Әлмен Ербол Қасымбекұлы

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • y.almen@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00574

Тіркелген күні

2024 жылғы 22 қаңтар

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Еңбек құқығы, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Фармацевтика және денсаулық сақтау

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Еңбек және азаматтық құқық саласында, сондай-ақ бизнесті заңдық сүйемелдеуге байланысты жалпы мәселелерде маманданған. Негізгі назарын еңбек қатынастарына, азаматтық-құқықтық қатынастарға және корпоративтік құқық мәселелеріне, соның ішінде заңды тұлғалардың корпоративтік әрекеттері бойынша консультация беруге және заңдық жағынан сүйемелдеуге аударады.

Жұмысының басым бөлігі клиенттердің қызметін толық заңдық сүйемелдеуге, соның ішінде шарттарды, ішкі актілерді әзірлеуге және талдауға, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкестік мәселелері бойынша консультация беруге бағытталған. Сонымен қатар еңбек дауларын шешумен айналысады, дауларды сотқа дейін және сотта реттеуде клиенттердің мүддесіне өкілдік етеді.
Реттеушілік мәселелер саласында, соның ішінде дербес деректерді қорғау, денсаулық сақтау және фармацевтика аясында тәжірибесі бар. Әртүрлі кешенді жобаларға консультация кезеңінде де, тікелей орындау кезеңінде де қатысты.

Білімі

  • 2017-2019         University of Lodz, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Польша
  • 2013-2017        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, құқық бакалавры, Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2024-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгер
  • 2020-2024         "Редль и Партнеры" ЖШС - заңгер
  • 2019-2020         "Independent Lawyers Group" ЖШС – заңгер

Маңызды істер

Еңбек құқығы

  • Экономиканың әртүрлі секторындағы клиенттерге, соның ішінде консулдықтар мен халықаралық ұйымдарға Қазақстанның еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультация беру.
  • Жұмыскерлерді еңбекке тарту бойынша құжаттардың толық пакетін дайындау.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
  • Қазақстанға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелері бойынша консультация беру.

Корпоративтік құқық

  • Шетел қатысатын компанияларды, сондай-ақ шетелдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша консультация беру.
  • Машина жасау, жылу алмасу жабдығын өндіру, ауыстырып-қосу құрылғыларын өндіру, сондай-ақ білім беру қызметтерін көрсету саласында жұмыс істейтін шетелдік еншілес компанияларды тіркеу.
  • Компаниялардың қызметін реттейтін құрылтай құжаттары мен ішкі ережелерді дайындау.
  • Шетелдік клиенттерге корпоративтік мәселелер және Қазақстандағы еншілес ұйымдарды қаржыландыру мәселелері бойынша консультация беру.

M&A

  • Экономиканың әртүрлі секторындағы ұйымдарда еңбек кодексі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама, сондай-ақ дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкестігі жағынан Due Diligence жүргізу.
  • Мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімін (экономикалық шоғырландыруға келісім) алу.

АХҚО құқығы

  • АХҚО-да тіркелген шетелдік банктің өкілдігіне бірінші басшымен еңбек шартын тоқтату үшін қажетті құжаттарды дайындау.
  • Шетелдік клиенттің АХҚО аумағында болу нысанын таңдау мәселелері бойынша консультация беру.

Денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика


  • Германияның ірі өндіруші компаниясына Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау мәселелері бойынша консультация беру.
  • Италияның ірі өндіруші компаниясына Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалау, сондай-ақ ғылыми мақсатта Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің дәрігерлерімен ынтымақтастық жасау мәселелері бойынша консультация беру.
  • Жаопнияның ірі өндіруші компаниясына Қазақстанда медициналық линза өндірісін  реттеу мәселелері бойынша консультация беру.

Бизнесті заңдық сүйемелдеу


  • Халықаралық компанияларға тұрақты түрде консультация беру, соның ішінде әртүрлі құжаттарды, сенімхаттарды, шарттарды дайындау, оларды клиенттердің мүддесін қорғау тұрғысынан тексеру, электрондық цифрлық қолтаңбалар алу, мемлекеттік қызметтер порталдарында тіркеу, құжаттарды нотариаттық куәландыруды ұйымдастыру және басқа да мәселелер.
  • Валюталық реттеу және бақылау мәселелері бойынша консультация беру.

Дауларды шешу


  • Бұрынғы жұмыскермен бейбәсекелестік туралы келісімнің бұзылуы мәселелері бойынша дауды сотқа дейін реттеу процесінде жұмыс берушінің мүддесіне өкілдік ету.
  • Жұмыскердің денсаулығына зиян келуіне байланысты дауды сотта реттеуде жұмыс берушінің мүддесіне өкілдік ету.
  • Жұмыскер ұзақ уақыт бойы өзінің еңбек міндеттерін шартсыз атқарғанына қарамастан, еңбек шартының ресімделмеуіне байланысты бұрынғы жұмыс берушімен арадағы дауды сотта реттеуде жұмыскердің мүддесіне өкілдік ету.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00574

Тіркелген күні

2024 жылғы 22 қаңтар

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Еңбек құқығы, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Фармацевтика және денсаулық сақтау

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.