КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
Құрметті KazBar Палатасының мүшелері,
Заңның 77-бабының 1-тармағы бойынша: «Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес». Сондай-ақ Заңның 92-бабының 4-тармағының 3 тармақшасы бойынша, Заң консультанттары палатасы мүшелерінің Тізілімінде заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер қамтылады.
Осыған байланысты, Сізден осы ақпаратты Сақтандыру жөніндегі бірыңғай тізілімге енгізу үшін сақтандыру шартын ұсынуыңызды сұраймыз.
Сақтандыру компаниясын таңдау құқығы өзіңізде қалатыны сөзсіз. Сонымен қатар мына төмендегі сақтандыру бойынша ұсыныстарды қарастыруыңызға болады.
1. Nomad Insurance
Есетов Тимур
ЕМС МСЖ және ЖО бөлімінің бастығы
ҚР, Алматы қаласы, 050012
Төле би көшесі, 101, «Төле Би» БО
тел.: +7 (727) 3 212 000, ішкі 1113
mob.: +7 (775) 26 111 55
e-mail: e.timur@icn.kz
2. Centras Insurance
Серіктестік қатынастарды дамыту департаменті
«Verum» БО, Мыңбаев көшесі, 151, Алматы қаласы, A15M3X5
Қазақстан Республикасы
Тел.: (727) 330 76 99 (ішкі 2320)
Моб. (WhatsApp): +7 701 991 0957 (Жания, Анастасия), +7 777 511 1593 (Вероника)
CENTRAS INSURANCE КОМПАНИЯСЫНАН ЖАҢАЛЫҚ!
Құрметті заң консультанттары!
Биылғы жылдан бастап Сіздерде https://kupipolis.kz/ru/prof-responsibility?ref=drpo сілтемесі бойынша онлайн режимінде заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарттарын жасасыуға мүмкіндік бар.
Сақтандыру шартын жасасу үшін:
1. жеке куәлік
2. ЭЦҚ кілті (қол қою үшін)
3. кез келген банктің банктік картасы (интернетте төлем жасауға рұқсаты бар) болуы қажет.
Сақтандыру шартын жасасу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Заң консультанты:
интернет-ресурс беттеріндегі міндетті өрістерге қажетті деректерді енгізеді → электрондық ЭЦҚ көмегімен қол қояды → сақтандыру сыйлықақысын төлейді.
2. Сақтандыру компаниясы:
шартқа ЭЦҚ көмегімен қол қояды (жұмыс уақытында) → тараптар қол қойған шартты заң консультанты көрсеткен электрондық пошта адресіне жібереді.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына байланыс деректері бойынша бізбен хабарласуларыңызға болады:
Тел.: (727) 330 76 99 (ішкі 2316, 2320)
Моб., WhatsApp: + 7 708 234 4650 (қазақша, орысша), +7 777 5111593 (орысша)
* Бұл біздің ұсыным ғана екенін назарға алуыңызды сұраймыз. Заң консультанты сақтандыру компаниясын өзі таңдауға құқылы.
Осыған орай, Шарт жасалғаннан кейін дереу бізге lawyer@kazbar.org.kz e-mail арқылы оның мына деректемелерін хабарлауыңызды сұраймыз:
Шартты уақтылы жасасып, жоғарыда көрсетілген деректемелерге жіберуіңізді сұраймыз!
Құрметпен,
Айгерим Джалдыбаева.
KazBar Палатасының Атқарушы директоры