Ченцова Ольга Ивановна

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • O.Chentsova@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00364

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Дауларды шешу және төрелік, Экологиялық құқық және ESG, Жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстар

Салалық сараптама

Тау-кен өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану, Құрылыс және инфрақұрылым

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Азаматтық құқық, инвестициялық және табиғат қорғау заңнамасы, мұнай-газ және тау-кен заңнамасы, халықаралық жеке құқық, құрылыс саласында маманданған.
Ченцова ханым жиырма жеті жылдан астам уақыт бойы әлемдегі аса ірі мұнай және тау-кен компанияларына және жетекші отандық компанияларға азаматтық, корпоративтік, табиғат қорғау заңнамасы, инвестициялар, жер қойнауын пайдалану, сот және төрелік мәселелері бойынша консультация беріп келеді.

Ольга Ченцова Қазақстан Республикасының маңызды коммерциялық заңнамалық актілерін (соның ішінде ҚР Азаматтық кодексін, "Шетелдік инвестициялар туралы", "Мұнай туралы" ҚР заңдарын және т.б.) әзірлеу жөніндегі бірнеше үкіметтік жұмыс тобына қатысқан. ҚазМЗА жанындағы Жеке құқық ҒЗИ (Жеке құқық орталығының) жұмысы шеңберінде азаматтық заңнаманы, соның ішінде Азаматтық кодексті, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Мұнай туралы" заңды және басқа да бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысты.

Соңғы бірнеше жылда Ольга Ченцова жануарларды қорғау ұйымдары мен парламентарийлерге адам мен жануарлардың өзара қатынасын реттеу мәселелері бойынша белсенді түрде pro bono кеңес беріп, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылау және әзірлеу жұмыстарына қатысты.

Білімі

  • 1990                  Қазақ мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан
  • 1976-1981         Қазақ мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының бакалавры, Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2026-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – серіктестер кеңесінің төрайымы
  • 1993-2026         "AEQUITAS" заң фирмасы – басқарушы серіктес
  • 1991-1993         "Қазметаллэкспорт" қазақ мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы – шарттық құқық бөлімінің бастығы
  • 1990-1991         Қазақстан Республикасының Жоғары төрелік соты – кеңесші
  • 1981-1990         Қазақ мемлекеттік университеті – азаматтық құқық кафедрасының ассистенті, азаматтық, шаруашылық және рим құқығы пәндерінің оқытушысы

Сертификаттар мен біліктіліктер

Энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы Даңқ Залының Мүшесі (The Legal 500 2026);
Энергетика және жер қойнауын пайдалану, дауларды шешу саласындағы Аса көрнекті практик (Chambers 2026);
Энергетика саласындағы Элиталы маман (asialaw 2025);
Энергетика және M&A мәмілелер саласындағы Ұсынылатын заңгер (Lexology Index 2025);
Энергетика және инфрақұрылымдық жобалар, тау-кен өнеркәсібі, мұнай және газ, жобаларды әзірлеу саласындағы Құрметті заңгер (IFLR1000 2025);
Көшбасшы әйелдер тізіміне енгізілді (IFLR1000)
Энергетика және жер қойнауын пайдалану, төрелік және медиация саласындағы Жыл заңгері (Best Lawyers 2017-18, 2014-16)

Маңызды істер

Жер қойнауын пайдалану

  • ExxonMobil, Chevron Munai Gas, "Теңізшевройл" ЖШС сияқты аса ірі мұнай компанияларына жер қойнауын пайдаланудың әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.
  • Шетелдік инвесторға (Гонконг) жер қойнауын пайдаланудың әртүрлі мәселелері бойынша, сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ компаниясын сатып алуға байланысты Қазақстанның инвестициялық заңнамасы бойынша консультация беру.
  • Қазақстанның асы ірі көмір өндіруші компаниясы "Богатырь Көмір" ЖШС-іне Қазақстан заңнамасының әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.

Инвестициялар

  • Ресей Федерациясына Оман Сұлтанатынан Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының иелері "KҚK-K" АҚ және "KTK-Р" ЖАҚ үлестік қатысуын сатып алуға байланысты консультация беру.
  • Ресейдің аса ірі мұнай компаниясына және оның еншілес кәсіпорнына Қазақстандағы ірі газ кен орнын игеруге арналған Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) қамтамасыз етілген қарызына байланысты Қазақстан заңнамасының мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қазақстандық мұнай компаниясын бақылайтын "Қуат" холдингтік компаниясы" АҚ-ны сатып алу мәмілесіне байланысты "China ZhenHua Oil" компаниясына консультация беру.
  • Қазақстандық алтын өндіруші компаниялар тобы "Қазақалтын" тау кен-металлургия концерні" АҚ сатып алуына бойынша шетелдік инвесторға консультация беру.
  • Қазақстанның аса ірі мырыш өндіруші компанияларының бірі "ШалкияЦинк Лтд." АҚ-ға Лондон қор биржасындағы IPO-дан кейінгі кезеңде компания жасаған бірқатар мәмілелерге байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұстанымының заңдылығына қатысты мәселелер бойынша консультация беру.
  • Ресейлік атом компаниясы "Атомредметзолото" АҚ-қа атом өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын қазақстандық компанияларды сатып алуына байланысты консультация беру.
  • "Магнитогорский металлургический завод" ААҚ-ға Қазақстандағы бизнесін қайта құрылымдауға байланысты консультация беру.
  • Қазақстанның инвестициялық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша инвестициялық төрелікке сараптамалық қорытынды дайындау.

Экология

"Теңізшевройл" ЖШС және басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қоршаған ортаны қорғау заңнамасының әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.

Құрылыс

  • Швейцарияның ірі мұнай-сервистік компаниясына Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орындарының бірінде объектілердің құрылысын салу шартын дайындауға және "Құрылысқа арналған келісімшарттың шарттары" FIDIC үлгілік келісімшартын (Қызыл кітап, 1999 жыл) Қазақстан заңнамасының талаптарына бейімдеуге байланысты консультация беру.
  • Қазақстанның аса ірі "Базис-А" құрылыс корпорациясына және оның еншілес кәсіпорындарына соңғы жылдардағы бірқатар жобалар бойынша консультация беру.
  • Қазақстанның ірі кен орындарының бірінде мұнай-газ құбырларын (магистралдық және технологиялық) салуға (EPC – Construction of "Trunklines and Production Flow Lines") байланысты Қазақстан құқығының күрделі мәселелері бойынша ірі шетелдік инвесторға консультация беру.

Заң шығарушылық

  • "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының жұмысына (2019-2020) қатысу.
  • Chevron корпорациясының тапсырмасы бойынша Қазақстанның экологиялық заңнамасын, соның ішінде қоршаған ортаға шығарындылар мәселелері бойынша реформалау тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу.
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы және Ерекше бөлімдерін) жетілдіру бойынша талқылауға және ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
  • "Теңіз операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) туралы" Қазақстан Республикасының заңы (2005 ж.) бойынша жұмыс топтарына, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуге қатысу.
  • Жаңа Қазақстанның азаматтық және шаруашылық заңнамасының негізін қалаған актілерді: Азаматтық кодексті (Жалпы және Ерекше бөлімдер), "Шетелдік инвестициялар туралы", "Жекешелендіру туралы", "Мұнай туралы" заңдарды (1990-шы жылдар) әзірлеу жұмысына қатысты.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00364

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Дауларды шешу және төрелік, Экологиялық құқық және ESG, Жер қойнауын пайдалану және табиғи ресурстар

Салалық сараптама

Тау-кен өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану, Құрылыс және инфрақұрылым

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.