Емельянова Лариса Анатольевна

«AEQUITAS» заң фирмасы» ЖШС

  • 7 727 3 968 968
  • L.Yemelyanova@aequitas.kz

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00113

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Еңбек құқығы, Құқықтық трансформация және Legal Tech»

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Фармацевтика және денсаулық сақтау

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Өзі туралы

Бизнес құқығы, еңбек құқығы және шарттық құқық, көші-қон заңнамасы саласында маманданған.

Лариса фирма қызметінің ең белсенді үш бағыты – бизнес құқығы, еңбек құқығы және фармацевтика саласындағы жұмысты клиенттер үшін маңызды басқа бағыттармен қатар сәтті жүзеге асырады. Лариса кез келген жұмысқа жауапкершілікпен қарайды және кешенді талдау мен заңдық қорытынды дайындауды қажет ететін жобаларға өте жоғары деңгейде қатысады. Сотта, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тексеруі барысында клиенттердің мүддесіне өкілдік етудің табысты тәжірибесі бар; Қазақстанның әр түрлі қаласындағы ірі компанияларға due diligence жүргізуге қатысқан.

Қазақстанның Адвокаттар одағының Біліктілікті арттыру орталығының тренингтерінен бірнеше рет өткен және оның ISO сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторы сертификаты бар.

Білімі

  • 2010                  Bournemouth Business School International, Legal Studies курсы, Ұлыбритания
  • 2003-2005         Алматы Менеджмент Университет (бұрын – Халықаралық Бизнес академиясы), қаржы саласындағы бакалавр, Қазақстан
  • 1994-1999         Халықаралық Славян Институты, құқық бакалавры (мамандануы: коммерциялық, кәсіпкерлік және банк құқығы; "5 жыл оқудың қорытындысы бойынша Үздік студент" атағы), Ресей-Қазақстан

Жұмыс тәжірибесі

  • 2025-қ/у            "AEQUITAS" заң фирмасы – серіктес
  • 2024-2025         "AEQUITAS" заң фирмасы – кеңесші
  • 2008-2024        "AEQUITAS" заң фирмасы – аға заңгер
  • 2002-2008         Қауіпсіздік және күзет жүйелері саласындағы компаниялар тобы – заң бөлімінің бастығы
  • 1999-2002         Ірі көлік-логистикалық компаниялар – заңгер

Сертификаттар мен біліктіліктер

Салық және кеден құқығы саласындағы Ұсынылатын заңгер (The Legal 500 2026); бизнесті заңдық сүйемелдеу саласында ерекше атап өтілді (AsiaLaw 2020). Next Generation Lawyer (The Legal 500 2017, 2018).

Маңызды істер

Еңбек құқығы

Ларисаның ірі шетелдік және қазақстандық компанияларға еңбек құқығының кең ауқымды мәселелері бойынша консультация берудің көпжылдық тәжірибесі бар.

  • Еңбек саласындағы бизнесті ұйымдастыру мен қайта ұйымдастыруды құрылымдау – еңбек қатынастарын ұйымдастырудың заңнама және бизнес мүддесі тұрғысынан алғандағы ең қолайлы нұсқаларын әзірлеу.

  • Басшы және негізгі қызметкерлерді, шетелдік жұмыскерлерді жұмысқа жалдау – соның ішінде басшылармен келіссөз жүргізу, жұмысқа жалдау үшін корпоративтік және еңбек құжаттарын дайындау, консультация беру және жұмысқа жалдаудың арнайы шарттарын әзірлеу.

  • Басшы қызметкерлерді ауыстыру – басшы қызметкерлерді ауыстыру процесін ұйымдастырудағы кең тәжірибе, соның ішінде консультация беру, барлық қажетті еңбек және корпоративтік құжаттарды дайындау, сенімхат бойынша құжаттарға қол қою, басшыны ауыстыру процесін бейбіт жолмен шешу үшін кездесу мен келіссөз өткізу.

  • Күрделі жағдайда жұмыстан босату: стратегия әзірлеу, қажетті құжаттар, құқықтық қорытындылар дайындау, консультация беру, жұмыстан босатуды заңдық жағынан сүйемелдеу және қызметкерлермен келіссөз жүргізу.

  • Жалақы, еңбек және демалыс режимі: қажетті құжаттарды дайындау, консультация беру, тиесілі демалыс күндерін есептеу, жұмыс уақытының жиынтық есебінде жұмыс уақытын есептеу, оңтайлы жұмыс пішімі бойынша ұсынымар әзірлеу.

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: әртүрлі құжаттарды, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, қауіпсіздіктің әртүрлі салалары бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтарды дайындау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында due diligence жүргізу, консультация беру, конференцияда баяндама жасау.

  • Қызмекерлерді іссапарға жіберу және ұсыну: Қазақстан үшін тәуекелдер мен оңтайлы нұсқалар бойынша консультация беру, шарттарды талдау және түзету.

  • Кадрлық құжаттар: әртүрлі еңбек құжаттарының кең ауқымды тізбесін, басқасына қоса, күрделі және бейстандартты мәселелер бойынша, соның ішінде еңбек шарттарын, бұйрықтарды, ережелерді, үлгілік нысандарды және басқа да құжаттарды дайындау.

  • Жеке еңбек дауларын сотқа дейін қарау жөніндегі келісу комиссиясы: келісу комиссиясын құру және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттарды дайындау.

  • Бейбәсекелестік, оқыту және құпиялылық: бейбәсекелестік туралы шарттарды, оқыту шарттарын, құпиялылық туралы шарттар мен келісімдерді дайындау және осы мәселелер бойынша консультация беру.

  • Жұмыскерлердің жауапкершілігі (материалдық, тәртіптік және өзге де): жұмыскерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы құқықтық қорытындылар мен консультациялар дайындау, даулы жағдайларда жұмыс берушіге құжаттарды дайындау.

  • Еңбек аудиті: кешенді және мақсатты аудит жүргізу, соның ішінде іссапарға шығу және клиенттің офисінде құжаттарды зерделеу, сонымен қатар компанияларды еңбек инспекциясының тексеруіне дайындау.

  • Басшылар мен жұмыскерлерді халықаралық ауыстыру: халықаралық ауыстыру мен тағайындауды заңдық сүйемелдеу, құжаттарды дайындау, консультация беру.

  • Бейстандартты жағдайлар: компанияларға әдеттен тыс жағдайларда көмек көрсету, консультация беру және құқықтық мәселелерді іс жүзінде шешу.

    Деректерді қорғау

  • Деректерді қорғау мәселелері еңбек қатынастарында ғана емес, компаниялар қызметінің басқа салаларында да туындайды. Лариса дербес деректер мен басқа да деректерді қорғауға қатысты барлық құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді

  • Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша құжаттар пакетін, соның ішінде компанияның ішкі ережелерін, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім нысандарын, жауапты тұлғалардың тізімдерін және басқа да құжаттарды дайындау.

  • Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арнайы келісім нысандарын дайындау – жұмысқа үміткерлер, жұмыскерлер, дәрігерлер және басқа да тұлғалар үшін.

  • Әртүрлі мәселелер, соның ішінде дербес деректерді жергіліктендіру, маркетингтік бағдарламалар жүргізу кезінде дербес деректерді жинау және өңдеу, интернет-ресурстардың жұмысы және басқа да бизнес-процестер бойынша консультация беру.

  • Интернет-ресурстарда орналастыру үшін саясаттарды дайындау.

Көші-қон құқығы

  • Жұмысқа рұқсаттар және рұқсатсыз жұмыс бойынша консультация беру.
  • Көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуы үшін шетелдік жұмыскерлермен жасалатын еңбек шарттарындағы арнайы талаптарды дайындау.
  • Шетелдіктердің Қазақстанда болуы және шетелдіктердің келуі мен орын ауыстыруы туралы хабарлауға қатысты мәселелер бойынша консультация беру, осы мәселелер бойынша бірқатар жарияланым дайындау.
  • Ішкі корпоративтік ауыстыру бойынша консультация беру, ішкі корпоративтік ауыстырудың даулы мәселелері бойынша жарияланымдар дайындау.
  • Көші-қон саласындағы жауапкершілік мәселелері бойынша консультация беру.

Азаматтық құқық

Лариса әдетте азаматтық құқықтың күрделі мәселелері бойынша құқықтық қорытынды немесе құжаттар дайындауға тартылады. Ол атқарған жұмыстардың қатарында:

  • Жеткізу және сатып алу-сату (жабдық, автомобильдер, дәрілік заттар және басқа да тауарлар): шарттар мен сипаттізімдерді, соның ішінде күрделі Incoterms® талаптарымен, сондай-ақ ерекше құқықтық реттеумен жеткізу шеңберінде дайындау, контрагенттермен келіссөз жүргізу, өзара есеп айырысу бойынша ұсынымдар беру, даулы жағдайларды шешу.
  • Жылжымайтын мүлік пен жабдықты жалдау: жалдау шарттарын дайындау, жалдау шарттарын тоқтату, жалдау ақысын өзгерту үшін құжаттарды дайындау, жалға алынған үй-жайды қайта құруға байланысты талаптарды дайындау, консультация беру.
  • Мердігерлік жұмыстар мен қызметтер: әр түрлі шарттарды, соның ішінде құрылыс мердігерлігі шарттарын дайындау, шарттарды өзгерту және тоқтату үшін құжаттарды дайындау, кепілдік міндеттемелер және өзге де мәселелер бойынша консультация, құқықтық қорытындылар беру.
  • Сақтандыру: шарттарды түзету, консультация беру, сақтандыру жағдайлары бойынша құқықтық қорытындылар дайындау.
  • Мәселелердің кең ауқымы бойынша шарттар (қоймада сақтау және қызмет көрсету, қарыздар, банктік операциялар, демеушілік шарттар, консорциумдық келісімдер және басқалар).
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілік және оны шектеу: құқықтық қорытындылар дайындау, құжаттар мен тәуекелдерді бағалау, консультация беру, оңтайлы нұсқаларды таңдау, клиенттерді қорғау.
  • Күрделі құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде дауларда және халықаралық төрелікке құқықтық қорытындылар дайындау

Бизнес құқығы

  • Комплаенс: еңбекпен қамту және ресімдеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелін бағалау, консультация беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұсынымдар, шарттар үшін комплаенс-ескертпелер әзірлеу.
  • Бизнесті ұйымдастыру және қайта ұйымдастыру: ірі сауда желілері және басқа да клиенттер үшін құқықтық құрылымдау, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу бойынша ұсынымдар.
  • Бизнес тәуекелдері: талдау және болжау, тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды әзірлеу.
  • Қызмет салаларын реттеу (лицензиялау, хабарлау тәртібі, қызмет түрлеріне қойылатын талаптар): консультация беру.
  • Валюталық операциялар: валюта саласындағы талаптар бойынша консультация беру, шарттарды валюталық талаптардың сақталуы жағынан тексеру.
  • Контрагенттермен қатынастар: контрагенттермен қатынаста клиенттердің мүдделерін құқықтық қорғау, келіссөз жүргізу, дауларды реттеу, тәуекелдерді бағалау, клиенттердің контрагенттерге хаттарын және басқа да құжаттарды дайындау.
  • Құжаттаманы сақтау және жою: құжаттарды сақтау және жою мәселелері бойынша консультация беру, коммерциялық ұйымда құжаттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды ұйымдастыру үшін қажет етілетін құқықтық қорытындылар мен құжаттар пакетін дайындау.
  • Бизнес және мемлекет: мемлекеттік сатып алу, Самұрық-Қазына сатып алулары бойынша консультация беру, құқықтық қорытындыларды, шарттарды дайындау, мемлекеттік органдарға сұрау салуды дайындау және әкімшілендіру.
  • Салықтар: салық тәуекелдерін бағалау және барынша азайту, бухгалтерлік есеп мәселелері (күрделі мәселелер үшін – салық кеңесшілерімен бірге).
  • Due Diligence (құқықтық аудит).
  • Тауарларды сертификаттау және сәйкестігін растау: өнеркәсіптік өнімдерге сәйкестік сертификаттарын алудың және олардың қолданылуының әр түрлі мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындау.
  • Шығарушы елді анықтау: әр түрлі өнеркәсіптік тауарлар үшін, экспорт және ішкі мақсаттар үшін, шығарушы елді анықтау өлшемшарттары мен тәртібі бойынша құқықтық қорытындылар дайындау, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен хат жазысу.

Корпоративтік құқық

Лариса корпоративтік құқық саласындағы күрделі мәселелерді шешуге қатыстырылады. Әдетте мұндай мәселелер еңбек саласымен, сондай-ақ клиенттердің күрделі корпоративтік құжаттарын дайындаумен байланысты.

  • Басқару құрылымын оңтайландыру, соның ішінде алқалы және жекедара басқару органдарын қалыптастыру және олардың қызметі бойынша консультация беру.
  • Қатысушылардың (акционерлердің) мүдделерін қорғау бойынша консультация беру.
  • Басқару органдарының өкілеттіліктерін бөлу жүйесі күрделі жарғыларды дайындау.
  • Директорлар туралы ережелерді дайындау.
  • Корпоративтік және басқа да құжаттардағы "Қос қол қою ережесі" туралы арнайы ережелерді дайындау.
  • Әртүрлі мәселелер бойынша корпоративтік шешімдердің жобаларын дайындау.
  • Өкілдік директорлары мен басқа да басшы тұлғаларының өкілеттіктерін реттеудің корпоративтік мәселелері.
  • Компанияның басшыларына корпоративтік жауапкершілік бойынша бизнес-тренинг өткізу.

Денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика

  • Фармацевтика саласы: басқа тармақтарда көрсетілген құқықтық сүйемелдеуден бөлек:

§   коммерциялық және тендерлік саясаттар, стандартты операциялық рәсімдер;
§   дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы (соның ішінде өндіру, әкелу, кедендік рәсімдеу, рұқсат құжаттамасы, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою, нарықтан кері қайтарып алу және т.б.);
§   мемлекеттік жеткізілімдер және ұзақ мерзімді шарттар;
§   баға белгілеу;
§   таңбалау;
§   дистрибьюторлармен өзара қатынас және шарттар;
§   сыбайлас жемқорлықпен күрес және комплаенс;
§   cыйлықтар;
§   медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар (заңдық мәселелер);
§   басқа да арнайы салалық мәселелер.

Монополияға қарсы іс-тәжірибе

Монополияға қарсы мәселелер: консультация беру, құжаттардағы есеп жүргізу, монополияға қарсы органмен дауларда қорғау үшін қорытындылар дайындау.

Кеден және логистика

  • Кеден: кедендік режимдерді қолдану, уақытша әкелу, шартты түрде шығару, әкелім құжаттамасы мен жүктерге қойылатын талаптар, кедендік төлемдер мен декларациялар, кедендік тексерулер және жауапкершілік, әкелу мүмкіндігі және т.б.
  • Логистика: кеден өкілдерімен, тасымалдаушылармен, экспедиторлық және логистикалық компаниялармен кешенді шарттар, клиенттердің мүдделерін қорғау.

§   алушылардың қосалқы бөлшектерді сатып алу міндеттемесімен өтеусіз пайдалануы үшін жабдықты әкелу;
§   халықаралық шарттарды ескере отырып, жүк салынған контейнерді уақытша әкелу;
§   тарихи контекстіде және Кеден одағы заңнамасын ескере отырып, компанияның қажеттілігі үшін әкелінген тауарларды жеңілдік режимінде шартты түрде шығаруға қатысты күрделі кедендік мәселелер;
§   т/ж контейнерлерін тиеу-түсіру қызметін көрсетуде басым жағдайға ие Қазақстанның аса ірі компанияларының бірінің қызметінің мәселелері (Нидерланд сотына арналған құқықтық қорытынды);

Мүшелік мәртебесі

  • Белсенді

Тіркеу нөмірі

00113

Тіркелген күні

2019 жылғы 28 маусым

Мамандану

Корпоративтік құқық / қосылу мен жұтылу, Ақпараттық технологиялар / цифрлық құқық және деректерді қорғау, Монополияға қарсы құқық және бәсекелестік мәселелері, Еңбек құқығы, Құқықтық трансформация және Legal Tech»

Салалық сараптама

Телекоммуникациялар / медиа және технологиялар, Фармацевтика және денсаулық сақтау

Тұрғылықты жері

Алматы

Кеңес беру тілдері

Орыс, Ағылшын

Іс-шаралар қатысушысы

Мақалалар мен жарияланымдардың авторы

Алматы қаласындағы басқа қатысушылар

KazBar-ға қосылуға дайынсыз ба?

Дамыңыз, реформаларға қатысыңыз, тәжірибе алмасыңыз және мықты кеңесшілер командасының бір бөлігі болыңыз.

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.