Құрметті әріптестер,
«Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасы Сіздерді 2022 жылғы 22 сәуірде өтетін заң мамандығы және заң
консультанттары палаталарын дамыту мәселелеріне арналған Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.
Конференция заңгерлер қоғамдастығының өкілдерін, ұлттық және шетелдік сарапшыларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, судьялар мен адвокаттарды шақырумен ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді. Атап айтқанда, оған IBA (Халықаралық заңгерлер қауымдастығы), Bar Council of England and Wales (Англия мен Уэльстің Адвокаттар алқасы), LawAsia (Азия-Тынық мұхиты аймағының Заңгерлер қауымдастығы), АХҚО сияқты халықаралық ұйымдардың шетелдік спикерлері және басқа да әртүрлі ұйымдардың тәуелсіз сарапшылары қатысады.
Конференцияда екі сессияда келесі тақырыптар талқыланады:
1-ші сессияда – «Заң консультанттары палаталарының дамуы: проблемалары мен келешегі»;
2- ші сессияда – «Сот өкілдігі. Duty to the court институты».
Конференцияның бағдарламасы.
Конференция екі тілде өтеді: ағылшын, орыс (ілеспе аударма ұсынылады). Конференция тегін.
Егер қатысқыларыңыз келсе, осы сілтеме арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз.
Сіздерді қуана күтеміз!
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттары палатасы
ҚР, 050051, Алматы қ., Достық даңғ. 202,
«Форум-Достык» БО, 5-қабат, 509-офис.
Тел.: +7 702 777 06 38
E-mail: a.koishibayeva@kazbar.org.kz
Website: www.kazbar.org.kz