2022 жылғы 14 наурыз
Құрметті Палата мүшелері!
Құрметті әріптестер!
Осымен барлықтарыңызға Палата мүшелерінің жыл сайынғы Жалпы жиналысының жұмысына белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Палата мүшелерінің 414 мүшесінің 275-і тіркелді және оған тікелей қатысты, бұл біздің ұйым мүшелерінің жалпы санының 66,43%-ын құрады. Жарғының 8.32-тармағында қамтылған ереже бойынша Жалпы жиналыс өткізу үшін Палата мүшелерінің жалпы санының дауыстарының кемінде жартысы плюс 1 дауыс кворум болуы талап етіледі. Осылайша, 2022 жылғы 25 ақпанда өткен жиналыста қабылданған барлық шешімдер заңды болып табылады және заңнама талаптарына, Жарғының және Палатаның басқа да ішкі актілерінің нормаларына сәйкес келеді. Әрине, Палатаның басқару органдары Жалпы жиналысты шақырған сайын ұйымның мүшелері кеңірек қатысады және Палатаның жоғары басқару органы – Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті және маңызды шешімдерді қабылдауға қатысады деп үміттенеді. Палата мүшелері алдағы уақытта өз ұйымының қызметінде көбірек белсенділік танытады деп сенеміз.
Бұрын хабарланғандай, Жалпы жиналыстың күн тәртібіне 15 мәселе қойылып, осы мәселелердің барлығы бойынша оң шешімдер қабылданды, бұл Палатаның басқару органдарына өз қызметін ұйымның міндеттері мен жарғылық мақсаттары шеңберінде жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Мені екінші және соңғы үш жыл мерзімге Палатаның Төрағасы (Атқарушы орган) етіп сайлағандарыңыз үшін баршаңызға ерекше алғыс айтқым келеді. Менің білімім, жинаған практикалық тәжірибем мен басқару дағдыларым осы үш жылда Палатаны қазіргі уақытта басқару қызметімді табысты жүзеге асыруыма мүмкіндік беретініне сенімдімін. Есеп комиссиясының хаттамасы бойынша мен Жалпы жиналыстың жұмысына қатысқан біздің ұйым мүшелерінің 266 дауысымен Палатаның Төрағасы болып сайландым, 4 дауыс қарсы берілді және 5 дауыс қалыс қалды. Естеріңізде болса, менің баламалы негізде сайланғым
келді, сондықтан Жалпы жиналыс өткізілгенге дейін көп уақыт бұрын Палатаның сайты және электрондық поштасы арқылы барлықтарыңызға Палата Төрағасы лауазымына сайлауға баламалы кандидатуралар ұсыну туралы өтініш жасадым, осы орайда бұл қызметке өз кандидатурамды ұсынғанымды хабарладым және Басқарма өзімді-өзім ұсынуымды қолдады. Өкінішке орай, Жалпы жиналыс басталатын кезге бұл лауазымға бір кандидат болмады. Үш жылдан кейін Сіздердің алдарыңызға Палатаның жаңа Төрағасын сайлау мәселесі қойылады, өйткені Жарғыға сәйкес мен үшінші мерзімге үміткер бола алмаймын.
Өздеріңіз білетіндей, «Kazakhstan Bar Association» Палатасы – Қазақстандағы ең ірі кәсіби, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірі және Халықаралық заңгерлер ұйымының (IBA) мүшесі болып табылатын жалғыз Палата. Біздің ұйымның заңгерлер қоғамдастығында орнықты жағымды беделі бар, біздің өкілдер басқа ұйымдар мен мекемелердің, соның ішінде мемлекеттік ұйымдардың түрлі жұмыс істейтін
консультативтік-кеңесші органдарының мүшелері болып табылады, бұл біздің Палатамыздың мойындағанын және даусыз беделге ие екенін көрсетеді.
Дегенмен, өткен жылда заңгерлер қоғамдастығында да, біздің Палата мүшелері қатысқан өзіміздің кәсіби ұйымның ішінде де жанжал болды, атап айтқанда бұл: сотта өкілдік ету мәселелері бойынша әріптестеріміз енгізген ұсыныстарды талқылау кезінде; заң консультанттары палаталарының көптігі және заңгерлерің біртұтас кәсіби ұйымын құру мүмкіндігі мәселелері бойынша; ҚР АІК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды талқылау кезінде; заңгерлердің этикалық ережелері мәселесіне орай; заңды күшіне енбеген сот актілерін БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау және сынау мүмкіндігі мәселелері бойынша болды. Негізінде, бұл мәселелердің барлығын талқылау өте қажет және бұл заңдылық, ал бұған біздің Палата өкілдерінің қатысуы орынды және қажет. Алайда, бірқатар мәселелерді талқылау кезінде, өкінішке орай, пікірталас процесі кәсіби және іскерлік әдеп нормаларының шегінен шығып, іс жүзінде заңгерлер қоғамдастығын бітімге келмейтін екі жікке бөлді, ал бұл дұрыс жағдай емес. Бірақ қазірдің өзінде бұл тарих қойнауына кетті, ал кәсіби өмір жалғасуда, сондықтан барлық жағымды және жағымсыз нәрседе барлығымыз жасампаздық бастауынан сусындап, бүлдіретін әрекет жасамауымыз керек. Әрқайсымыз, ең әуелі, өзінің мамандығы, оны дұрыс дамыту институттары туралы, бәріміз мүше болып табылатын Палатаның беделі туралы ойлауымыз керек. Әлбетте, әдептілік ережесі шеңберінде және жалғыз өзінің ойын ғана ақиқат деп есептемей белсенділік таныту, пікір алуандығы және пікір таластыру құпталады. Барлық даулы мәселелер жасампаздықпен, сындарлы және кәсіби
деңгейде талқыланып, ешкімнің жеке басын қорлауға, мысқылға, кемсітуге, т.б. жол бермеу керек. Сонда ғана біз дұрыс әрі кәсіби түрде дами аламыз.
Осыған орай, «Kazakhstan Bar Association» Палатасы заң көмегін көрсету қызметін реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Палатаның ережелері мен стандарттарын сақтауы жағынан олардың қызметін бақылау, сондай-ақ біздің ұйымның Жарғысында көзделген мақсаттарға жету үшін құрылғанын естеріңізге салғым келеді. Бұл ереже Палатаның мүшелері үшін де, басқару органдары үшін де басты және негізгі ереже болып табылады. Біз бұдан басқа шұғылданатын барлық нәрсе, мысалы: заң шығару процесіне қатысу; басқа кәсіби ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық жасау және өзара әрекеттесу; заңгер мамандығы мен заңгерлік қызмет нарығын дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша пікірталасқа қатысу; әлеуметтік желілерге қатысу және қызметіміздің басқа түрлері Палатаның беделі мен имиджіне жағымсыз әсер етпеуі керек. Баршамыздың біздің ұйымның дұрыс және мақсатты дамуына мүдделі болғанымыз жөн.
Әділдік пен объективтілік болу үшін айта кетеніні, өкінішке орай, өткен жылы Палатаның кейбір мүшелері әр түрлі қабылдаған оқиғалар мен пікірталас орын алып, басқару органдарының мүшелері мен
мамандандырылған органдардың мүшелерінің арасында талас-тартыс, Палаталардың беделіне анық жағымсыз әсер ететін басқа да құбылыстар болды. Осындай жағдай мен талқылау тарих қойнауында қалып, барлығымыз өзіміздің кәсібіміз бен Палатаның гүлденуі үшін дұрыс қорытынды шығарамыз деп үміттенемін.
Менің тарапымнан қалыпты және дұрыс басқару процестеріне сәйкес келе бермейтін әрекеттер болды деп айтуым керек. Менің бұл әрекеттерім менің құзыретіме, Атқарушы орган ретіндегі құқықтарыма қатысты пікірталас пен дау туғызды. Мысал ретінде жақында ҚР жаңа Әділет министрінің атына жазған менің хатымды келтіруге болады, онда, атап айтқанда, заң консультанттары палаталарының көптігі
институтының негізсіздігі, Республикалық адвокаттар алқасына (РАА) ұқсас заң консультанттарының өзін-өзі реттейтін бірыңғай кәсіби ұйымын құруға болатыны және болашақта заң консультанттары палаталарын РАА-мен біріктіру мүмкіндігі туралы ой айтылды. Бұл менің жеке ұстанымым және Палатаның кейбір мүшелерінің позициясы еді және оны Басқарма да білді, бірақ мен бұл хатты алқалы басқару органының мақұлдауынсыз жібердім, өйткені олар менің өтінішіме жауап бермеген соң, мұндай ұстанымға қарсы емес деп ойладым. Кейіннен бұл хатым пен заң консультанттар палаталары институтына қатысты жоғарыда айтылған позиция Палатаның кейбір мүшелері мен мамандандырылған орган басшыларының тарапынан сынға ұшырады. Мен бұл сынды қабылдаймын және биылғы жылы біздің ұйымның ортақ ұстанымын әзірлеу мақсатында Палата мүшелерінің осынау маңызды мәселелердің барлығын талқылауы үшін әр түрлі кеңістікте бірқатар іс-шара өткізуді жоспарладым. Қателіктен сабақ ал, ал сабақ алу ешқашан кеш емес, дейді халық даналығы…
Жолдауымды қорытындылай келе, «Kazakhstan Bar Association» Палатасының барлық мүшелерінен, басқару органдарының мүшелерінен, Палатаның мамандандырылған органдарының басшыларынан кәсібіміздің және өзімізді-өзі реттейтін ұйымымыздың дамуы үшін жасампаздық, өзара түсіністік, белсенділік танытуын сұраймын. Барлық дау мен келіспеушілік пікірталас барысында кәсіби және іскерлік этика нормалары шеңберінде, өзара түсіністік пен бір-бірін құрметтеу негізінде шешілуге тиіс.