2022 ЖЫЛҒЫ 25 АҚПАНДА ӨТКІЗІЛГЕН «KAZAKHSTAN BAR ASSOCIATION» ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

10.03.2022

Құрметті KazBar Палатасының мүшелері, әріптестер!

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылғы 25 ақпанда KazBar Палатасы «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттар палатасы (бұдан әрі – «KazBar Палатасы») мүшелерінің кезекті жыл сайынғы Жалпы жиналысы (бұдан әрі – «Жиналыс») Intercontinental Almaty мейманханасында көзбе-көз (оффлайн) және Zoom платформасында қатысу арқылы, сондай-ақ электрондық бюллетень толтыру арқылы дауыс беру жолымен сырттай (онлайн) нысанда өтті. Палатаның 414 мүшесінің ішінде KazBar Палатасының 275 мүшесі тіркелді. Осылайша, Жиналысқа қатысу үшін KazBar Палатасы мүшелерінің жалпы санының 66,43 %-ы тіркелді, бұл KazBar Палатасының Жиналысында қажетті кворумының бар екенін белгілеуге мүмкіндік берді.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіне 15 мәселе енгізіліп, оны Жалпы жиналысқа қатысушылар қарады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Есеп комиссиясының Хаттамасына сәйкес күн тәртібіндегі барлық 15 мәселе бойынша оң шешімдер қабылданды, атап айтқанда:
1.         Палатаның басқару органдарының қызметі туралы Палата Төрағасының есебі бекітілді;
2.         Палатаның қаржылық қызметі туралы есеп бекітілді;
3.         Ревизиялық комиссияның Есебі бекітілді;
4.         Аттестаттау комиссиясының Есебі бекітілді;
5.         Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссияның Есебі бекітілді;
6.         Комплаенс жөніндегі комиссияның Есебі бекітілді;
7.         Соттар және төрелік жөніндегі комитеттің Есебі бекітілді;
8.         Заң білімі жөніндегі комитеттің Есебі бекітілді;
9.         Палатаның Төрағасы болып үш жыл мерзімге Елюбаев Жумагельды Сакенович сайланды;
10.       Басқарманың жаңа құрамы сайланды;
11.       Байқаушы кеңестің жаңа құрамы сайланды;
12.       Аттестаттау комиссиясына бір кандидат қосымша сайланды;
13.       KazBar Палатасының жаңа ішкі актілері қабылданып, ішкі актілерінің – Жарғының, Аттестаттау комиссиясы туралы ереже, Ревизиялық комиссия туралы ереженің, Палатаға мүшелікті тоқтата тұру және қайта бастау жөніндегі нұсқаулықтың, Палата мүшелерінің қызметін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу туралы ереженің жаңа редакциялары бекітілді;
14.       Мүшелік жарнаның жаңа мөлшері бекітілді – 60 000 (алпыс мың) теңге;
15.       Жылдық бюджет бекітілді (2022 жылға арналған)
 
Жалпы жиналысқа қатысушылардың дауыс саны келесідей бөлінді:
 

Күн тәртібі мәселесі Ия Қарсы Қалыс қалу Жалпы дауыстар Қабылданды/ қабылданбады  
1. Палата Төрағасының палатаның басқару органдарының қызметі туралы есебі 252 0 14 266 Қабылданды  
2. Палатаның қаржылық қызметі туралы есеп 249 0 17 266 Қабылданды  
3. Тексеру комиссиясының есебі 247 0 19 266 Қабылданды  
4. Аттестаттау комиссиясының есебі 252 0 14 266 Қабылданды  
5. Палата мүшелерінің қызметін бақылау жөніндегі комиссияның есебі 251 0 15 266 Қабылданды  
6. Комплаенс жөніндегі комиссияның есебі 250 0 16
 
266 Қабылданды  
7. Соттар және төрелік комитетінің есебі 252 2 12 266 Қабылданды  
8. Заңгерлік білім Комитетінің есебі 246 3 17 266 Қабылданды  
9. Палата Төрағасын Сайлау 257 4 5 266 Қабылданды  
10. Палата Басқармасын Сайлау 246 2 18 266 Қабылданды  
11. Бақылау Кеңесін Сайлау 251 0 15 266 Қабылданды  
12. Аттестаттау комиссиясына бір кандидатты сайлау 252 0 14 266 Қабылданды  
13. Жаңа ішкі актілерді қабылдау, палатаның қолданыстағы ішкі актілеріне өзгеріс енгізу            
  1)Жарғыға өзгерістер енгізу 234 1 31 266 Қабылданды  
  2)Аттестаттау комиссиясы туралы ережені бекіту 242 1 23 266 Қабылданды  
  3) Тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту 248 1 17 266 Қабылданды  
  4) палатаға мүшелікті тоқтата тұру және қайта бастау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту 234 2 30 266 Қабылданды  
  5) Палата мүшелерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы ереже 225 3 38 266 Қабылданды  
  14. Мүшелік жарнаның мөлшерін бекіту - 60,000 (алпыс мың) теңге 252 3 11 266 Қабылданды
  15. Жылдық бюджетті бекіту (2022 жылға) 248 2 16 266 Қабылданды

KazBar палатасының басқармасы мен атқарушы органы жалпы жиналыс жұмысына белсенді қатысқан KazBar палатасының барлық мүшелеріне және жыл сайынғы жиналысымыздың күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша дауыс беру кезінде жауапты көзқарасы үшін шын жүректен алғыс білдіреді!

© 2026 KazBar | Барлық құқықтар қорғалған

«Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттарының палатасы 2012 жылғы 4 шілдеде өткен құрылтай жиналысында оның бастамашылары қабылдаған шешім негізінде құрылған. Осылайша, Қазақстан заңгерлерінің кәсіби бірлестігін құру идеясы алғаш рет жүзеге асырылды.