Сулейманов Тимур Маратович
Жеке тәжірибемен шұғылданатын заңгер, KazBar Палатасының басқарма төрағасы
Ченцова Ольга Ивановна, к.ю.н.
«Aequitas» заң фирмасының басқарушы серіктесі
Елеуов Мухит Мадиярович, S.J.D.
«Kinstellar» халықаралық заң фирмасының серіктесі
Бралина Айгерим Жалеловна
Еуразиялық делдалдық талқылау орталығының Халықаралық коммерциялық төрелік сотының (ICAC) төрайымы, Қазақстанның Төрелік Палатасының Құрылтайшысы және Басқарма Мүшесі; Ұлыбританияның Корольдік Төрешілер Институтының Мүшесі
Гусман Тлек
«Grata» халықаралық заң фирмасының аға серіктесі, ҚР ҰКП жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің Төрағасы
Батурин Максим Викторович
«ССКӨБ» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі – Заң қызметінің бастығы, Еуразиялық Топ
Кассильгов Равиль Александрович
Tukulov Kassilgov Shaikenov Disputes заң фирмасының серіктесі, LLM in International Commercial Law (University of Nottingham)
Палата Басқармасының құзыреті туралы толық ақпарат бапта көрсетілген. Палата Жарғының 9:
СТАТЬЯ 9. 9-БАП. БАСҚАРМА
9.1. Басқарма Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Палатаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету өкілеттігін жүзеге асыратын Палатаның тұрақты әрекет етуші алқалы басқару органы болып табылады. Басқарма кем дегенде 7 (жеті) адам құрамында құрылады.
9.1.1. Басқарма құрамының сайланған мерзімінде алқалы басқару органының ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін Басқарма өзінің құрамынан Басқарма Төрағасын сайлайды.
9.2. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050051, Медеу ауданы, Достық даңғылы 202, «Форум-Достық» бизнес орталығы, 5-қабат, 509-офис.
9.3. Басқарма мүшелері өзінің қызметін Палатадан қандай да бір материалдық сыйақы алмастан жүзеге асырады.
9.4. Басқарма келесі мәселелер бойынша құзыретті:
9.4.1. Палата Төрағасының қызметіне тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдау;
9.4.2. Палатаның жұмыс бағдарламалары мен жоспарларын қарау және бекіту;
9.4.3. Жалпы жиналысқа Басқарма құрамына сайлауға үміткерлерді, сондай-ақ Палатаның Төрағасы лауазымына сайлауға үміткерді/үміткерлерді ұсыну;
9.4.4. Жалпы жиналысты шақыру туралы шешім қабылдау және Жалпы жиналыстың күн тәртібін мақұлдау;
9.4.5. Жалпы жиналыс және Байқаушы кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
9.4.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Палатаның Жарғысында көзделген негіздер бойынша Палатаға мүше/қауымдасқан мүше етіп қабылдау немесе Палата мүшелерінен/қауымдасқан мүшелерінен шығару туралы шешім қабылдау.
9.4.7. Палата мүшесінің Тәртіптік комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне шағымын қарау;
9.4.8. Кәсіптік әдеп кодексінің және кәсіптік мінез-құлық қағидаларының жобасын әзірлеу және Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының бекітуіне ұсыну;
9.4.9. Палата Төрағасының ұсынысы бойынша Палатаның құрметті мүшесі етіп қабылдау;
9.4.10. Палата мүшелерінің Біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
9.4.11. Палатаның ішкі актілері мен құжаттарын бекіту;
9.4.12. Палатаның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
9.4.13. Палатаның ағымдағы міндеттерін анықтау;
9.4.14. Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататындарды қоспағанда, Палатаның мамандандырылған комитеттерін, комиссияларын, жұмыс топтарын және басқа құрылымдарын бекіту;
9.4.15. Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататындарды қоспағанда, Палатаның мамандандырылған комитеттері, комиссиялары және басқа құрылымдары туралы ережелерді бекіту;
9.4.16. мамандандырылған комитеттердің, комиссиялардың, соның ішінде Аттестациялық комиссияның, Тәртіптік комиссияның, Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Ревизиялық комиссияның төрағаларын тағайындау;
9.4.17. Палата мүшелігіне үміткерлерді аттестаттауды өткізу үшін тест сұрақтарын бекіту;
9.4.18. Палатаның офистерін ашу туралы шешім қабылдау;
9.4.19. Палата таратылған жағдайда, Жалпы жиналыстың тағайындауы мен бекітуі үшін тарату комиссиясын құру тәртібін және оның құрамын анықтау;
9.4.20. Палатаның бейнелемесін бекіту;
9.4.21. осы Жарғының ережелерін, Палата қызметінің негізгі бағыттарын және Палатаның өзге басшылық құжаттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
9.4.22. Палата қызметкерлерінің штатын, еңбекақы төлеу шарттарын анықтау;
9.4.23. Палатаның, оның органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мәселесі бойынша Палата мүшелерінің өтініштерін, сондай-ақ оларды қарау қорытындыларын қарау;
9.4.24. Палатаның мүлкін басқару;
9.4.25. Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын мәселелерден басқа, Палата қызметінің өзге мәселелері бойынша шешім қабылдау.
9.5. Басқарма мүшелері Жалпы жиналыстың шешімімен Палата мүшелерінің ішінен 3 (үш) жыл мерзімге сайланады. Басқарма құрамына сайланған Палатаның мүшелері қатарынан екі реттен артық қайта сайлана алмайды.