Шоланов Нурлан Абдазимович

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • N.Sholanov@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00376

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстар

Салалық сараптама

Тау-кен өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану, Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Азаматтық құқық, корпоративтік, жер және табиғат қорғау заңнамасы саласында маманданған. AEQUITAS заң фирмасында 1995 жылдан бері жұмыс істейді. AEQUITAS заң фирмасына келгенге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында кеңесші қызметін атқарған.

Корпоративтік қатынастар, құрылыс, жылжымайтын мүлік, міндеттемелерді қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ халықаралық қаржылық мәмілелерін заңдық сүйемелдеуде мол тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта жобалық қаржыландыру, мәмілелерді құрылымдау және Қазақстанда бизнес жүргізуді заңдық сүйемелдеуге байланысты әртүрлі корпоративтік мәселелермен, сондай-ақ экология саласындағы жобалармен айналысады. Өзі маманданған салаларда мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жұмысына жетекшілік етеді.

Білімі

1984-1994         Қазақ мемлекеттік университеті, заң бакалавры, Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 1995-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – кеңесші
  • 1994-1995         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппараты – кеңесші

Сертификаттар мен біліктіліктер

Банктік құқық, қаржы және капитал нарықтары, жылжымайтын мүлік және құрылыс, корпоративтік, коммерциялық құқық және M&A, энергетика және табиғи ресурстар, зияткерлік меншік және ТМТ саласындағы Ұсынылатын заңгер (The Legal 500 2023);
Корпоративтік құқық және қаржы саласындағы Band 4 (Chambers 2023);
Жобалық қаржыландыру саласындағы Ұсынылатын заңгер (WWL 2024).

Маңызды істер

КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚ

  • Ресейдің аса ірі мұнай-газ компаниясына Орталық Азияның үш юрисдикциясындағы бизнесін жоспарланған қайта құрылымдау жобасы бойынша консультация беру. AEQUITAS заңгерлер командасының, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанның жетекші заң фирмаларының жоба аясындағы жұмысын үйлестіру.
  • Шеврон корпорациясының қайта инвестициялау міндеттемелері бойынша мемлекет тарапынан өзара іс-қимылға жауапты мемлекеттік органдардың құрылымы мен олардың жеке құрамындағы өзгерістерге байланысты Шеврон корпорациясының Еуразиялық бөлімшесіне 1993 жылғы "Теңізшевройл" БК құру жобасы бойынша келісімнен туындайтын қайта инвестициялау міндеттемелері бойынша консультация беру.
  • Шетелдік компанияның Қазақстандағы болат құю зауытына инвестиция салу жөніндегі жобаны заңдық сүйемелдеу. Жоба аясында шарттық және корпоративтік құжаттама әзірлеу, шетелдік инвестициялар, корпоративтік мәселелер бойынша консультация беру, сондай-ақ бейстандартты корпоративтік уағдаластықтарды реттеу қамтылды.
  • "Атомредметзолото" ААҚ ресейлік атом компаниясына Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің қатысуымен біріккен компания құру туралы мәмілеге және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім жасасуға байланысты азаматтық және халықаралық жеке құқық мәселелері, сондай-ақ корпоративтік заңнама және монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Кеден одағы елдерінің ұлттық теміржол операторлары арасында бірлескен кәсіпорын құруға байланысты жоба бойынша консультация беру. 
  • Оман Сұлтандығынан Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының иелері «КҚК-Қ» АҚ және «КТК-Р» ЖАҚ үлестік қатысуды сатып алуға байланысты Ресей Федерациясына консультация беру.
  • Ірі фармацевтикалық компанияға Қазақстандағы еншілес компаниясының корпоративтік ұйымдастырылуын қайта құрылымдау бойынша кеңес беру.  
  • Үндістанның ірі компаниясына (бұрғылау және сейсмикалық зерттеу қызметтерін көрсетудегі көшбасшы) Каспий өңіріндегі жер қойнауын пайдаланушы компанияларға сейсмикалық зерттеу қызметін көрсететін қазақстандық компанияны бақылауға ие болуына байланысты консультация беру.
  • "Атомредметзолото" ААҚ ресейлік атом компаниясына атом өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазақстандық компаниялар - "Акбастау" БК АҚ және "Қаратау" ЖШС сатып алу мәмілесіне байланысты консультация беру.
  • Қытайдың "China ZhenHua Oil" компаниясына Қазақстанның мұнай компаниясына бақылауға ие "Қуат" холдингтік компаниясы" АҚ акцияларын сатып алу мәмілесіне байланысты консультация беру, сондай-ақ сатып алынатын компанияға толық due diligence жүргізу.
  • Халықаралық әуежайдың мемлекеттік акциялар пакетін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі мәмілеге байланысты шетелдік әуежайлар операторына консультация беру және қызметін заңдық сүйемелдеу.
  • Americana Group компаниясына бизнесті жаһандық қайта құрылымдау шеңберінде Таяу Шығыс пен Азия елдеріндегі жылдам тамақ мейрамханаларына иелік ететін өңірлік холдингті Кувейт юрисдикциясынан БАӘ-ға көшіруіне байланысты консультация беру.
  • Ресейлік ірі банкке қарыз алушыға кредитор тарапынан корпоративтік бақылау орнату мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ қамтамасыз ету мәмілелерін құрылымдау.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

  • Ерекше маңызы бар "Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының (ҮАААЖ) құрылысы" концессиялық жобасы бойынша бірқатар халықаралық даму банктері мен қаржы институттарына қаржыландыру, концессиялық, шарттық мәселелер және Қазақстан заңнамасының басқа да мәселелері бойынша кешенді консультация беру.
  • Бірқатар шетелдік клиентке Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды реттеу және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша кешенді консультация беру.
  • Hewlett-Packard компаниясына ұлттық теміржол операторына теміржол процестерін басқаруға арналған автоматтандырылған жабдықты жеткізу мәмілесі шеңберінде консультация беру.
  • Ақылы республикалық автожолды абаттандыру инфрақұрылымдық жобасы бойынша консультация беру.
  • Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станциясын салу инфрақұрылымдық жобасы бойынша консультация беру.  
  • Ірі телекоммуникация компаниясы "Қазақтелеком" АҚ "GSM Қазақстан" ЖШС-нің табиғи монополистке тиесілі электр энергетикасы объектілерін пайдаланып талшықты-оптикалық байланыс желісін құру жобасын заңдық сүймелдеу.
  • Ірі құрылыс компаниясына Қазақстанның облыс орталықтарының бірінде тұрғын үй шағын ауданын және инфрақұрылымдық объектілерді салу жобасы бойынша консультация беру.

БАНК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ

  • Азия Даму Банкінің шақыруымен мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілетін мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыз алудың әртүрлі аспектілерін зерттеген. Нурлан мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеше секторлар мен халықаралық қаржы мекемелері арасындағы қатынастарда заңдық тұрғыда тиімді және сенімді қарыз алу тетіктерін әзірлеу мақсатымен халықаралық құқық ережелерін қарыз операцияларына қолдану мүмкіндігіне қатысты консультация берді.
  • Қазақстандық мұнай компаниясына 600 млн АҚШ доллары мөлшерінде кредит беру жөніндегі халықаралық мәміле бойынша қазақстандық кеңесші ретінде консультация беру.
  • GUCCI, Burberry, Wendy’s, KFC, Superdry, G-Star сияқты бірқатар танымал брендке франчайзингтік қатынастар мәселелері бойынша консультация беру.
  • Әртүрлі кәсіпорындарда due diligence жүргізу кезінде жекешелендіру тарихын талдау, соның ішінде бас компаниясының листингке шығарылуына байланысты "Қазақмыс" корпорациясын жекешелендірудің заңдылығы мәселелерін талдау.
  • Қазақстанның мұнай компаниясына 200 млн АҚШ доллары сомасындағы қамтамасыз етілген қарыз беру жөніндегі халықаралық мәміле бойынша қазақстандық кеңесші ретінде қатысу және заңдық қорытынды дайындау.

ЗАҢ ШЫҒАРУШЫЛЫҚ

  • Экологиялық заңнама мен құқық қолданудың бірқатар өзекті мәселелері бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге қатысу, сондай-ақ Шеврон корпорациясының мүддесінде Қазақстанның экологиялық заңнамасын реформалау тұжырымдамасын әзірлеу.
  • "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ үшін "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасына ұсыныстар мен түсіндірмелер дайындау.
  • Тариф саясатын реттейтін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу.

БАСҚАСЫ

  • Johnson & Johnson компаниясына қатарлас импорт мәселелері және құқықтардың таусылу қағидаты бойынша консультация беру.
  • Өндірілген мұнайды басымдықпен алу шарттарымен мұнай өндіруші компанияны басқа мұнай өндіруші компанияның қаржыландыруы (инвестициялауы) бойынша мәмілені заңдық сүйемелдеу, соның ішінде жобаны іске асыру үшін келісімшарттық және корпоративтік құжаттама пакетін әзірлеу.
  • Шеврон корпорациясының Еуразиялық Бөлімшесіне Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің Шеврон корпорациясының 1993 жылғы "Теңізшевройл" БК құру жобасы бойынша Келісімнен туындайтын шарттық міндеттемелеріне әсерінің мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қазақстанның ірі мұнай өндіруші компаниясына аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының жұмыс істеуіне қатысты ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша консультация беру.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00376

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстар

Салалық сараптама

Тау-кен өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану, Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.