Хамидуллина Екатерина Руслановна

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 (727) 3 968 968
  • Y.Khamidullina@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00357

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Банктік құқық және қаржыландыру, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Коммерциялық және шарттық құқық, Еңбек құқығы, Комплаенс / корпоративтік басқару және ішкі тергеп-тексеру, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Фармацевтика және денсаулық сақтау, Жылжымайтын мүлік және девелопмент, Өнеркәсіп және өндіріс, Қаржы технологиялары және цифрлық экономика

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Дауларды шешу, корпоративтік, қаржылық, еңбек және шарттық құқық саласында маманданған. Екатеринаның "Астана" халықаралық қаржы орталығының құқығы, дербес деректерді қорғау, комплаенс, жобалық қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау, технологиялар, медиа және телекоммуникация мәселелері бойынша консультация беруде мол тәжірибесі бар. AEQUITAS заң фирмасында 2012 жылдан бері жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап фирманың АХҚО-дағы филиалының басшысы.

"Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес іскерлік адалдықты арттырудың және корпоративтік басқаруды дамытудың жүйелі, құрылымдалған және тиімді саясатын енгізу" жобасы шеңберінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын дайындау жөніндегі Kazakhstan Bar Association заң консультанттары палатасының жұмыс тобының мүшесі.
 
Екатерина "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.  Doing Business рейтингінде заңнама мониторингі бойынша Дүниежүзілік Банктің респонденті ретінде қызмет етті.

Білімі

  • 2023                    Лондон Корольдік Колледжі, қаржы құқығы, технологиялар және деректерді қорғау саласындағы магистр, Ұлыбритания. Chevening стипендиаты
  • 2016                    Орталық Еуропа университеті, халықаралық бизнес құқығы магистрі, Венгрия
  • 2014                    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан (үздік дипломмен)
  • 2012                    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, құқық бакалавры, Қазақстан (үздік дипломмен)

Жұмыс тәжірибесі

2024 – қ/у                "AEQUITAS" заң фирмасы – серіктес, фирманың АХҚО-дағы филиалының басшысы
2023 – 2024             "AEQUITAS" заң фирмасы – аға заңгер, фирманың Ұлыбританиядағы өкілі
2020 – 2023             "AEQUITAS" заң фирмасы – аға заңгер
2016 – 2020 "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгер
2014 – 2016 "AEQUITAS" заң фирмасы – кіші заңгер
2012 – 2014 "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгердің көмекшісі 

Сертификаттар мен біліктіліктер

| Коммерциялық, корпоративтік құқық және M&A, сондай-ақ дауларды шешу саласындағы Жаңа буын серіктесі (The Legal 500, 2026)
Коммерциялық, корпоративтік құқық және M&A саласындағы Жаңа буын серіктесі (The Legal 500, 2025)
Коммерциялық, корпоративтік құқық және M&A саласындағы «көтеріліп келе жатқан жұлдыз Өсіп келе жатқан жұлдыз (The Legal 500, 2024)
Банктік және қаржы құқығы саласындағы Ұсынылатын заңгер (The Legal 500, 2023) |

Маңызды істер

"Астана" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

  • АХҚО-да тіркелген аса ірі компаниялардың біріне акцияларды кері өтеуін төлеп алу, еншілес компанияның бас компания акцияларын өтеуін төлеп алуы, жарғылық капиталды ұлғайту, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері, сондай-ақ топішілік мәмілелер шеңберінде қаржыландыру мәселесі бойынша консультация беру.
  • Бірқатар компанияға тіркеу, оңтайлы ұйымдық нысанды таңдау, салық салу мәселелері бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу қызметін көрсету. Барлық қажетті корпоративтік құжаттарды дайындау, басқару органдарының құрылымы бойынша кеңес беру, соның ішінде қажетті корпоративтік және еңбек құжаттарын әзірлеу және бейімдеу.
  • Компаниялардың ішкі жаһандық операциялық рәсімдері мен саясатын АХҚО заңнамасының талаптары бойынша әзірлеу және оған бейімдеу.
  • Бірқатар халықаралық компанияларды процестік агент қызметін көрсету мәселелері бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу.
  • Әртүрлі клиенттерге санкциялардың әсері туралы заңдық қорытынды дайындау және АХҚО-да компанияларды тіркеу, банктік шоттар ашу және қажетті рұқсат құжаттарын (лицензияларды) алу мақсатымен тексеру жүргізу. Клиенттердің қатарында DataArt, Turkish Aerospace, Forex Club, Reliance Petrochem сияқты әлемге танымал компаниялар және тағы басқасы бар.
  • Recognized Non-AIFC Member мәртебесін алу мақсатында бірқатар халықаралық брокерлік компанияны процестік агент қызметін көрсету мәселелері бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу. Клиенттердің қатарында Цифра Брокер, BCS, Atonline, AMBROK сияқты ірі ойыншылар және т.б. бар дауларды шешу
  • Әртүрлі клиенттердің сұрауы бойынша даулы жағдайлар бойынша құқықтық қорытынды дайындау және істердің соттар мен төреліктерде қаралу перспективасын бағалау.
  • Жеткізу шарты бойынша 2 млн АҚШ долларынан асатын сомадағы берешекті өндіріп алу туралы істе әлемдік жетекші технологиялық концерннің Қазақстандағы бөлімшесінің мүддесіне табысты түрде өкілдік ету. Клиенттің мүддесін қорғау стратегиясын әзірлеу, талап арызын, бітімгершілік келісімді және өзге де құжаттарды дайындау.
  • Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын халықаралық американдық мектептің мүддесін дербес деректердің жария етілуіне және моралдық зиянды өтеуге байланысты дау бойынша табысты түрде қорғау.

Банк және қаржы іс-тәжірибесі / жылжымайтын мүлік

  • Қазақстандық қарыз алушыларды қаржыландыру бойынша Қазақстан және ағылшын құқығы бойынша реттелетін бірқатар мәмілелерде кредиторлардың мүддесіне өкілдік ету, қамтамасыз етудің құрылымы бойынша консультация беру, қамтамасыз ету бойынша құжаттарды және заңдық қорытындыларды дайындау.
  • Еуразиялық даму банкіне банктің және Қазақстанның ірі электр станциясының арасында жасалған кредиттік келісімді қайта құрылымдау мәселелері бойынша консультация беру, соның ішінде компанияның мүлкін кепілге табыстауға, компанияның акционерлері құрамының ауысуына және кредиттік келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін компания акционерлерінің кепілдік беруі бойынша заңдық қорытындылар дайындау.
  • Шетелдік банкке ірі қазақстандық компанияның жылжымайтын мүлкін банкке кепілге табыстауға мәселесі бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу қызметін көрсету.
  • Қазақстандық компаниялардың жылжымайтын және жылжитын мүлкін (акцияларын, қатысу үлестерін, жер пайдалану құқықтарын және өзге де мүлкін) Еуразиялық даму банкінің, Исламдық даму банкінің және Еуропалық қайта құру және даму банкінің пайдасына кепілге қоюды тіркеуді заңдық сүйемелдеу.
  • Трансұлттық энергетикалық компанияға осы компанияның Қазақстандағы бизнесін қайта құрылымдау жобасы шеңберінде жылжитын және жылжымайтын мүлікті табыстау мәселелері бойынша консультация беру.
  • Оңтүстік Кореяның бірқатар ірі банктеріне Алматы қаласындағы Apple Town тұрғын үй кешенін қаржыландыруына және қызметін іске асыруына байланысты мәселелердің кең ауқымы бойынша консультация беру.
  • Шетелдік инвесторларға күн, жел электр станцияларын салу және қажетті рұқсаттарды алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша консультация беру.

Технологиялар, медиа және телекоммуникациялар

  • Қытайдағы аса ірі телекоммуникация операторларының біріне Қазақстанда компанияның қызметін жүзеге асыру үшін бизнес-құрылым құруға қатысты кешенді консультация беру, сондай-ақ байланыс операторларына қойылатын біліктілік талаптарына, мобильді спутниктік байланыстың код нөмірлерінің ресурстарын басқаруға, спутниктік мобильді байланыс спутниктерін орбитаға шығаруды дайындауға және іске асыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан аумағында мамандандырылған жерүсті спутниктік станциялар орнату мәселелері бойынша консультация беру.
  • Аса ірі аэроғарыш компанияларының біріне ұлттық қауіпсіздікке, Қазақстанда телекоммуникация қызметін жүзеге асыруға, спутниктік байланыс қызметін ұсынуға, біліктілік талаптарына, деректерді ұстап алуға, интернет-ресурстарды бұғаттауға және телекоммуникация жабдығына қойылатын талаптарға байланысты мәселелер бойынша консультация беру.
  • Қысқа бейнероликтерді жасауға және көруге арналған жаһандық платформа қызметін ұсынатын компанияға бұл компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша, соның ішінде жазылым мерзімін автоматты түрде ұзартуға, контент модерациясына, тұтынушылар құқығын қорғауға, құпиялылыққа, дербес деректерді қорғауға, платформаны пайдалану шарттарына, тілге қатысты талаптарға, монетизация мен төлеуге, ақшалай қаражатты қайтаруға, қара паттерн (dark patterns) үшін жауапкершілікке және тағы басқаға қатысты консультация беру.
  • Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) Қазақстан аумағына әкелу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Шетелдік криптовалюта биржаларына Қазақстандағы криптовалюта жарнамасы мәселелері бойынша консультация беру.
  • Букмекерлік компания қызметінің жарнамасын масс-медиада орналастыру мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік БАҚ қызметін реттеу бойынша ұсынымдар беру.

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

  • Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson, Chevron, Metro Cash & Carry, Willis Towers Watson, Visa және басқа да ірі компанияларға Қазақстанның еңбек заңнамасы мәселелері, соның ішінде жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек жағдайын өзгерту, еңбек қатынастарын тоқтатудың негіздері мен тәртібі, қашықтан жұмыс істеу, дербес деректерді қорғау, GDPR талаптарына сәйкестік және өзге де мәселелер бойынша консультация беру. 
  • Әртүрлі санаттағы жұмыскерлермен жасалатын еңбек шарттарының жобаларын, бейбәсекелестік туралы келісімдерді, ынталандыру төлемдері туралы ережелерді, сондай-ақ жұмыс берушінің өзге де ішкі актілерін дайындау.
  • Клиенттерге дербес деректерді қорғаудың әртүрлі мәселелері (дербес деректерді жинау, өңдеу, Қазақстанда жергіліктендіру) бойынша жүйелі түрде консультация беру, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің нысандарын дайындау.
  • Клиенттерге IUS Laboris ұйымымен (еңбек құқығы мәселелері жөніндегі аса ірі заң фирмаларының альянсы) бірге Қазақстанның еңбек, көші-қон заңнамасы және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша вебинарлар өткізу.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС

  • Кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама, міндетті талаптар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ заңнаманы бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша консультация беру.
  • Компаниялардың қызметі мен ішкі құжаттамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. Компаниялардың ішкі жаһандық операциялық рәсімдері мен саясатын Қазақстан заңнамасы мен халықаралық заңнама талаптарына бейімдеу. Комплаенс тәуекелінің алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.

M&A. Корпоративтік құқық

  • Қазақстандағы ірі мұнай, құрылыс және фармацевтикалық компанияларға due diligence жүргізуге, соның ішінде корпоративтік, еңбек құжаттарын, компаниялардың активтерін, контрагенттермен жасалған шарттарын және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қажетті рұқсат құжаттарын тексеруге тұрақты түрде қатысу.
  • Қазақстанда заңды тұлғаларды, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерін тіркеу және тарату мәселелері, жарғылық капиталды ұлғайту, қайта ұйымдастыру, банкроттық, акционерлердің (қатысушылардың) ауысуы, M&A мәмілелерін сүйемелдеу бойынша консультация беру.
  • Дивиденд төлеу, мәмілелерді мақұлдау тәртібі және акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мәселелері бойынша консультация беру.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА

  • Трансұлттық компанияларға (Johnson & Johnson, Sanofi, AstraZeneca, Santo, Pfizer, Dr. Theiss Naturwaren GmbH, Terumo, Canon Medical Systems) Қазақстандағы қызметті құқықтық реттеудің әртүрлі мәселелері, соның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сараптамасы, әкелу, сатып алу, тіркеу, айналымы, өткізу, жарнамалау бойынша консультация беру.
  • Фармацевтикалық компанияларға әртүрлі шарт жобаларын, соның ішінде жарнама/маркетинг шарттарын, пациенттерді қолдау бағдарламасын іске асыру туралы шартты, дәріхана желілеріне қызмет көрсету туралы шарттарды, автомобиль аукционын өткізу туралы шартты және т.б. дайындау.
  • Ірі фармацевтикалық компанияның стандартты операциялық рәсімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі жағынан талдау.

БИЗНЕСТІ ЗАҢДЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

  • "Первая грузовая компания" АҚ-ға Қазақстан Республикасында жүк жылжымалы құрамын тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • General Electric компаниясына атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсетуге лицензия алуды заңдық сүйемелдеу.
  • Әртүрлі және күрделілік деңгейі әртүрлі шарттарды (жеткізу, қызмет көрсету, жалдау, кепілге қою, кепілдік, кепілгерлік, сақтандыру, лицензиялық шарт және Қазақстан құқығымен реттелетін өзге де шарт түрлері) құқықтық талдау/әзірлеу.
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттық меморандумдар дайындау.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА

  • Қазақстан Республикасында жарнаманы құқықтық реттеу мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ маркетингтік/жарнамалық және консультациялық қызмет көрсету туралы әртүрлі шарттарды дайындау.
  • Shoppinglive компаниясына Қазақстан аумағында тауарларды ТД арнасы және интернет-дүкен арқылы сатудың құқықтық аспектілері бойынша консультация беру.
  • Компанияларға телерадио хабар тарату, VoIP-телефония, техникалық реттеу, өнімді таңбалау, жарнамалық науқан өткізу және өзге де мәселелер бойынша консультация беру.

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕ

  • Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні иеліктен шығару және осындай жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді беруге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің рұқсатын алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Компанияларға монополияға қарсы заңнаманың әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.
  • Клиенттердің атынан экономикалық шоғырландыруға Қазақстанның бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органының рұқсатын алу үшін хабарламалар мен өтінішхаттарды дайындау.
  • Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңнама және жарнаманы реттеу бойынша тренингтерді дайындауға және өткізуге қатысу.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00357

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Банктік құқық және қаржыландыру, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Коммерциялық және шарттық құқық, Еңбек құқығы, Комплаенс / корпоративтік басқару және ішкі тергеп-тексеру, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Фармацевтика және денсаулық сақтау, Жылжымайтын мүлік және девелопмент, Өнеркәсіп және өндіріс, Қаржы технологиялары және цифрлық экономика

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.