«Kazakhstan Bar Association» заң консультанттар палатасына (бұдан әрі – «KazBar Палатасы») қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!
KazBar Палатасына ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңында және KazBar Палатасының Жарғысында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кез келген заң консультанты кіре алады.
KazBar Палатасы Жарғысының 4.2-тармағына сәйкес, Палата мүшесі болып Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы келесі біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданады:
Егер Сіз жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсеңіз, KazBar Палатасының мүшесі бола аласыз.
KazBar Палатасына мүшелікке қабылдану үшін төмендегі талаптарды орындауыңыз қажет:
1. Келесі құжаттарды ұсыну:
*бұл құжатты Сіз төменде көрсетілген аттестаттау тәртібіне сәйкес тестілеуден сәтті өткеннен кейін аласыз. Аталған қорытынды KazBar Палатасына мүшелікке қабылдау үшін ұсынылатын құжаттар топтамасының құрамына енгізіледі.
Заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растау.
Заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растау үшін еңбек кітапшасының сканерленген көшірмесін ұсыну қажет.
Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда еңбек қызметін растайтын негізгі құжаттардың сканерленген көшірмелері ұсынылады, атап айтқанда:
Назар аударыңыз:
Жұмыс берушінің анықтамалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (БЖЗҚ) берген үзінді көшірмелер және өзге де ұқсас құжаттар тек қосымша растайтын құжаттар ретінде қарастырылады және негізгі еңбек құжаттарын алмастырмайды.
Сондай-ақ заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін сенімді түрде растайтын өзге де ресми құжаттарды ұсынуға жол беріледі