Культелеев Таир Сагандыкович

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 727 3 968 968
  • T.Kulteleev@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00216

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Жылжымайтын мүлік және құрылыс, Еңбек құқығы, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Құрылыс және инфрақұрылым, Жылжымайтын мүлік және девелопмент, Өнеркәсіп және өндіріс

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Таир Культелеевтің азаматтық, корпоративтік, монополияға қарсы құқық, технологиялар, медиа және телекоммуникациялар саласында үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ ол "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) құқығы бойынша тұрақты түрде консультация береді.

AEQUITAS заң фирмасында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап тіркеу секторына басшылық етеді. Компаниялардың бизнесін заңдық сүйемелдеуге, заңды тұлғаларды құруға, тіркеуге, таратуға, қызметін тоқтата тұруға қатысты мәселелер бойынша көп жыл консультация беру тәжірибесі бар. Мемлекеттік органдармен қатынаста, сондай-ақ соттар мен төреліктерде бірнеше рет клиенттердің мүддесіне өкілдік етті.

2022 жылдан бастап АХҚО құқығы бойынша заң кеңесшісі (Legal Adviser) мәртебесіне ие.
2024 жылы АХҚО-да аккредиттелген төлем қабілеттілігін бағалаушы және ресми таратушы болып тағайындалды. Таир Siemens, Mitsubishi, Польшаның Инвестициялар агенттігінің, Havaş сияқты клиенттердің және басқа да көптеген компанияның алғыс хаттарымен марапатталған.  

Ол тұрақты жүйелі pro bono жобаларына қатысып, жануарларды қорғау қорларын тіркеу бойынша тегін заң көмегін көрсетеді. KazBar заң консультанттары палатасының Animal Law комитетінің мүшесі болып табылады.
Таир өзінің мамандану саласы аясында конференциялар мен дөңгелек үстелдерге белсенді түрде қатысады, клиенттерге Қазақстан Республикасының корпоративтік құқығы және АХҚО құқығы мәселелері бойынша вебинарлар өткізеді.

Білімі

1999 – 2003      ҚАЗГЗУ университеті (бұрынғы Қазақ гуманитарлық заң университеті), құқық бакалавры, Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2025 – қ.у.        "AEQUITAS" заң фирмасы – серіктес
  • 2022 – 2025      "AEQUITAS" заң фирмасы – аға заңгер
  • 2019 – 2024     AEQUITAS Law Firm (AIFC Branch) – филиал директоры, АЖ/ТҚҚІ саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі офицер
  • 2012 – қ.у.         "AEQUITAS" заң фирмасы – тіркеу бөлімінің басшысы
  • 2007 – 2022      "AEQUITAS" заң фирмасы – заңгер
  • 2007                  "Көмек" заң фирмасы – заңгердің көмекшісі
  • 2006                  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – консультант
  • 2003 – 2006      Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты – азаматтық құқық пәндерінің оқытушысы

Сертификаттар мен біліктіліктер

Коммерциялық, корпоративтік құқық және M&A саласындағы Жаңа буын серіктесі; Банктік және қаржы құқығы саласындағы, сондай-ақ жылжымайтын мүлік және құрылыс саласындағы Ұсынылатын заңгер (The Legal 500 2026)

2024 жылғы 8 ақпанда Астанада Таир Культелеев АХҚО заңнамасын насихаттауға қосқан үлесі үшін, құқық ғылымы мен іс-тәжірибесінің дамуына елеулі үлес қосатын құқық саласындағы мазмұнды әрі маңызды жарияланымдардың авторы ретінде АХҚО Басқарушысының Алғыс хатын алды.
 
Таир Культелеев 2024 жылғы 26 қыркүйекте Куала-Лумпурда«Жыл заңгері» номинациясы бойынша Asia Law халықаралық рейтинг агенттігінің марапатын алды.

Маңызды істер

"Астана" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖОБАЛАР


  • Playrix Kazakhstan Ltd. жекеше компаниясын (әлемдегі топ-3 мобильді ойын компаниялары қатарына кіреді) АХҚО аумағына қайта локациялау және тіркеу мәселелері бойынша, сондай-ақ АХҚО-ның осы саладағы арнайы заңнамасын ескере отырып еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелері бойынша жан-жақты консультация беру.
  • Аса ірі тікелей инвестициялар қорына құрылымында жаңартылатын энергия көздері саласындағы активтері бар бірнеше холдингтік компанияны сатып алу мәселелері бойынша консультация беру. Жоба шеңберінде сатып алынатын компанияларға due diligence жүргізіліп, қажетті құжаттар, соның ішінде ағылшын құқығының құралдары (мәселен, put option, call option, tag along, drag along) ескеріліп Framework Investment Agreement, Shareholders Agreement, Subscription Agreement, Articles of Association және басқа да құжаттар әзірленді.
  • Гонконгтың ірі компаниясына Қазақстанда атом өнеркәсібі мен ауыр өнеркәсіпке арналған өнім өндіретін бірқатар өнеркәсіп орындары бар холдингтік компанияның акцияларын сатып алу мәмілесі бойынша консультация беру. Жоба аясында сатып алынатын компанияларға due diligence жүргізілді, қажетті құжаттар, соның ішінде сатып алу-сату шарты, тығырыққа тірелген мәселелерді шешудің бейстандартты тәсілдерін және халықаралық инвестордың, сол сияқты жергілікті серіктестің өзіндік ерекшеліктері ескерілген басқару органдарының құрылымын көздейтін жарғы және акционерлердің келісімі әзірленді.
  • Қазақстанның оңтүстігіндегі жел электр станцияларына иелік ететін холдингтік компанияның акцияларын сатып алу мәмілесінде Қытайдың ірі компаниясын кешенді заңдық сүйемелдеу.
  • Құрылу мақсаты Қазақстан Республикасындағы уран кен орындарын сатып алу болып табылатын Қытайдың еншілес компаниясын тіркеу, соның ішінде өзге де ілеспе мәселелер бойынша консультация беру.
  • Neo Crystal Holdings LTD компаниясына микроқаржы қызметін көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын төрт заңды тұлғаға, соның ішінде "OnlineKazFinance МҚҰ" АҚ-ға қатысатын, АХҚО-да құрылған Solva Group Ltd. компаниясының акцияларын сатып алу мәселелері бойынша консультация беру. Жұмыс сатып алынатын компаниялар тобына due diligence жүргізуді, сондай-ақ жалпы құқық жүйесі мен АХҚО үздік тәжірибесін ескеріп АХҚО-дағы компанияның жарғысын жасалған акционерлік келісімнің шарттарына сәйкестендіруді қамтыды. "OnlineKazFinance МҚҰ" АҚ KASE және AIX биржаларында листингте бар және Қазақстандағы аса ірі микроқаржы ұйымдарының бірі болып табылады.
  • Бүкіл әлемге әйгілі бірнеше компанияға, соның ішінде аса ірі Polymetal International plc (жаңа атауы Solidcore Resources plc) тау-кен компаниясына АХҚО-ға қайта домицильдеу бойынша консультация беру.
  • АХҚО-да тіркелген алғашқы халықаралық компаниялардың бірі болып табылатын, көпбейінді блокчейн компаниясы, өнеркәсіптік майнер және Биткойн блокчейнімен жұмыс істейтін бағдарламалық және аппараттық жасақтаманы әзірлеуші Bitfury KZ Limited компаниясын тіркеу. Осы компанияның қызметін, соның ішіне акционерлер, директорлар құрамын ауыстыруды және мекенжайын өзгертуді заңдық сүйемелдеу.
  • Chevron корпорациясына тікелей инвестициялар қорын құру мәселелері бойынша консультация беру. Бұл жобаның нәтижесінде АХҚО-да алғашқы кэптивтік немесе корпоративтік қорлардың бірі құрылды.
  • Бірқатар компанияларды тіркеу, оңтайлы ұйымдық нысанды таңдау, салық салу мәселелері бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу. Барлық қажетті корпоративтік құжаттарды дайындау, басқару органдарының құрылымы мәселелері бойынша кеңес беру, соның ішінде қажетті корпоративтік, еңбек құжаттарын әзірлеу және бейімдеу.
  • Әртүрлі клиенттерге санкциялардың әсері туралы құқықтық қорытынды дайындау және АХҚО-да компанияларды тіркеу, банктік шоттар ашу және қажетті рұқсат құжаттарын (лицензияларды) алу мақсатында тексеру жүргізу. Клиенттердің қатарында әлемге әйгілі DataArt, Turkish Aerospace, Forex Club, Reliance Petrochem және басқа да компаниялар бар.
  • Бірқатар халықаралық брокерлік компанияны Recognized Non-AIFC Member мәртебесін алу мақсатында процестік агент қызметін көрсету мәселелері бойынша кешенді заңдық сүйемелдеу. Клиенттердің қатарында Цифра Брокер, BCS, Atonline, AMBROK және басқа да ірі ойыншылар бар.
  • АХҚО заңнамасының талаптары бойынша компаниялардың ішкі жаһандық операциялық рәсімдері мен саясаттарын әзірлеу және бейімдеу.
  • АХҚО-да тіркелген шетелдік банк өкілдігінің қызметін тоқтатуды және оны таратуды кешенді заңдық сүйемелдеу, соның ішінде АХҚО құқығы бойынша ресми таратушы міндетін атқару.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТІРКЕУ, ҚАЙТА ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ


  • General Electric, Exxon Mobil, Chevron, Lukoil, Hewlett-Packard, Mars, METRO Cash & Carry, Johnson & Johnson, Shclumberger, Siemens, Scania, Sanofi, Caterpillar, China Mobile, Li Auto, XCMG, Kingston, Mitsubishi, OSRAM, Netcracker Technology, ЕвроХим, Альфа-Групп, Боржоми және т.б. әлемге танымал брендтерге өкілдік ететін клиенттердің еншілес компанияларын, сондай-ақ филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу мәселелері бойынша консультация беру және олардың мүддесіне өкілдік ету.
  • Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, соның ішінде Франция іскер топтары қауымдастығының негізінде қайта құрылған Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасын тіркеуді толық заңдық сүйемелдеу. Польшаның Инвестициялар және Сауда Агенттігін тіркеу және қызметін заңдық сүйемелдеу.
  • Эмити Интернешнл, Danone Kazakhstan, ЕвроХим-Удобрения, 31 канал телерадиокомпаниясы, Jacobs Kazakhstan, CMA CGM Logistics Central Asia, TotalEnergies Marketing Kazakhstan, Peri Kazakhstan, Uber Kazakhstan сияқты компаниялардағы және т.б. қатысу үлестерін сатып алу мәмілелеріне байланысты кешенді заңдық сүйемелдеу, соның ішінде корпоративтік құқықтың әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру, іс-шаралардың қадамдық жоспарын, барлық корпоративтік құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ қайта тіркеуді заңдық сүйемелдеу.
  • AIG Kazakhstan,  Chartis, PPF Insurance, Home Credit Bank, Атомредметзолото, ТрансКонтейнер, АльянсНефтеТрансПетро сақтандыру компанияларына қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қызмет етіп отырған заңды тұлғалардан жаңа заңды тұлғалардың бөлінуі нысанында бизнесті қайта құрылымдау жөніндегі бірнеше жаһандық жобаны заңдық сүйемелдеу. Hewlett Packard, Thyssenkrupp және Siemens сияқты танымал компаниялардың жобаларын сәтті орындау.
  • Caspian International Restaurants Company компанияларының (KFC, Pizza Hut, Hardee’s, Costa Coffee, Baskin Robbins және басқаларын қамтитын Horeca мекемелер желісі) меншік иесінің өзгеруіне байланысты бизнесті қайта құрылымдау жобасының қазақстандық бөлігін толық аяқтап заңдық қолдау және сүйемелдеу, соның ішінде компанияға due diligence жүргізу, мәміле жасау үшін корпоративтік құжаттарды дайындау және компанияны уәкілетті органда қайта тіркеу.
  • Ірі мұнай өндіруші компанияның қызметін Орталық Азияның үш юрисдикциясында (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) қайта құрылымдау мәселелері бойынша консультация беру, соның ішінде құқықтық қорытынды дайындау, қайта құрылымдау моделдерін әзірлеу, сондай-ақ жоба аясындағы бірнеше жетекші заң фирмасымен жұмысты үйлестіру.
  • Kodak, American Express Bank, Whirlpool, Hewlett-Packard, Uranium One, Camper, Abbott, Mundipharma, Actavis, Mepha, Teva Czech, Zentiva, Michelin сияқты және т.б. танымал компаниялардың құрылымдық бөлімшелерін таратуды және қызметін тоқтатуды заңдық сүйемелдеу.

Корпоративтік құқық

  • Hewlett-Packard, Jones Lang LaSalle, Sanofi-Aventis Group, Reckitt Benckiser, Shclumberger, Сaterpillar, MediaMonks, Natusana (Dr. Theis), Ipsen Pharma Kazakhstan сияқты компанияларға, сондай-ақ әлемдік фармацевтикалық нарықтағы ең үздік ондыққа кіретін ірі фармацевтикалық компанияларға Қазақстандағы еншілес компаниялары мен құрылымдық бөлімшелерінің басқару құрылымын жетілдіру мақсатында ішкі басқарудың, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізудің әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.
  • Шетел қатысатын қазақстандық компаниялардың құрылтай құжаттарын акционерлердің келісімдеріне, топішілік саясаттарға және жаһандық деңгейде әзірленген өзге де құжаттарға сәйкестендіру үшін бейімдеу. Комплаенс тәуекелінің алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • Қалып және құрылыс ағашын жасайтын жабдық өндіруші ірі компанияның Қазақстандағы еншілес компаниясына қатысушылар құрамын өзгерту рәсіміне, бірінші басшымен жасалған еңбек құжаттарын қайта ресімдеуге қатысты консультация беру. Қатысушылар құрамы мен басшылықты ауыстыру процесін толық заңдық сүйемелдеу, соның ішінде корпоративтік және еңбек құжаттарын әзірлеу және бейімдеу, осы орайда заңды тұлға басшысының құзыретін шектеу мақсатында еншілес компанияның жарғысына және басшымен жасалатын еңбек шартына шектеулер мен арнайы келісімдерді енгізу; компанияның кез келген құжаттарына "қос" қол қоюды енгізу үшін жағдай жасау; компанияның атынан Қазақстандағы еншілес компанияның басшысымен бонустық жүйе шарттарын және ынталандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібін келісу.
  • Шетелдік сервистік компанияға оның Қазақстандағы бөлімшелеріне әсер ететін бизнесін жаһандық деңгейде қайта ұйымдастыруына байланысты корпоративтік мәселелер, соның ішінде компания атауының өзгеруіне байланысты корпоративтік, еңбек және рұқсат-лицензиялық қатынастарға қатысты алғанда туындайтын құқықтық салдар мен ықтимал тәуекел мәселелері бойынша консультация беру.
  • Компанияларға жарғылық капиталды ұлғайту және азайту, акционерлердің (қатысушылардың) ауысуы мәселелері бойынша консультация беру, M&A мәмілелерін, мекенжайын, атауын өзгертуді және құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді заңдық сүйемелдеу қызметін көрсету.

БИЗНЕСТІ ЗАҢДЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

  • Дүние жүзіне әйгілі компанияларға, соның ішінде General Electric, ExxonMobil, John Deer компанияларына Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға қажетті лицензиялау және рұқсат құжаттарының әртүрлі мәселелері бойынша консультация беру.
  • Шетелдік инвесторға күн электр станциясын салу және қажетті рұқсаттарды алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қазақстандық компанияларды жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша заңдық сүйемелдеу. Қажетті корпоративтік шешімдерді дайындау, сондай-ақ қатысушылардың/акционерлердің жалпы жиналыстарын өткізу.
  • Қазақстан Республикасына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әкелу үшін қажетті рұқсат құжаттамасын алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • "Квику" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ін тіркеу және микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу.
  • Ірі шетелдік компанияға Қазақстандағы интернет-дүкеннің және тапсырыстарды беру орындарының қызметін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша кешенді консультация беру.
  • Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді сүйемелдеу, соның ішінде уәкілетті органда тіркеу.
  • Аса ірі халықаралық компанияларға тұрақты түрде консультация беру, соның ішінде әртүрлі құжаттар, сенімхаттар дайындау, шарттарды тексеру, мемлекеттік органдарға өтініш беру және қызметкерлерді алып жүру, электрондық цифрлық қолтаңбаларды алу, мемлекеттік қызметтердің әртүрлі порталдарында тіркеу, құжаттарды нотариалдық куәландыруды, апостильдеуді ұйымдастыру, визалық қолдау көрсету және өзге де мәселелер бойынша қызмет көрсету.
  • Ақпараттық технологиялар, фармацевтика, автомобиль бизнесі саласындағы ірі шетелдік компанияларға Қазақстандағы құқықтық реттеу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Валюталық реттеу және бақылау, дивиденд төлеу, мәмілелерді мақұлдау тәртібі және акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мәселелері бойынша консультация беру.
  • Қазақстанның 30-дан астам ірі компаниясында шетелдік компаниялардың сатып алуы мақсатында due diligence жүргізу, соның ішінде ірі халықаралық фармацевтикалық компаниямен бірігуі шеңберінде дженерик өндірушінің Қазақстандағы бөлімшесіне due diligence жүргізу.
  • Ірі еуропалық компанияның Қазақстандағы бизнесін қайта құрылымдау жобасы шеңберінде жылжитын және жылжымайтын мүлікті табыстау мәселелері бойынша бұл компанияға консультация беру.
  • Сатып алынатын компанияларға тұрақты түрде корпоративтік тексеру, санкциялық скрининг және әртүрлі параметрлер бойынша жүйелі іздеу жүргізу. Клиенттердің тапсырмаларын орындау, соның ішінде клиенттің сенімділігін тексеру, санкциялық шектеулердің, баспасөзде жағымсыз жарияланымдардың жоқтығын анықтау, сондай-ақ компанияның иелікте болу тарихын, корпоративтік құрылымын, өкілдерінің өкілеттігін, сондай-ақ қазіргі иелерін және үлестес тұлғаларын тексеру.
  • Royal Bank of Scotland тауар белгісін тіркеу.
  • Әртүрлі клиенттерге, соның ішінде резиденттерге және бейрезиденттерге банктік және эскроу шоттарын ашу.
  • Әуе кемесін жалға алу шартын тоқтату мәселесі бойынша компанияның мүддесіне өкілдік ету, соның ішінде екі әуе кемесін мемлекеттік тіркеуден шығару.
  • Enhance Aero компаниясының лизингке берілген екі әуе кемесін тіркеуден шығару мәселесі бойынша Азаматтық авиация комитетінде компанияның мүддесіне өкілдік ету, сондай-ақ әуе кемесін кепілге салуды тіркеу бойынша клиент – Ice Aircraft Management компаниясының мүддесіне өкілдік етеу.

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

  • General Electric, Hewlett-Packard, Colgate-Palmolive, Reckitt Benckiser, Metro Cash & Carry, Coriant, Effective Energy N.V., Foodpanda, Mars, Tolmar сияқты ірі шетелдік компаниялардың Қазақстан аумағындағы еншілес заңды тұлғалары мен құрылымдық бөлімшелеріндегі басшылықты ауыстыру процесін кешенді заңдық сүйемелдеу, соның ішінде мемлекеттік органдарды басшылардың ауысуы туралы хабардар ету.
  • Бірқатар ірі компанияға көші-қон заңнамасының мәселелері, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі бойынша консультация беру.
  • Ірі фармацевтикалық компанияға өкілеттігі тоқтатылатын басшымен арадағы жанжалдан, сондай-ақ кадрлық құжаттамаға қатысты проблемалы мәселелерге орай қиындай түскен қазақстандық еншілес компаниядағы басшылықты ауыстыру рәсіміне қатысты консультация беру. Басшылықты шұғыл ауыстыру қажеттілігіне байланысты жағдайдың әртүрлі сценарийіне дайындық және бас шетелдік компанияның мүддесін қорғаудың ең нәтижелі тәсілдері бойынша әртүрлі ұсыныстар әзірлеу.
  • Басшылықты өзгерту процесін заңдық сүйемелдеу, соның ішінде қажетті (корпоративтік, еңбек және т.б.) құжаттарды әзірлеу және клиенттің қалауына бейімдеу, бұрынғы басшымен еңбек қатынастарын тоқтату шарттары бойынша, сондай-ақ жаңа басшымен еңбек шартын жасасу және оның құпия ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме қабылдауы бойынша келіссөз жүргізу, басшыны ауыстыру жөнінде, соның ішінде тіркеушіні және банкті хабардар ету рәсімдерін жүзеге асыру.

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕ

  • Matimex (Германия), Bank Asset Management Agency LLC (Әзірбайжан) сияқты клиенттердің сұрауы бойынша құжаттар пакетін дайындау және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органымен экономикалық шоғырландыру мәмілелерін келісу.
  • Energo Trust, Hisense Group, Schlumberger, Boehner компанияларына, сондай-ақ Lansky, Ganzger & Partner Kazakhstan және Freshfiels Bruckhaus Deringer заң фирмаларына монополияға қарсы және корпоративтік заңнама мәселелері, соның ішінде акцияларды сатып алуға байланысты экономикалық шоғырландыруға монополияға қарсы органнан келісім алу мәселелері бойынша консультация беру.
  • Монополияға қарсы заңнаманы сақтау бойынша консультация беру және ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасына қайшы келмеу жағынан бейбәсекелестік туралы келісімдерді талдау және әзірлеу.

ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

  • Қашаған кен орнын дамыту жөніндегі пилоттық бағдарлама шеңберінде құрылыс салуға, соның ішінде мұнай-газ экспорттық құбырын жобалауға және сатып алуға байланысты әртүрлі келісімшарттар бойынша бірқатар сот істерінде Үндістанның ірі компаниясының жобалау және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын (Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company N.V. компаниясымен келісімшарт бойынша мердігер ретінде) Қазақстандағы еншілес ұйымының мүддесіне өкілдік ету. Бұдан бөлек, LCIA ережелері бойынша дауды шешу үшін шетелдік төрелікке өтініш беруге кедергі келтіретін төрелік туралы ескертпенің жарамсыздығына қатысты дауда клиенттің мүддесіне өкілдік ету.
  • ЖШС мүддесіне табысты түрде өкілдік ету, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуде заңдық сүйемелдеу. Соның нәтижесінде клиент сот ұйғарған 60 млн. теңгеден астам соманы алды.
  • Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуының заңдық фактісін белгілеу туралы іс бойынша сотта "Siemens AG" компаниясының мүддесіне өкілдік ету.
  • Бюджеттен табыс салығын қайтарудан бас тартуды даулау туралы салық органына қарсы талап арыз бойынша сотта "Мұнай тасымалдау институты" ААҚ мүддесіне өкілдік ету.
  • Директорлар кеңесінің құзыретін және қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру мен өткізу тәртібін бұзушылық негіздері бойынша компания органдарының шешімдерін даулау туралы іс бойынша соттарда мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсететін компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Талап" кен орнында полиметалл кендерін барлау және өндіру туралы келісімшартты біржақты тоқтату туралы бұйрығын заңсыз деп тану туралы іс бойынша соттарда "ШалқияЦинк ЛТД" ЖШС мүддесіне өкілдік ету.
  • Қазақстан сотында берешекті өндіріп алу туралы іс бойынша шетелдік инвестициялар салынған "А/Т Глины Донбасса" ЖАҚ (Украина) мүддесіне өкілдік ету, сондай-ақ сот шешімін орындау.   
  • "Эйр Астана" АҚ-ға қарсы берешекті өндіріп алу туралы сотта қазақстандық компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • "Саяхат" авиация компаниясы" АҚ-ға қарсы берілген төрелік соттың шешімін мәжбүрлеп орындату және атқару парағын беру туралы талап арыз бойынша сотта "Совэкс" ЖАҚ мүддесіне өкілдік ету.
  • Ұжымдық шартты жарамсыз деп тану туралы еңбек дауы бойынша сотта Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорны "Nova Цинк" ЖШС-нің мүддесіне өкілдік ету.
  • Британдық "Джонсон және Джонсон Медикал ЛТД" компаниясының "Казмедснаб" ЖШС-іне қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде клиенттің мүддесіне өкілдік ету.
  • Қазақстан бидайын сатып алу туралы шарттың орындалмауына байланысты Астық және жем саудасы жөніндегі сауда қауымдастығының (GAFTA) (Лондон қ., Ұлыбритания) сотында қаралып жатқан төрелік іске байланысты "Nedlands Overseas Inc." компаниясының атынан талап арызды қамтамасыз ету туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
  • Шетелдік төреліктің шешімін орындау және атқару парағын беру мәселесі бойынша сотта шетелдік компанияның мүддесіне өкілдік ету.
  • Берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша соттар мен төреліктерде "Торговая марка "Шосткинский гормолкомбинат" ЖАҚ (Украина) және Vermeer East Ltd. (Германия) сияқты компаниялардың мүдделерін қорғау.   
  • Сот бұйрығын шығару (бұйрықтық іс жүргізу) туралы іс бойынша сотта "3М Гешефт" ЖШС мүддесіне өкілдік ету.
  • "Глобал Холдинг" ЖШС-іне қатысты патенттік құқықтарды бұзуды тоқтату туралы талап арыз бойынша сотта Millennium Pharmaceuticals, Inc. мүддесіне өкілдік ету.
  • Әртүрлі клиенттердің сұрауы негізінде даулы жағдайлар бойынша заңдық қорытындылар дайындау және істің сот пен төрелікте шешілу перспективасын бағалау.

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00216

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Дауларды шешу және төрелік, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Жылжымайтын мүлік және құрылыс, Еңбек құқығы, АХҚО құқығы

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Құрылыс және инфрақұрылым, Жылжымайтын мүлік және девелопмент, Өнеркәсіп және өндіріс

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.