Байқаушы кеңес
Байқаушы кеңес – Палатаның стратегиялық даму бағыттарын әзірлеуге қатысатын Палатаның консультативтік-кеңесші органы. Байқаушы кеңес кем дегенде 17 адам құрамында құрылады. Байқаушы кеңес Жалпы жиналыс бекітетін Ереженің негізінде құрылады және әрекет етеді. Байқаушы кеңестің мүшелерін Палата мүшелерінің Жалпы жиналысы Басқарманың ұсынысы бойынша сайлайды. Жұртшылықпен байланыс жасау, білім, ғылым мекемелерімен, халықаралық және басқа да бейіндік ұйымдармен ынтымақтастық құру мақсатында Байқаушы кеңеске келісім бойынша Палатаның мүшелері болып табылмайтын тұлғалар Байқаушы кеңестің тәуелсіз мүшелері ретінде сайлануы мүмкін.
Байқаушы кеңес туралы ереженің 4.2-тармақшасы бойынша, Палатаның Байқаушы кеңесінің құзыретіне Палата мүшелерінің Жалпы жиналысының, Палата Басқармасының, Палата Төрағасының және басқару бақылау органының (тексеру комиссиясының, ревизордың) құзыретіне жатпайтын мәселелерді шешу жатады:
— Палата мүшелерінің қызметін талдау, мемлекеттік билік органдарымен, халықаралық және басқа да бейінді ұйымдармен, жұмыс берушілермен және заң қызметтерін алатын клиенттермен қарым-қатынас, заң консультанттарының кәсіби және әдеп деңгейін арттыру мақсатында оларды кеңінен насихаттау тұрғысындағы озық тәжірибені зерделеу;
— заң қызметін көрсету саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құжаттарды қоғамдық талқылауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
— Палата мүшелерінің өздерінің кәсіби қызметін атқару барысында сапасы мен құқықтық мәдениетін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тиімді және конструктивтік диалогты қамтамасыз ету үшін Палата мүшелерінің, қоғамдық және басқа да ұйымдардың, іскер топтар өкілдерінің, басқа да кәсіби ұйымдардың мүдделерін біріктіру;
— атқарушы билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және өзара іс-қимыл жасау үшін ашық ақпараттық кеңістік құруға жәрдемдесу, Палатаның қызметі туралы тұрақты және жедел ақпарат беруді қамтамасыз ету;
— Палатаның қызметін жақсартуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Палатаның Жарғысына және осы Ережеге сәйкес өзге де мәселелерді қарау.