Құрметті KazBar Палатасының мүшелері,
«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттар палатасы (бұдан әрі – «KazBar Палатасы») мүшелерінің Кезекті Жалпы жиналысы (бұдан әрі – «Жиналыс») аралас нысанда өткізілді:
- бетпе-бет бөлігі 2026 жылғы 04 наурыз сағат 16:00-де мына мекенжайда өтті: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 4-үй, АҚ «КИМЭП Университеті» БАҚ, Уәлиханов ғимараты, № 220 зал;
- сырттай бөлігі Zoom платформасы арқылы және Жалпы жиналыстың электрондық бюллетенін толтыру жолымен 2026 жылғы 16 наурызға дейінгі мерзімде өткізілді.
Тіркеу Алматы уақытымен 2026 жылғы 28 қаңтар сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 16 наурыз сағат 12:00-ге дейін ашық болды.
KazBar Палатасы мүшелерінің жалпы саны 518 адам.
Барлығы KazBar Палатасының 309 мүшесі тіркелді.
Осылайша, Жиналысқа қатысу үшін KazBar Палатасы мүшелерінің жалпы санының 59,6 % тіркелді, бұл Жалпы жиналыстың кворумы бар екендігін көрсетеді.
Жалпы жиналыстың қарауына күн тәртібінің мына төмендегі мәселелері ұсынылып, мынадай шешімдер қабылданды:
| № | Күн тәртібіндегі мәселе | «Қолдады» | «Қарсы» | «Қалыс қалды» | Барлық дауыс | Қабылданды /
қабылданған жоқ |
| 1. | Палата Басқармасының 2025 жылға арналған Есебін бекіту | 227 | 0 | 21 | 248 | Қабылданды |
| 2. | Палата Атқарушы директорының 2025 жылға арналған Есебін бекіту | 233 | 0 | 15 | 248 | Қабылданды |
| 3. | Палатаның 2025 жылдағы қаржылық қызметі туралы есепті бекіту | 230 | 0 | 18 | 248 | Қабылданды |
| 4. | Ревизиялық комиссияның Есебін бекіту | 227 | 0 | 21 | 248 | Қабылданды |
| 5. | Аттестациялық комиссияның Есебін бекіту | 228 | 0 | 20 | 248 | Қабылданды |
| 6. | Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссияның Есебін бекіту | 227 | 0 | 21 | 248 | Қабылданды |
| 7. | Тәртіптік комиссияның Есебін бекіту | 227 | 0 | 21 | 248 | Қабылданды |
| 8. | «Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссия туралы ережеге» өзгерістер енгізу. Салыстырмалы кестеге шолу | 208 | 1 | 39 | 248 | Қабылданды |
| 9. | «Тәртіптік комиссия туралы ережеге» өзгерістер енгізу. Салыстырмалы кестеге шолу | 210 | 2 | 36 | 248 | Қабылданды |
| 10. | «Палата мүшелерін тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы нұсқаулыққа» өзгерістер енгізу. Салыстырмалы кестеге шолу | 202 | 2 | 44 | 248 | Қабылданды |
| 11. | Тәртіптік комиссияның құрамына қосымша сайлау | 214 | 4 | 30 | 248 | Қабылданды |
| 12. | Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссияның құрамына қосымша сайлау | 216 | 1 | 31 | 248 | Қабылданды |
| 13. | Палатаның 2026 жылға арналған бюджетін бекіту | 218 | 0 | 30 | 248 | Қабылданды |
Палатаның барлық жаңартылған ішкі құжаттары және Палата органдарына сайланған кандидаттар туралы ақпарат жақын арада жаңа сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырылады.
Жеке атап өтетініміз, Палата мүшелерінің бір бөлігі дауыс беру кезінде қалыс қалды немесе күн тәртібіндегі жекелеген мәселелер бойынша қарсы дауыс берді. Палата түрлі ұстаным білдіруді құптайды және Палата органдарының қызметіне және оның ішкі құжаттарына қатысты ұсыныстарға, пікірлер мен ескертулерге ашық болып қала береді. Барлық келіп түскен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралады.
KazBar Палатасының Басқармасы мен Атқарушы органы Жалпы жиналыстың жұмысына белсенді қатысқан Палатаның барлық мүшелеріне алғыс білдіреді!
Құрметпен,
Айгерім Жалдыбаева
Атқарушы директор
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттар палатасы
ҚР, 050004, Алматы қаласы, Төреқұлов көшесі 68,
«Sirius» БО, 2-қабат, 202-офис
Тел.: +7 (727) 339 2008
Моб.: +7 702 777 06 38
E-mail: a.koishibayeva@kazbar.org.kz
Website: www.kazbar.org.kz




