canlı casino siteleri online casino rottbet giriş rott bet güncel giriş
«Kazakhstan Bar Association»
Заң консультанттары
палатасының
Жалпы жиналысы
«БЕКІТТІ»
2023 жылғы «24» ақпан
«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары
палатасының
ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМДЫҚТЫ БАҒЫТТАРЫ
____________________________________________________________
«Kazakhstan Bar Association» заң
консультанттары палатасы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде:
– заң қызметін өзін-өзі реттеуі
саласындағы мемлекеттік саясатта белгіленген басымдықтарды іске асыру
қажеттілігін;
– азаматтардың білікті заң көмегіне
конституциялық құқығын іске асыруына жәрдемдесу қажеттілігін;
– заң қызметі нарығы субъектілерінің
кәсіби басымдықтарының ортақтығын;
– заң консультанттарының елде құқық,
заңдылық және құқықтық тәртіптің үстемдігі қағидаттарын бекітуге қатысу
қажеттілігін;
– заң мамандығының беделін көтеру
қажеттілігін;
– заң көмегі мен сот өкілдігінің
сапасын арттыру қажеттілігін;
– заң консультантының кәсіби
қызметінің шынайы тәуелсіздігін бекіту қажеттілігін;
– заңгерлер қоғамдастығының барлық
мүшелері үшін бірыңғай қағидаларды, стандарттарды және әдеп нормаларын әзірлеу
және күшіне енгізу жағынан заңгерлердің өзін-өзі реттейтін басқа кәсіби
ұйымдарымен өзара әрекеттесу қажеттілігін;
– болашақта заң қызметі нарығының
барлық субъектілерінің өзін-өзі реттейтін бір кәсіби ұйымға бірігуі
қажеттілігін;
– реттеушімен және басқа да
мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен сындарлы ынтымақтастық құру
қажеттілігін;
– заңгерлердің өзін-өзі реттейтін
кәсіби ұйымына міндетті мүшелік арқылы «мамандыққа қол жеткізу» қағидатын
енгізу қажеттілігін;
– кешенді әлеуметтік заң көмегі және
Pro Bono шеңберінде заң консультанттарының кәсіби қызметін кеңейту қажеттілігін;
– заң консультанттары палаталарын
кәсіби және коммерциялық емес ұйымдарға біріктірудің қалыптасқан тәжірибесін
ескере отырып,
ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЛЕСІ БАСЫМДЫҚТЫ
БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙДЫ:
1.
Азаматтарға, шаруашылық субъектiлерi мен ұйымдарға
заңдылық, әдiлдiк, адал ниеттілік, адалдық және жоғары әдептілік нормаларын
сақтау қағидаттарының негізінде заң көмегін көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасындағы заң консультанттарын біріктіру.
2.
Заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн оларға бiлiктi заң көмегiн
көрсетуiне жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының, Палатаның
Жарғысының, Кәсіби әдеп кодексінің, заң көмегін көрсету стандарттары мен қағидаларының
негізінде және заң қызметінің сапа өлшемшарттарын қатаң сақтай отырып азаматтар
мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн іске асыруына
жәрдемдесу.
3.
Заң консультанттарының кез келген сыртқы немесе ішкі
(корпоративтік) ықпалдан тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
4.
Заң консультанттары жеке және заңды тұлғаларға көрсететін
заң қызметтерінің сапасын бақылау.
5.
Заң көмегін көрсету саласында заң консультанттарының таза
және адал бәсекелестігін дамытуға жәрдемдесу.
6.
Заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін
сақтандыруға жәрдемдесу.
7.
Палатаны алқалы басқару және Палата мен заң
консультанттарының қызметіне қатысты барлық түбегейлі мәселелер бойынша
консенсусқа қол жеткізу жолымен шешім қабылдау қағидатын қамтамасыз ету.
8.
Заң консультанттарының біліктілігін арттыруды
ұйымдастыруға жәрдемдесу.
9.
Заң консультанттарының заңды қызметін қамтамасыз ететін
ішкі қағидалар мен кәсіби мінез-құлық стандарттарын, сондай-ақ әдептілік
нормаларын әзірлеу.
10.
Заң консультанттарының міндетті кешенді әлеуметтік заң
көмегін және Pro Bono көрсетуіне жәрдемдесу.
11.
Палатаның мемлекеттік, квазимемлекеттік органдармен,
қоғамдық және кәсіптік бірлестіктермен, заңгерлердің шетелдік кәсіби
ұйымдарымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
12.
Заңгерлік нарықтың ашық және бәсекеге қабілетті түрде
дамуын қамтамасыз ету мақсатында басқа Заң консультанттары палаталарымен
ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
13.
Заң шығарушылық қызметке, құқық қолдану тәжірибесін,
соның ішінде сот тәжірибесін жалпылауға және талдауға қатысу.
14.
Заң консультанттары кәсіби қызметін жүзеге асырған кезде
оларға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.
15.
Заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру.