Чумаченко Юлия Георгиевна

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • Y.Chumachenko@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00366

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Коммерциялық және шарттық құқық, Еңбек құқығы, Реттеуші құқық және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік, Комплаенс / корпоративтік басқару және ішкі тергеп-тексеру, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Фармацевтика және денсаулық сақтау, Көлік және логистика

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Азаматтық, шарттық, еңбек құқығы, сондай-ақ монополияға қарсы, фармацевтикалық және инвестициялық заңнама саласында маманданған. AEQUITAS заң фирмасында 1997 жылдан бері жұмыс істейді. AEQUITAS заң фирмасына келгенге дейін әртүрлі компанияларға азаматтық құқық мәселелері бойынша консультация берген.

Legal 500 және Who’s Who Legal халықаралық рейтинг басылымдарының пікірі бойынша Қазақстандағы еңбек құқығы саласындағы үздік заңгерлердің қатарына кіреді.

Корпоративтік және шарттық қатынастар, денсаулық сақтау, міндеттемелерді қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау саласында мол тәжірибесі бар.
Қазіргі уақытта шарттық және еңбек құқығы, мәмілелерді құрылымдау мәселелерімен және Қазақстанда бизнес жүргізуді заңдық сүйемелдеуге байланысты әртүрлі мәселелермен айналысады.
Doing Business және Women, Business and the Law рейтингінде заңнама мониторингі бойынша Дүниежүзілік Банктің респонденті болып табылады.

Білімі

1986-1991         Қазақ мемлекеттік университеті, заң бакалавры, Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2021-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – аға серіктес
  • 2006-2021         "AEQUITAS" заң фирмасы – серіктес
  • 1997-2006        "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгер
  • 1991-1997         Коммерциялық ұйымдар – заң кеңесшісі

Сертификаттар мен біліктіліктер

Салық және кеден құқығы саласындағы Аса көрнекті серіктес; Дауларды шешу, сондай-ақ зияткерлік меншік және ТМТ саласындағы Ұсынылатын заңгер (The Legal 500 2026);
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы Ұсынылатын заңгер (Lexology Index 2025);
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы Ерекше маман (asialaw 2025);

Маңызды істер

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ. ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК

  • Шетелдік ірі компанияға компанияның Қазақстандағы құрылымдық бөлімшесінің басшысымен арадағы еңбек дауы бойынша консультация беру және сот талқылауында оның мүддесіне өкілдік ету.
  • Халықаралық білім беру ұйымына оның шетелдік жұмыскерлерінің бірімен арада туындаған еңбекақы төлеудегі кемсітушілікке, жұмыскердің емделу және денсаулығын ерікті сақтандыру, тұратын еліне ұшып бару және қайтып келу, Қазақстанда тұру шығынын өтеуге, сондай-ақ жұмыс берушінің компанияда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды тиісті түрде қамтамасыз етпеуіне қатысты, соның ішінде жұмыскерлерге қажетті нұсқама өткізу жағынан қойған кінәрат талаптарына қатысты жеке еңбек дауы шеңберінде кешенді консультация беру; жағдайды және  дау бойынша құжаттарды, жұмыскер талаптарының негізділігін талдау және және даудың сотта қаралу перспективаларын бағалау; жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін тағайындау, келісу комиссиясын құру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттар пакетін әзірлеу (соның ішінде комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі туралы келісім, хаттамалар, сенімхаттар, тіркеу нысандары, бұйрықтар, өтініштерді тіркеу журналы және т.б.); келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстанның еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту процесіне, комиссияда жұмыскердің арызын қарауға дайындыққа, келісу комиссиясының отырысын өткізуге және оның нәтижелерін отырыс хаттамасы мен келісу комиссиясының шешімі түрінде ресімдеуге құқықтық қолдау көрсету; жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша сот талқылауы кезеңінде компанияға құқықтық қолдау көрсету, оның мүддесін қорғау, соның ішінде жұмыскердің сот шығынын – осындай шығынның құжат түріндегі растауының болмауына байланысты – өндіріп алу туралы қуыным талабын даулау; жұмыс беруші тарапынан материалдық құқық нормаларын бұзушылық болмауына және соның салдарында жұмыскердің компанияға қарсы қойған талаптарының заңсыздығына байланысты жұмыскердің бастамасымен еңбек инспекциясы тарапынан компанияның қызметіне жүргізілген тексеруге наразылық білдіру бойынша құқықтық қолдау көрсету, соның ішінде тексеру шеңберінде барлық қажетті процестік құжаттарды әзірлеу; жұмыскер мен еңбек инспекторының уәждерін жоққа шығару мақсатында дәлелдемелік базаны қалыптастыру; істегі даулы мәселелер бойынша құқық қолдану тәжірибесін (соның ішінде сот тәжірибесін) талдау.
  • Шетелдік ірі компанияға Қазақстандағы еңбек қатынастарының әр түрлі аспектілері бойынша консультация беру, соның ішінде: (i) компанияның ұзақ уақыт бойы аутсорсинг және аутстаффинг шарттарымен жұмыскерлер еңбегін пайдалануына байланысты; (ii) компанияда жұмыскерлердің жұмыс уақытын жұмыскерлердің жұмыс уақыты туралы тоқсан сайынғы есептердің негізінде есепке алу жүйесінің қолданылуына байланысты туындайтын; (iii) мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлерді (мүгедектерді) жұмыспен қамтуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары компанияға таралатын кезде туындайтын тәуекелді бағалау, сондай-ақ аталған тәуекелді мүмкіндігінше төмендету бойынша ұсынымдар әзірлеу. Компанияның қарызға жұмыс күшін тарту, жұмыс уақытын есепке алу, мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлерге еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі рәсімдерін Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкестігі жағынан талдау.
  • Қазақстанда USAID жобаларын іске асыратын ірі американдық компанияға оның қызметіне қолданылатын Қазақстан заңнамасының негізгі талаптары, соның ішінде, басқасына қоса, корпоративтік құқық, салық және еңбек құқығы мәселелері бойынша кешенді консультация беру; бір жобадан екіншісіне өту кезінде еңбек қатынастарын рәсімдеу және жұмыскерлермен бұрын жасалған еңбек шарттарын өзгерту тұрғысында ұсынымдар жасау; тиісті еңбек құжаттарын әзірлеу.
  • Жаһандық креативтік продюсерлік компанияға оның Қазақстандағы еншілес компаниясының қатысушылар құрамының өзгеруіне, басқару органдарын қайта құрылымдауға, басшы қызметкерлерді жалдауға байланысты туындайтын еңбек қатынастарына қатысты алғанда құқықтық салдар мен тәуекел бойынша консультация беру, соның ішінде қажетті құжаттарды (корпоративтік, еңбек және т.б.) әзірлеу және клиенттің қалауына бейімдеу; клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша басшымен және оның орынбасарымен жұмысқа жалдау шарттары бойынша келіссөз жүргізу; компанияның ерекше корпоративтік басқару құрылымын көрсететін еңбек құжаттарын дайындау.
  • Бірқатар компанияға сырттан қызметкерлерді тартуға байланысты туындайтын тәуекелдер бойынша консультация беру, соның ішінде жеке тұлғаларды олармен еңбек қатынастарын ресімдемей (орындаушымен тікелей, қызметкерлерді ұсыну агенттігі арқылы және т.с.с.) қызмет көрсету, жұмыстарды орындау үшін жалдау бойынша қарастырылып отырған шарттық құрылмаларды туындауы мүмкін тәуекел (салық, еңбек, азаматтық-құқықтық) тұрғысынан талдау және оны азайту жолдарын қарастыру.
  • Бірқатар шетелдік компанияға дербес деректерді жинау мен өңдеу, сондай-ақ қорғау мәселелері, соның ішінде ақпараттандыру объектілерін дербес деректерді жинау, дерекқорларды жергіліктендіру және трансшекаралық табыстау үшін пайдалану мәселелері, Қазақстанның дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының қолданылу аясы, компаниялардың заңнама талаптарын сақтауын тексеру тәртібі, осы саладағы бұзушылықтарды анықтау, қолданылатын жауапкершілік шаралары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес консультация беру, сондай-ақ сот тәжірибесіне шолу жасау.
  • АХҚО-да тіркелген және Қазақстан аумағындағы дүкендер желісіне иелік ететін ірі парфюмерлік-косметикалық компанияға жұмыс берушінің сақтандыру компаниясымен тиісті шарт жасасуы арқылы жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері, соның ішінде мұндай шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру жағдайы туындаған кезде компанияның әрекет ету алгоритмі, сақтандыру саласындағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда туындайтын жауапкершілік шаралары бойынша консультация беру.
  • Әртүрлі тауар өндіруші ірі шетелдік компанияларға Қазақстандағы еншілес компанияларына еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультация беру; компаниялардың еңбек құжаттамасына кешенді дью-дилидженс жүргізу, соның ішінде еңбек қатынастарының әртүрлі аспектілері бойынша сұрақтардың кең ауқымына жауаптар дайындау; компаниялар жұмыскерлермен еңбек қатынастарын рәсімдеу үшін пайдаланатын құжаттарды Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесіне сәйкестендіру; еңбек құжаттарын, соның ішінде жұмыс режимі мен өзге де еңбек шарттарының әртүрлі опциялары көзделген, жұмыскерлердің әртүрлі санаттары, соның ішінде шетелдік, қашықтан жұмыс істейтін, уақытша және өзге де жұмыскерлердің болуы ескерілетін еңбек шарттарының түрлі нысандарын әзірлеу; жұмыскердің құпия ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемесін; жұмыскерлердің толық материалдық жауапкершілігі туралы құжаттар пакетін; бейбәсекелестік туралы келісімді және  жұмыскермен мұндай келісім жасасу үшін қажетті құжаттарды, соның ішінде жұмыскерлердің компанияларда жұмыс істеу кезінде және олармен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін бәсекелес ұйымдарға жұмысқа тұруын шектеу бойынша қарым-қатынас орнату бойынша компаниялардың ішкі тәсілдемелерін, сондай-ақ жұмыскердің мұндай шектеуді сақтағаны үшін қаржылық сыйақы төленуін ескеріп әзірлеу.
  • Бірқатар ірі компанияға көші-қон заңнамасы, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мәселелері бойынша консультация беру.
  • Әлемдік фармацевтика нарығындағы үздік он компанияның қатарына кіретін ірі фармацевтикалық компанияны Қазақстандағы еншілес компаниясындағы басшылықты ауыстыру процесі шеңберінде кешенді заңдық сүйемелдеу, соның ішінде бұрынғы басшылармен арада туындаған жанжал мен даулы мәселелерді реттеу, әр нақты жағдайға бейімделген және барлық рәсімдік ерекшеліктер мен қол жеткізілген уағдаластықтарды ескеретін еңбек құжаттамасын әзірлеу; компания жұмыскерлерінің корпоративтік автомобильдер сатып алуы мақсатында олардың қатысуымен жабық аукцион өткізу бойынша құжаттар пакетін дайындау; компанияның уақытша бірінші басшысын тағайындауды заңдық сүйемелдеу; мемлекеттік органдарды хабардар ету; мәселелердің кең ауқымы, соның ішінде әртүрлі жеңілдік беру, бонус жүйесін енгізу, жұмыскерлерді репатриациялау, оларды тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету және т.б. бойынша консультация беру.
  • Сервистік және фармацевтикалық компанияларға, халықаралық ұйымдарға COVID-19 індетіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдайдың және өзін-өзі оқшаулау режимінің енгізілуіне байланысты кең ауқымды кадрлық және өндірістік мәселелер бойынша консультация беру, соның ішінде елде алғаш рет туындаған күрделі құқықтық және өндірістік жағдайда жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұйым ішінде тиісінше ресімдеу және реттеу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.
  • Ірі фармацевтикалық компанияға жұмыскердің пайдалануына берілген корпоративтік автокөліктің орналасқан жерін бақылайтын телеметрия құралдарын жұмыс берушінің қолдануының заңдылығы мәселелері бойынша консультация беру; мұндай әрекеттердің жұмыскердің жеке өмірі туралы ақпаратты жинау және оның жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа конституциялық құқығын бұзушылық, сондай-ақ жұмыскердің дербес деректерін жинау және өңдеу тәсілі ретінде саралануына байланысты тәуекелді азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • Ірі мұнай өңдеу компанияларына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында еңбек шарттарын есепке алудың жаңа жүйесінің енгізілу мәселелері, әрбір жұмыскермен еңбек қатынастары туралы деректерді бірыңғай жүйеге енгізу бойынша тәжірибелік ұсынымдар (қадамдық нұсқаулық) әзірлеу, сондай-ақ еңбек шарттарын электрондық пішімде жасасу мәселелері бойынша семинар өткізу.
  • Ірі америкалық компанияның Қазақстандағы бөлімшесіне Қазақстанның еңбек заңнамасының проблемалық мәселелері, соның ішінде жұмыскерлерді алмастыру, бар тәуекелдер және оларды реттеу (шешу) тәсілдері бойынша семинар өткізу және осы мақсатта қажетті еңбек құжаттарының үлгілерін әзірлеу.
  • Тамақ өнімдері саудасын жасайтын Американың ірі компаниясына еңбек шарттарын жасасу және жұмыс берушінің әртүрлі ішкі актілерін қабылдау мәселелері бойынша тұрақты түрде консультация беру; компанияның сатылым жөніндегі менеджерімен еңбек дауы бойынша консультация беру және сот талқылауында компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Бірқатар ірі шетелдік компанияларға Қазақстандағы еншілес компаниялары мен құрылымдық бөлімшелерінде (филиалдарында/өкілдіктерінде) басшылықты ауыстыру рәсіміне қатысты өкілеттігі тоқтатылатын басшымен арада туындаған жанжалдан күрделене түскен жағдайда консультация беру; басшылықты ауыстыру процесін толық заңдық сүйемелдеу, соның ішінде қажетті құжаттарды (корпоративтік, еңбек және т.б.) әзірлеу және клиенттің қалауына бейімдеу, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарын басшылықтың ауысуы туралы хабардар ету, клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша бұрынғы басшымен еңбек қатынастарын тоқтату шарттары бойынша келіссөз жүргізу.
  • Ірі фармацевтикалық компанияларға Қазақстандағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша, соның ішінде жұмыскерлер өкілдерін тағайындау және олардың өкілеттіктері, экологиялық апат аймағында тұратын жұмыскерлерге қосымша төлем жасау, шетелдік жұмыскерді жұмысқа қабылдау, мүгедектерді жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметтегі жұмысын тоқтатқан адамдарды коммерциялық ұйымға жұмысқа қабылдау кезіндегі шектеулер, жұмыскерлердің арнайы санаттарымен, соның ішінде балаларды анасынсыз тәрбиелеп отырған жұмыскермен, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған жұмыскермен еңбек қатынастарын тоқтатудың ерекшеліктері, жұмыс берушілерге қатысты кәсіподақтардың және атқарушы орган мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік келісімдерін қолдану, жұмыскерлерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және басқа да мәселелер бойынша консультация беру; корпоративтік клиенттердің бөлімшелеріне жаһандық деңгейде қолданылатын стандартты еңбек шарттары мен жұмыс берушінің түрлі ішкі актілерін Қазақстан заңнамасының императивтік талаптарына бейімдеу; ұйымда дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау үшін міндетті түрде болуы керек құжаттар пакетін әзірлеу.
  • Алматы қаласында орналасқан бірқатар ірі компанияға өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік, соның ішінде мұны өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша әкім аппаратының, жұмыс берушінің және кәсіподақтар одағының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жолымен іске асыру мәселелері бойынша консультация беру.
  • Сервистік компанияға еңбек құқығының әртүрлі мәселелері бойынша, соның ішінде әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер арасындағы қайшылықтарды және қазіргі құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебіне, вахталық жұмыс әдісіне, жұмыскерлер өкілдерінің өкілеттігіне, алимент төлемдеріне байланысты жұмыскерлердің жалақысынан ұстап қалу тәртібіне қатысты консультация беру; жұмыскерлердің әртүрлі санаттары үшін еңбек шарттарының жобаларын әзірлеу; компанияның кадрлық құжаттарын талдау.
  • Тәуелсіз сараптама және сертификаттау саласында қызмет көрсететін Англияның ірі компаниясына оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігіндегі жұмыскерлер штатын қысқарту процесі шеңберінде кешенді заңдық сүйемелдеу қызметін көрсету, соның ішінде жұмыскерлермен арадағы еңбек даулары бойынша сотта компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Ірі трансұлттық фармацевтикалық компанияға әртүрлі мәселелер бойынша консультация беру, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінде штат санын қысқарту және жұмыскерлермен еңбек қатынастарын тараптардың келісімі бойынша тоқтату процесін заңдық сүйемелдеу.
  • Ірі шетелдік компанияның Қазақстандағы өкілдігінің жұмыскерлеріне арналған корпоративтік зейнетақы бағдарламасы бойынша арнайы құжатты әзірлеу.
  • Бірқатар компанияда жеке еңбек дауларын сотқа дейін қарау жөніндегі тұрақты органды (келісу комиссиясын) қалыптастыру процесін құқықтық сүйемелдеу, соның ішінде келісу комиссиясын құру және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.
  • Шетелдік заң фирмаларына және ірі сервистік компанияға Қазақстандағы бөлімшелеріне әсер ететін жаһандық деңгейде бизнесін қайта ұйымдастыруына байланысты еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыс беруші компания атауының өзгеруіне байланысты туындайтын еңбек қатынастарына қатысты құқықтық салдар мен тәуекелдер бойынша консультация беру, жұмыскерлердің лауазымдық өкілеттіктерін растайтын сенімхаттарды қайта шығару және жұмыскерлердің еңбек құжаттарына өзгеріс енгізу, жұмыскерлерді басқа жұмыс берушіге ауыстыру, қайта ұйымдастыру процесін кәсіподақ ұйымымен немесе еңбек ұжымының өзге де өкілді органдарымен келісу және т.б. жағынан заңдық
  • 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің қабылдануына және 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнама мен көші-қон заңнамасының жаңартылуына байланысты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына байланысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеудің проблемалық мәселелері бойынша семинарлар өткізу, соның ішінде Қазақстанның еңбек заңнамасына және проблемалық мәселелер бойынша құқық қолдану (соның ішінде сот) тәжірибесіне шолу жасау; клиент моделдеген даулы жағдайларды талдау; елеулі мәселелер мен тәуекелдерді, сондай-ақ Қазақстанның жаңартылған еңбек заңнамасын қолдануға байланысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА

  • Бірқатар шетелдік фармацевтикалық компанияға Қазақстанда салық төлеуші ​​ретінде тіркеліп, салық нөмірлері мен электрондық цифрлық қолтаңбаларды алу және кейіннен таңбалау және сәйкестендіру кодтарын сатып алу жүйесіне қатысу қажеттілігіне байланысты дәрілік заттарды сәйкестендіру және бақылау құралдарымен таңбалауға байланысты туындайтын салық тәуекеліне қатысты консультация беру, соның ішінде осы орайда таңбалау жүйесін енгізудің тәжірибелік ерекшеліктерін ескеріп, шетелдік фармацевтикалық компаниялардың Қазақстандағы қатысу нысанына, таңбалау кодтарын сатып алу шарттарына және кейіннен оларды дәрілік заттардың қаптамасына орналастыру тәртібіне байланысты ықтимал салық тәуекелін бағалау және саралау; клиенттерге салық тәуекелін барынша азайту мақсатында шетелдік компаниялардың таңбалау жүйесіне қатысуының оңтайлы заңды нұсқалары бойынша ұсынымдар әзірлеу; шетелдік фармацевтикалық компаниялардың салық тәуекелін төмендету немесе жою үшін Қазақстан заңнамасын өзгерту бойынша ұсыныс дайындау.
  • Бірқатар фармацевтикалық компанияға өнімдердің нарықтық қайта сату бағаларын қадағалау шеңберінде Қазақстан аумағына дәрілік заттарды әкелуге, көтерме және бөлшек саудада өткізуге қатысты мәселелер бойынша монополияға қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультация беру; қажетті құжаттар мен нұсқаулықтарды әзірлеу.
  • Фармацевтикалық компанияға Қазақстан Республикасы аумағында маркетингтік науқандарды / өнімді алға жылжыту қызметін ұйымдастыру және осыған байланысты тәуекелдер бойынша, соның ішінде дәрілік заттарды жарнамалау мен алға жылжыту этикасы мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар, дербес деректерді қорғау, орындаушымен жасалған шарттық қатынастардың еңбек қатынастары деп танылу тәуекелі, Қазақстанда тұрақты мекеме құру және жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзге де салық тәуекелі бойынша кешенді консультация беру; компания жоспарлап отырған қызметтің бизнес-модельдерін тәуекел деңгейі тұрғысынан бағалау.
  • Қазақстанда түпкі сатып алушылардың кэшбэк алу мүмкіндігімен промоакциялар өткізуге арналған интернет-платформа арқылы дәрілік заттарды алға жылжытуға байланысты мәселелер бойынша, соның ішінде тауардың осы түрін реттеу ерекшелігін ескергенде, комплаенс, салық, азаматтық-құқықтық тәуекелдер мен дәрілік заттар айналымы саласындағы тәуекелдерді барынша азайту мақсатында салық, азаматтық, фармацевтикалық, монополияға қарсы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, жарнамалық, еңбек заңнамасының және дербес деректерді қорғау саласындағы реттеу аспектілері бойынша кешенді консультация беру,
  • Ірі фармацевтикалық компанияларға Қазақстандағы фармацевтикалық қызметті реттеу, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалау, таңбалау, рәсімдеу және тіркеу; медицина және фармацевтика қызметкерлерінің осы тауарларды алға жылжытуға қатысуының рұқсат етілген әдістері мен сұлбалары; медицина қызметкерлерінің әртүрлі маркетингтік іс-шараларды өткізуі, шетелдік колл-орталықты ("жедел телефон желісі") пайдалану арқылы медициналық бұйымдарды пайдаланушыларға қолдау көрсетудің заңдылығы; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, зияткерлік меншікті қорғау, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, фармацевтикалық компанияның интернет-ресурсына (веб-сайтына) қол жеткізу және оны пайдалану шарттары қалыптастыру; дәріхана желістерімен шарттық қатынастарды (мерчендайзинг үлгісімен) орнату; заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік және санкцияларды қолданудың қазіргі тәжірибесі; дәрілік заттарды жою, фармакологиялық қадағалау мәселелері бойынша консультация беру. Стандартты операциялық рәсімдерді Қазақстан заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау.
  • Ірі фармацевтикалық компанияға: Қазақстан Республикасында дәрілік заттарға зияткерлік меншік құқықтарын (патенттік құқықтарды) қорғау бойынша; Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, ұлттық заңнамадан жоғары тұратын ЕАЭО заңнамасына және қолданылатын тиісті халықаралық фармацевтік іс-тәжірибе қағидаларына сәйкес тиісті зерттеу ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, Қазақстанда клиникалық сынақ жүргізу, соның ішінде клиникалық сынақтарды обсервациялық зерттеулермен салыстырмалы талдау жасау; әлеуметтік маңызы бар және орфандық аурулардың алдын алу мен емдеуге арналған препараттарды қайырымдылық-сынақ мақсатында пайдалану мәселелері; генетикалық үлгілерді жинау және экспорттау тәртібі; клиникалық зерттеу барысында дербес және өзге де деректерді жинау және сақтау тәртібі; клиникалық зерттеу тараптарының (клиникалық база, зерттеуші, демеуші, зерттелуші және тапсырыс беруші) арасындағы келісімдердің Қазақстанда қалыптасқан тәжірибеге тән ерекшеліктері бойынша  консультация беру.

БИЗНЕСТІ ЗАҢДЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ. ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА

  • Ірі фармацевтикалық компаниядағы барлық шарттарға кешенді ревизия (түгендеу) жүргізу, соның ішінде шарттардың жиынтық кестесін дайындау, оларды жіктеуді әзірлеу; қолданыстағы шарттармен жұмыс істеу; дистрибьюторлық шарттарды әзірлеу, үлгілік шарт нысандарын дайындау бойынша ұсынымдар беру, шарттарды жасасу және/немесе қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында құжаттарды талдау және түзету; шарттарды тоқтатуға, өзгертуге, қайта жасасуға, оларды орындаудан бас тартуға байланысты контрагенттерге хаттарды және шарттарға қосымша келісім жобаларын дайындау; шарттар мен оларға қосымша келісімдерді келісу және қол қою процесін сүйемелдеу, контрагенттермен кездесу, телефон арқылы әңгімелесу және хат жазысу.
  • Сауда компаниясына Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының талаптарына қатысты, атап айтқанда, жарнамалық материалдардың тілі және мұндай талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша, осы сала заңнамасындағы соңғы өзгерістерді және Қазақстандағы қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесін (соның ішінде сот тәірибесін) ескере отырып, консультация беру; компанияның жарнамалық материалдарының бейнеролик, аудиоролик және мәтіні бар кескін (баннер) түріндегі үлгілерін талдау.
  • Қазақстан мен ЕАЭО заңнамасына, сондай-ақ автомобиль көлігін қоса алғанда, әртүрлі санаттағы тауарларды қатар импорттау мәселелері бойынша Қазақстандағы құқық қолдану тәжірибесіне шолу дайындау, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің кез келгенінің аумағында азаматтық айналымға тікелей сауда белгісінің иесі немесе оның келісімімен басқа тұлғалар заңды түрде енгізген тауарларға қатысты тауар белгісіне айрықша құқықтың таусылу қағидасын қолдану мүмкіндігін талдау, Қазақстан аумағына автокөлік әкелу тәртібін, импортталатын тауарларға және Қазақстан аумағында тауарларды азаматтық айналымға енгізуге қойылатын талаптарды сипаттау.
  • Қолданыстағы заңнаманы және қазақстандық/отандық өндірушілер мәртебесін растау мәселелері бойынша заңнама нормаларының жоспар бойынша тексерілуін ескере отырып, қағаз өндіретін шетелдік компанияға мемлекеттік сатып алу ұлттық режимінен офистік қағазға қатысты алып тастау енгізілген жағдайда оны қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қант өндіретін компанияға: Қазақстан заңнамасы мен қолданылатын халықаралық шарттар тұрғысынан резидент емес тұлғаның Қазақстанға қантты әкелуі, сақтауы және өткізуі кезінде туындайтын негізгі салықтық міндеттемелер мен тәуекелдерге; компания қарастырып отырған бизнесті іске асыру сұлбаларының заңдылығына; салықтық және азаматтық-құқықтық тәуекелдерді барынша азайту тұрғысынан алғанда мәмілені іске асырудың компания үшін ең тиімді басқа нұсқаларына қатысты консультация беру.
  • Халықаралық компанияға Қазақстанның сауда қызметі туралы заңнамасының талаптары, соның ішінде тілдік талаптар және өнімді таңбалауға қатысты ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына, соның ішінде өнім қаптамасында міндетті таңбалама болмаған жағдайда, сондай-ақ өнім туралы ескірген ақпаратты қамтитын таңбалама болған жағдайда компания үшін тәуекелді бағалауға; өнімді ЕАЭО нарығында, соның ішінде Қазақстанда айналымға шығару мүмкін болмайтын өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растауға (өнім түріне байланысты сертификаттау немесе декларация түрінде) қатысты консультация беру.
  • Дау тараптарының арасындағы шартта қамтылған төрелікке қатысты ескертпе назарға алынбай және жауапкердің қатысуынсыз оңайлатылған нысанда жүргізілген және жауапкер өзіне қатысты шығарылған сот шешімі туралы мәжбүрлеп орындау сатысында, оның банктік шотына тыйым салынған кезде ғана білген сот талқылауы шеңберінде ірі мұнай компаниясына құқықтық қолдау көрсету, соның ішінде судья мен талапкердің процестік әрекеттерін табысты түрде даулау, шешімнің бет бұруы және нәтижесінде күшінің жойылуы.
  • АХҚО аумағында тіркелген жекеше компанияға парфюмерлік-косметикалық өнімдерді қайтару және сапасына сараптама жүргізу, осы өнім түріне қолданылатын кепілдік мерзімдері мәселелері бойынша сауда, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы, сараптама шығынының сатушы мен сатып алушы арасында бөлінуі тұрғысынан консультация беру; сатып алушының өнімді қайтару және сапасына сараптама жүргізу туралы талабына сатушының жауап хатының нысанын әзірлеу.
  • Әлемге әйгілі тамақ өнімдерін, сусындарды және басқа да күнделікті қажетті тауарларды жеткізушінің жаһандық желісіне кіретін қазақстандық компанияға дистрибьюторлармен арада туындаған дауларды шешу мәселелері бойынша консультация беру; дистрибьюторлық шарттарды тоқтату, дауларды сотқа дейін шешу рәсімін заңдық сүйемелдеу, соттарда компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Ірі компанияға электрондық сауда және қашықтан жасалатын сауда шеңберінде, соның ішінде бизнестің әртүрлі модельдерін (Қазақстан аумағында және шетелде орналасқан байланыс орталығы арқылы) ескеріп, әлеуетті қазақстандық клиенттердің дербес деректерін жинау, сақтау, өңдеу мәселелері бойынша, тауарларды телевизия арқылы жарнамалауды ұйымдастыру, баға белгілеу, мұндай қызметке салық салу аспектілері, оған қолданылатын заңнама, қашықтан сатып алынған тауарды қайтарудың мүмкін нұсқалары, тұтынушылардың құқығын қорғаудың өзге де аспектілері бойынша консультация беру.
  • Клиентке Қазақстандағы интернет-дүкен мен тапсырыс беру орындарының қызметін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша кешенді консультация беру, соның ішінде Қазақстан Республикасында қатысудың мүмкін корпоративтік нысандарын салыстырмалы талдау; лицензиялау және өзге де рұқсат құжаттарын алу мәселелері; шарттық конструкциялар мен электрондық құжат айналымы нұсқалары; бизнесті салықтық құрылымдау мәселелері бойынша кеңес беру; сату, орнын ауыстыру, сақтау бойынша ерекше талаптар белгіленген тауарлардың жекелеген санаттарына (акцизделетін тауарлар, жануардан алынған өнімдер, темекі өнімдері және т.б.), сондай-ақ міндетті таңбалауға/қадағалауға жататын тауарлар бойынша таңбаламасы, тауар қозғалысы тұрғысында алғанда тауарлардың алуан түрлерінің айналымының ерекшеліктеріне қатысты қойылатын заңнамалық талаптар; сауда үй-жайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптары; тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда саласындағы заңнаманың жалпы талаптары, соның ішінде тауарды қайтару, тауар қозғалысын құжат жүзінде ресімдеу, интернет-дүкен жұмысының өзге де аспектілері; интернет желісі арқылы қашықтан сатылатын тауарлардың (соның ішінде тамақ өнімдерінің) тізбесіне қатысты белгіленген шектеулер; еңбек қатынастарын қалыптастыру; Қазақстан Республикасы аумағында дербес деректерді жинау/өңдеу және қорғау мәселелері бойынша кешенді консультация беру.
  • Американың жетекші мұнай компаниясына келісімшарт жасасу мәселелері бойынша жүйелі түрде консультация беру.
  • Шетелдік компанияға Қазақстан аумағында компания жабдығын алға жылжыту мақсатында дайындық сипатындағы бастапқы кезеңде (маркетингтік зерттеу, әлеуетті клиенттермен кездесу, келіссөз және т.б.) бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің мүмкін нысандары (соның ішінде құрылымдық бөлімшені немесе еншілес компанияны құрмай жұмыскерлерді жалдау, жеке тұлғалармен агенттік шарттар жасасу, кадр агенттігімен қызметкерлер лизингі туралы шарт жасасу және т.б.) бойынша Қазақстан заңнамасының жалпы талаптары бойынша консультация беру және құқықтық тәуекелді барынша азайту үшін қолданылатын шараларды көрсету.
  • Шетелдік ірі компанияға осы компанияның Қазақстандағы бизнесін қайта құрылымдау жобасы шеңберінде жылжитын және жылжымайтын мүлікті табыстау мәселелері бойынша консультация беру.

РЕТТЕУШІЛІК КОМПЛАЕНС. M&A

  • Қазақстанның бірқатар жер қойнауын пайдаланушы компаниясына және мұнайды теңіз көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ететін "ресурсқа іргелес" компанияларға, ірі фармацевтикалық компанияға, ірі көлік компаниясына, мейрамхана бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компанияларға қатысу үлестерін/акцияларын шетелдік компаниялардың пайдасына иеліктен шығаруға байланысты құжаттық заңдық тексеру жүргізу; дженерик өндіруші компанияның ірі халықаралық фармацевтикалық компаниямен бірігуі шеңберінде оның қазақстандық бөлімшесіне құжаттық заңдық тексеру жүргізу. 
  • Ірі фармацевтикалық компанияға халықаралық қаржы ұйымынан қарыз алу мақсатымен оның құжаттамасына заңдық тексеру жүргізу.
  • Ірі шетелдік компания қызметінің монополияға қарсы заңнамаға сәйкестігін бағалау үшін оның құжаттамасына заңдық тексеру жүргізу, соның ішінде компанияның коммерциялық шарттарының үлгілік нысандарын, компанияның қызметін реттейтін ішкі құжаттарын тексеру, компанияның басшы және басқа қызметкерлерімен сұхбат өткізу.
  • Қазақстандағы тамақ өндірісін (өсімдік майлары) қайта құру жобасы шеңберінде арнайы мақсаттағы майларды, сондай-ақ майонезді, өсімдік майын және кетчуп өндіретін ірі шетелдік компанияға экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғатты пайдалану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық амандық, фитосанитарлық бақылау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, оларды таңбалау, қаптау және сақтау, энергия үнемдеу, өрт қауіпсіздігі, жабдықты жаңғырту, тасымалдау, криптография туралы заңнама және өндірістік қызметтің басқа да аспектілері тұрғысынан зауыттың толыққанды және заңды жұмыс істеуі үшін қажетті рұқсаттар мен келісімдерге қатысты кешенді консультация беру.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00366

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Коммерциялық және шарттық құқық, Еңбек құқығы, Реттеуші құқық және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік, Комплаенс / корпоративтік басқару және ішкі тергеп-тексеру, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Фармацевтика және денсаулық сақтау, Көлік және логистика

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.