2023 жылғы 5 қаңтар
Құрметті әріптестер!
Құрметті «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары палатасының мүшелері!
Достар!
Міне, жаңа 2023 жыл да басталды! Әрқайсымыздың осы жылға және болашаққа құрған жоспарымыз бар және мұның көп бөлігі біздің кәсіби қызметімізді табысты жүзеге асыруымызға байланысты.
Біздің «Kazakhstan Bar Association» өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйым Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі жаңа құқықтық институттың көшбасшысы болып табылады. Біз өзімізге тән жоғары ұйымшылдықпен, жұмыстағы жүйелілікпен, Қазақстан заңнамасының талаптарын, ең алдымен бейінді заңның ережелері мен Палатаның ішкі актілерінің нормаларын қатаң сақтайтынымызбен ерекшеленеміз.
«Kazakhstan Bar Association» Палатасы – Халықаралық заңгерлер ұйымының (IBA) толыққанды мүшесі болып табылатын бірден-бір Палата, біз көптеген басқа да халықаралық заңгерлер ұйымдарымен ынтымақтық жасаймыз. Біздің ҚР Жоғары Сот Кеңесінде, Жоғарғы Сотында және басқа да мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарында өкілдеріміз бар, онда біздің Палатаның мүшелері осы мекемелер мен ұйымдардың әр түрлі құрылымдарында жұмыс істейді. Осылайша, біздің кәсіби ұйымымыздың жоғары іскерлік беделі мен жағымды имиджінің қалыптасуына Палата мүшелерінің өзі үлес қосады. Осының барлығы біздің әрқайсымыздан Палатамыздың жоғары мәртебесіне сай болуды талап етеді, мұнда стандарттарды, ережелер мен әдептілік нормаларын сақтау басымдық және биік міндет болып табылады.
Менің қазіргі үндеуім қазіргі 2023 жылға арналған мүшелік жарналарды төлеуге байланысты. Мүшелік жарнаның уақтылы төленуі Палатаға жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындауға, сондай-ақ Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы бекіткен және бюджетте көзделген әкімшілік шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, Палата мүшелерінің мүшелік жарна төлеуіне қатысты мәселелер қандай құжаттармен реттеледі.
Біріншіден, бұл бейіндік заңның талаптары. Айталық, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – бейіндік заң) 76-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы бойынша заң консультанты осы заңда белгіленген «жарналарды төлеуге» міндетті. Осылайша, мүшелік жарна төлеу Палатаның мүшесі үшін заңнамалық міндет болып табылады.
Бейіндік заңның 88-бабына сәйкес «жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс». Сондай-ақ бұл нормада «заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді» деп көрсетілген. Яғни, бейіндік заңда көзделген мүшелік жарналардың мөлшерін (15-75 АЕК), оларды төлеу шарттары мен тәртібін Палатаның өзі анықтайды.
Мүшелік жарнаның мөлшерін, төлеудің мерзімі мен тәртібін белгілеу Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының құзыретіне жатады (Палата Жарғысының 8-бабы 8.2-тармағының 8.2.16-тармақшасын қараңыз). 2022 жылғы 25 ақпанда Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімімен мүшелік жарнаның мөлшері 60,000 теңге болып белгіленді (2023 жылы – бұл 17,4 АЕК). Әрқайсымыз биылғы жылы мүшелік жарнаны дәл осы мөлшерде төлеуге тиіспіз.
Палата Жарғысының 6-бабының 6.4-тармағы бойынша «мүшелік жарналар жыл сайынғы негізде ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін біржолғы төлеммен төленеді». Жарғының бұл ережесі палатаның барлық мүшелері 2023 жылғы 20 ақпанға дейін мүшелік жарналарды бір төлеммен төлеуге міндетті деген тәртіпті белгілейді.
Сонымен қатар, Жарғыда белгілі бір қаржылық қиындыққа тап болған мүшелердің жарнаны траншпен төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін Палатаның мүшесі Палата Төрағасының атына мүшелік жарнаны траншпен төлеу мүмкіндігін беру туралы жазбаша өтініш беруі керек. Қазіргі уақытта Палатада мүшелік жарналарды тоқсан сайын, яғни төрт траншпен төлеу мүмкіндігін беру тәжірибесі қалыптасты, бірақ басқа жолдар да қарастырылуы мүмкін.
Осы жерде айта кететініні, бейіндік заңда және Палатаның Жарғысында мынадай ережелер қарастырылған, атап айтқанда: заң консультанттары жүктілігіне және бала тууына немесе үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңге; еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт кәсіби қызметті жүзеге асырмайтын заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын немесе кәсіптік жұмыс өтілі бір жылдан аз заң консультанттары белгіленген мөлшерлеменің 50% мөлшерінде мүшелік жарна төлейді.
Сонымен қатар, Жарғыға сәйкес, Палатадағы мүшелігін тоқтата тұрған заң консультанттары жылдық мүшелік жарнаның 1/10, яғни 6,000 теңге мөлшеріне мүшелік жарна төлейді.
Палатаның қауымдастырылған мүшелері белгіленген мөлшерлеменің 50% мөлшерінде жыл сайынғы мүшелік жарна төлеуге міндетті (Палата Жарғысының 6-бабының 6.3-тармағын қараңыз).
Жоғарыда айтылғанның негізінде Палатаның барлық мүшелерін бейіндік заңда және Палатаның Жарғысында көзделген жыл сайынғы мүшелік жарна төлеу бойынша міндетін орындауға шақырамын, яғни:
- 60,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2023 жылғы 20 ақпанға дейін төлеу керек.
- Бейіндік заңның және Палата Жарғысының талаптарына сәйкес мүшелігін тоқтата тұрған Палатаның мүшелері 6,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2023 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс.
- Ауылдық елді мекенде кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын немесе кәсiптiк қызмет өтiлi бiр жылдан аз Палата мүшелерi белгiленген мөлшерлеменің 50%-ына тең 30,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2023 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс. Ол үшін олардың аталған жағдайды растайтын құжаттарды Палатаның Атқарушы органына ұсынуы қажет.
- Мүшелік жарнаны төлеуден толық босатылуы мүмкін болатын Палатаның мүшелері мүшелік жарнаны төлеуден босатуға негіз болуы мүмкін жағдайда растайтын құжаттарды 2023 жылғы 20 ақпанға дейін ұсынуға тиіс.
- Палатаның қауымдастырылған мүшелері 30,000 теңге мөлшеріндегі мүшелік жарнаны 2023 жылғы 20 ақпанға дейін төлеуге тиіс.
Құрметпен және мені дұрыс түсінесіздер деген үмітпен,
Елюбаев Жумагельды Сакенович,
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттары палатасының төрағасы