткені туралы қорытынды*;
- түйіндеме.
*бұл құжатты Сіз KazBar Палатасының аттестаттау кезеңдері туралы төмендегі ақпаратқа сәйкес тестілеуден өткеннен кейін аласыз. Тиісінше, бұл құжат KazBar Палатасына кіруге арналған Сіздің құжаттар пакетіңіздің бөлігі болады.
Жоғарыда атап көрсетілген құжаттарды сканерлеп, KazBar Палатасының заңгері Алина Жұмаханованың lawyer@kazbar.org.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
- құжаттарыңыз ҚР заңнамасына және KazBar Палатасының Жарғысына сәйкестігі жағынан қарастырылғаннан кейін KazBar Палатасының Атқарушы органынан тестілеуге ресми жолдама алу;
- аттестаттаудың бірінші кезеңінен — Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша міндетті кешенді тестілеуден өту және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК («МБА») Қорытындысын тестілеу нәтижелерімен бірге KazBar Палатасының заңгері Алина Жұмаханованың lawyer@kazbar.org.kz электрондық поштасына жіберу.
- аттестаттаудың екінші кезеңінен — офлайн немесе онлайн режимінде өткізілетін сұхбаттасудан өту немесе Аттестаттау комиссиясы үміткер ұсынған құжаттар пакетін зерделейді.
- Аттестаттау комиссиясының және KazBar Палатасы Басқармасының шешімін күту (күту кезеңі барлық сұратылған құжаттар ұсынылған және ҚР заңнамасының барлық талаптарына сәйкес болған жағдайда 14 күнтізбелік күннен аспайды).
Сізді күтеміз!