canlı casino siteleri online casino rottbet giriş rott bet güncel giriş
Палата келесі функцияларды орындайды
Кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілеу
Палата мүшелігіне қабылдау тәртібі мен шарттарын анықтау
Уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілеу және Палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз ету
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің көлемі мен тәртібін белгілеу
Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету
Палатаның мүшелерін ақпараттық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделеріне өкілдік ету
Палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылау
Қазақстан Республикасы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Палатаның мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау
Заң оқу орындары түлектерінің кәсіптік тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға жәрдемдесу
Тәжірибені қорыту және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу
Палата мүшелерінің Тізілімін жүргізу
Конкурстар, семинарлар, білім беру іс-шаралары мен қызметтерін, дәрістер мен конференциялар, көрмелер, презентацияларды ұйымдастыру
Палата мүшелерінің жолданымдарын, өтінімдерін, шағымдарын, сондай-ақ заң қызметтерін тұтынушылардың, сот және уәкілетті мемлекеттік органдардың, соның ішінде шетелдік органдардың, Палатаның мүшелеріне қатысты шағымдары мен жолданымдарын қарау
Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәртібіне қосымша талаптарды әзірлеу және Палата мүшелерінің оларды сақтауын бақылау
Палатаның мүшелері заң көмегін көрсеткен (заң қызметтерін көрсеткен) заңды және жеке тұлғалардың алдындағы мүліктік жауапкершілік шараларын кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жолымен қамтамасыз ету
Палатаға мүше болып кіретін тұлғаларды аттестаттауды жүргізу
Қазақстан Республикасында заңгер мамандығының беделін арттыруға, заңдардың және кәсіби әдеп нормаларының мүлтіксіз сақталуына септігін тигізу
Заңгерлердің арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, заң ғылымының, білім беру мен тәжірибе саласы өкілдерінің арасындағы байланыстың нығаюына септігін тигізу
Кең заңгерлер қауымын құқықтық, гуманитарлық және өзге жобалар мен бағдарламаларға қатысуға жұмылдыру
Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Жарғыда және Палатаның басқа ішкі актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру
Жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында құпиялық туралы талаптарды ескере отырып палата мүшелері ұсынған деректердің негізінде өткен кезеңде палата мүшелері көрсеткен заң қызметтерінің қалыптасқан орташа құны туралы жиынтық-талдамалы ақпараттың осы ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап орналастырылуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен спецификасын ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту
Өз құзыреті шегінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау бойынша заң консультанттарының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану тәжірибесін жалпылау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзіп, жыл сайын қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда және мерзiмде қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға осындай ақпаратты ұсыну