KazBar палатасы мүшелерінің қатысуымен жүргізілетін Вебинар: «Еңбек заңнамасын қолданудың кейбір сұрақтары».
Тақырып сұрақтары:
- Еңбек қатынастарының сипаты, негізгі институттары;
- Еңбек шартының бұзылуына байланысты туындайтын тәжірибелік сұрақтар;
- Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары – ерекше сипаттағы еңбек құқығының субъектілері: түрлері, уәкілеттілігі;
- Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты туындайтын сұрақтар.
Спикер: Рысқалиев Даулетбай Уразгалиевич, 1963 жылы дүниеге келген, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 1993-1996 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы ҚазМУ аспирантура бөлімінде тағылымдамадан өткен. 2006 жылы Дулати атындағы ТарМУ-ін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтап «Экономист» біліктілігін алған.
Д.У.Рысқалиев Заң магистрі, 2017-2020 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD «Құқықтану» докторантурасының білім бағдарламасын игеріп «Еңбекті қорғауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: азаматтық және еңбек құқығы нормаларын қолданудың теориялық және тәжірибелік сұрақтары» диссертациялық ізденіс жұмысын аяқтады.
Педагогикалық қызмет саласындағы жұмыс өтілі 29 жылды құрайды, мемлекеттік ұйымдарда, жеке компанияларда әкімшілік, шаруашылық-өндірістік мәселелер жөніндегі кеңесші дәрежесіндегі лауазымдар бойынша қызметтерде болған, практикалық және кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, басқа да республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында заң бөлімінің басшысының, құқықтық мәселелер бойынша менеджер және жетекші маман қызметтерін атқарған.
Қоғамдық жұмысы. 1991 жылдан бастап түрлі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысады, 1994 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрылуына тікелей қатысқан, құрылтай құжаттарын дайындаған
Ғылыми, оқу-әдістемелік қызметі. 70 – тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Skopus» басылымындағы үш ғылыми мақалалардың авторы. ҚР Ұлттық энциклопедиясының (II, III және IV томдар) құрастыруға, бірқатар заң жобаларын әзірлеуге, олардың қатарында: «Қан және оның құрамдас бөліктері туралы», «Сумен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңдарын, заңға тәуелді құқықтық актілерді дайындауға қатысты. 2010 жылы ҚР Конституциясының 10 жылдығына орай өткізілген Республикалық конкурста Д. У. Рысқалиевтің ғылыми мақаласы үздік деп танылып, жүлделі орынға ие болды. Д.У.Рыскалиев «Еңбек құқығы», «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару» пәндері бойынша, сондай-ақ, «Еңбек шарттары мен өзге де келісімдер жасасу тәжірибесі», «Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссияларының қызметін құқықтық реттеу» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерін, білім беру бағдарламаларын әзірледі.
Марапаттары мен сертификаттары. 2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен, 2014 жылы – Мемлекеттік марапатымен – «Әділет үздігі» төс белгісімен, 2013 жылы – Ұлттық бизнес рейтинг агенттігінің «2013 жылғы Үздік маманы» халықаралық сертификатымен, 2015 жылы – Ұлттық бизнес рейтинг агенттігінің «2015 жылғы Үздік маманы» «халықаралық сертификатымен марапатталған. 2020 жылы – «ISO енгізу агенттігі» консальтингтік компаниясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы» (№329-AVISO-20) халықаралық сертификатымен марапатталды. Д.У. Рысқалиев «ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау» білім беру бағдарламасын меңгерді.
Шетелдік тағылымдамадан өту. 2014 жылы РФ Омбы қаласында тағылымдамадан өтті. 2019 жылдың 6 маусым мен 22 шілдесі аралығында (47 күн) Эстония мемлекетінің Таллин қаласындағы Техникалық университетінің Заң мектебінде ғылыми зерттеу тағылымдамасынан өтті.
2021 жылдың 12 ақпанында сағат: 10:00-11:00
Тіркелу сілтемесі: https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=MC6DMQ8e6U6lm8hO7WnsADvlogDWLNFOlJEFrAdtretUMFNUTTM4TEg1UTZER0dWTlhESldZMzJRSi4u