Мычка Кристина Владимировна

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • K.Mychka@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00503

Тіркелген күні

2022 жылғы 2 маусым

Мамандану

Дауларды шешу және төрелік, Салық құқығы

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Кристина AEQUITAS командасына 2023 жылдың сәуірінде келіп қосылды. Ол дауларды шешу, салық және азаматтық құқық саласында маманданған.

Кристинаның әртүрлі санаттағы даулар бойынша, соның ішінде салықтық тексеру нәтижесіне шағымдану бойынша сот талқылауына қатысуда мол тәжірибесі бар.

Бұдан бөлек, ол салықтық тексеру жүргізу барысында, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу шеңберінде клиенттердің мүддесін табысты түрде қорғайды. Сонымен қатар Кристина клиенттерге азаматтық, корпоративтік және салық құқығы саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша консультация береді.

Кристинаның сондай-ақ АХҚО сотында клиенттердің мүддесіне өкілдік етуге құқығы (the rights of Audience) бар.
Каспий университетінің "Әділет" жоғары құқық мектебін үздік дипломмен бітірді

Білімі

  • 2017-2021         Каспий университетінің "Әділет" жоғары құқық мектебі, құқық бакалавры (үздік дипломмен бітірген), Қазақстан
  • 2014-2017         Каспий университетінің жанындағы "Әділет" колледжі (үздік дипломмен бітірген), Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2023-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгер
  • 2021-2023        "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС – заңгер
  • 2020-2021        "Kazakhstan Bar Association" заң консультанттар палатасы – заңгер

Сертификаттар мен біліктіліктер

Құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы  Ұсынылатын заңгер (The Legal 500, 2026)

Маңызды істер

Коммерциялық даулар

  • Жеке сот орындаушысы әрекеттерінің заңсыздығы мәселесі бойынша соттың жаңадан ашылған және жаңа мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы жауапкердің өтінішін қарауы шеңберінде сот талқылауында Оңтүстік Корея банкінің мүддесіне табысты түрде өкілдік ету.
  • Жеке сот орындаушысы әрекеттерінің заңсыздығы мәселесі бойынша атқарушылық іс жүргізу рәсімін сүйемелдеу.
  • Словакияның компаниясына Словакия соттарының шешімдерін Қазақстанда орындау мүмкіндігі және Словакия резидентінің қатысуымен дауды Қазақстанда қарау мүмкіндігі бойынша меморандум дайындау.
  • Жеткізу шарты бойынша көлемді берешек сомасын өндіріп алу туралы іс бойынша сот талқылауында Американың жабдықты өндіру және жеткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын аса ірі компаниясының мүддесіне өкілдік ету.
  • Жеткізу шарты бойынша көлемді берешек сомасын өндіріп алу бойынша сот процесінде Германияның электротехника, электроника, энергетикалық жабдық, көлік, медициналық технологиялар және жарықтандыру шешімдері саласында маманданған жетекші компаниясының мүддесіне өкілдік ету.
  • Қазіргі заманғы байланыс құралдарын әзірлеуші және өндіруші компанияға төрелік дауға, төрелік талқылауға үшінші тұлғалардың қатысуына және заңды тұрақсыздық айыбын қолдануға байланысты мәселелер бойынша меморандум дайындау.
  • Жеткізу шарты бойынша көлемді берешек сомасын өндіріп алу туралы іс бойынша бірнеше ортақ жауапкерге қатысты сот талқылауында Данияның жылу автоматикасын, тоңазыту және жетек техникасын, сондай-ақ өнеркәсіптік автоматиканы өндіруші ірі компаниясының мүддесіне өкілдік ету.
  • Корпоративтік даулардың және сот талқылауының соттылығына байланысты мәселелер бойынша қорытынды дайындау.
  • Корпоративтік даулар бойынша төрелік талқылау мәселелеріне байланысты қорытынды дайындау, сондай-ақ төрелік талқылау мен сот талқылауын салыстыру.
  • Мамандандырылған тағам өндіретін халықаралық компанияға компания серіктестерінің сыйақы сомаларынан ұстап қалуға қатысты сот орындаушысының талабына жауап дайындау.
  • Гибридті автомобильдер мен электромобильдерді аса ірі өндірушілердің бірі болып табылатын Қытай компаниясына коммерциялық құпияны қорғауға байланысты мәселелер бойынша меморандум дайындау.
  • Қазақстанда FOSFA Сауда Федерациясы жанындағы Төреліктің төрелік шешімін орындау рәсімі шеңберінде Бельгияның астық сатумен айналысатын компаниясының мүддесіне өкілдік ету.
  • Қазақстандағы аса ірі көлік-логистика компанияларының біріне сотқа қатысты due diligence есебін дайындау. 
  • Жапонияның автомобиль жасайтын компаниясының бәсекелесі тарапынан жасалған жосықсыз жарнаманың салдарынан бұзылған құқықтарын қорғау мәселесі бойынша меморандум дайындау, сондай-ақ осы құқықтарды қорғаудың мүмкін құқықтық тәсілдерін сипаттау.

Салық мәселелері

  • Ірі IT-компанияға қызмет көрсету шарттары бойынша салық салу тәртібі, атап айтқанда ҚҚС, КТС, төлем көзінен ұсталатын салық мәселелері, сондай-ақ бейрезиденттен – өзара байланысты тараптан белгілі бір қызмет түрлерін сатып алу шығынын шегеру мүмкіндігі мәселесі бойынша меморандум дайындау.
  • Бейрезиденттен - белгілі бір қызмет түрлерін сатып алу шығынын шегерімге жатқызу мүмкіндігі мәселесі бойынша салық органына сұрау салуды дайындау.
  • Контрагенттермен өзара есеп айырысудың анықтығы мәселесі бойынша салық органы жүргізетін әкімшілік рәсім барысында тамақ өнімдері мен тұрмыстық химияны өндіруші аса ірі компанияны заңдық сүйемелдеу және оның мүддесіне өкілдік ету.
  • Жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру барысында тамақ өнімдері мен тұрмыстық химияны өндіруші аса ірі компанияны заңдық сүйемелдеу және оның мүддесіне өкілдік ету.
  • ҚР Қаржы министрлігінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдану мәселесі бойынша Германияның жоғары сапалы дәрілік препараттарының, емдік-сауықтыру және табиғи косметикалық құралдарының дистрибьюторы болып табылатын ірі компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сотта ірі көлемдегі әкімшілік шара қолдану туралы қаулыға шағымдану мәселесі бойынша Германияның жоғары сапалы дәрілік препараттарының, емдік-сауықтыру және табиғи косметикалық құралдарының дистрибьюторы болып табылатын ірі компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Қазақстандағы аса ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың біріне өнімді бөлу туралы келісімдегі үлестерді сатып алуға байланысты салық мәселелері бойынша due diligence есебін дайындау.
  • ЖШС-ны АҚ етіп қайта құрудың салықтық салдары және салық режимін таңдау мәселелеріне байланысты құқықтық қорытындылар дайындау.
  • Өнімдерін тікелей сату әдісімен өткізетін мамандандырылған тағам шығаратын халықаралық компанияға Қазақстандағы салық салу мәселесі бойынша қорытынды дайындау.
  • Литваның ірі компаниясына Қазақстан компаниясымен жасалатын шарт бойынша табысқа салық салу мәселелері бойынша қорытынды дайындау.
  • Қазақстандық компанияның және ҚР резиденті емес тұлғалардың арасындағы сатып алу-сату шарттарына салық салуға байланысты салық мәселелері бойынша меморандум дайындау.
  • Салықтық тексеру нәтижесіне шағымдану және сот талқылауында жаңа ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау шеңберінде әкімшілік шара қолдану туралы қаулыға шағымдану мәселелері бойынша жылжымайтын мүлікке байланысты операцияларымен айналысатын компанияның мүддесіне өкілдік ету.

Корпоративтік мәселелер

  • Гибридті автомобильдер мен электромобильдерді аса ірі өндірушілердің бірі болып табылатын Қытай компаниясына жер телімін сатып алуға байланысты due diligence есебін дайындау.
  • Гибридті автомобильдер мен электромобильдерді аса ірі өндірушілердің бірі болып табылатын Қытай компаниясына Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесіне сәйкестігі жағынан қосалқы жалдау шарттарын тексеру.
  • АХҚО-да тіркелген компанияның және шетелдік компанияның арасындағы қарыз шарттарын Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесіне сәйкестігі тұрғысынан тексеру.
  • Алюминий өндіруші компанияға қазақстандық компаниялардағы үлестерді сатып алу үшін corporate check жүргізу және анықталған тәуекелдерді сипаттау.
  • Қытайдың ірі логистикалық компаниясына Қазақстанда компания құру мәселесі бойынша меморандум дайындау.
  • Қытайдың ірі құрылыс компаниясына Қазақстанда құрылысқа лицензия алу мәселесі бойынша меморандум дайындау.
  • Атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін Қытай компаниясына жабық сауда-саттық нәтижесі бойынша сатып алу-сату шартын жасау мәселесі бойынша меморандум дайындау.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00503

Тіркелген күні

2022 жылғы 2 маусым

Мамандану

Дауларды шешу және төрелік, Салық құқығы

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.