KazBar Палатасының Байқаушы Кеңесі

Байқаушы кеңес – Палатаның стратегиялық даму бағыттарын әзірлеуге қатысатын Палатаның консультативтік-кеңесші органы. Байқаушы кеңес кем дегенде 17 адам құрамында құрылады. Байқаушы кеңес Жалпы жиналыс бекітетін Ереженің негізінде құрылады және әрекет етеді. Байқаушы кеңестің мүшелерін Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы Басқарманың ұсынысы бойынша сайлайды. Жұртшылықпен байланыс жасау, білім, ғылым мекемелерімен, халықаралық және басқа да бейіндік ұйымдармен ынтымақтастық құру мақсатында Байқаушы кеңеске келісім бойынша Палатаның мүшелері болып табылмайтын тұлғалар Байқаушы кеңестің тәуелсіз мүшелері ретінде сайлануы мүмкін.

Бақылау кеңесінің құзыретіне мыналар жатады:

  • Палата мүшелерінің қызметін талдау және үздік кәсіби тәжірибелерді зерделеу;
  • заң көмегін көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға жәрдемдесу;
  • кәсіби қауымдастықты біріктіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, бизнес-қоғамдастықпен, білім беру ұйымдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдесу;
  • ашық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға және Палата қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • Палата қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына, Палата Жарғысына және Бақылау кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де мәселелерді қарау.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.